Компьютерлік желілер: анықтама, жіктелуі және негізгі түрлері


Slide 1

Компьютерлік желілер

Коммуникациялық технологиялар

Slide 2

Компьютерлік желі

Компьютерлік желі дегеніміз - әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарын қолданбай-ақ, компьютерлер арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін компьютерлер мен басқа да құрылғылардың жиынтығы.

Компьютерлік желілер пайдаланушылардың жылдам ақпарат алмасуын қамтамасыз етумен қатар, принтерлер мен басқа да қосымша құрылғыларды біріге пайдалануға, бір мезгілде бірнеше адамның бір құжатпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Slide 3

Компьютерлік желілердің классификациясы

Компьютерлік желілерді мынадай қасиеттері бойынша сипаттауға болады:

Территориалдық таралымы;

Ведомстволық тиістілік;

Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы;

Тасымалдау ортасы;

Slide 4

Компьютерлік желілердің классификациясы

Территориалдық таралымы бойынша

Slide 5

Компьютерлік желілердің классификациясы

Тиістілігі бойынша

Slide 6

Компьютерлік желілердің классификациясы

Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы бойынша

Slide 7

Компьютерлік желілердің классификациясы

Тасымалдау ортасы бойынша

Slide 8

Жергілікті желі

Жергілікті желі бір бөлмеде (мысалы 8-12 компьютерден тұратын мектептің компьютерлік класы) немесе бір ғимаратта (мысалға, мектеп ғимаратының әр түрлі кабинетінде орналасқан ондаған компьютерлер жергілікті желі арқылы өзара байланысып тұрады) орналасқан компьютерлерді өзара байланыстырады.

Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен (желілік адаптер) жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады.

Slide 9

Желі топологиясы

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.

шина

жұлдыз

сақина

Slide 10

Аймақтық компьютерлік желілер

Жергілікті желі бір-бірінен қашықта орналасқан компьютерлерді (мысалға бір қаланың екі шетінде орналасқан мекемелердің компьютерлерін) байланыстыра алмайды. Бір қала мен ауданда немесе бір мемлекетте орналасқан мекемелердің компьютерлерін өзара біріктіру үшін аймақтық желілер құрылады.

Slide 11

Корпоративті компьютерлік желілер

Көптеген ірі мекемелер өз желісінде орналасқан ақпаратты бөгде адамдардың қол сұғуынан сақтау үшін осы мекемеге тиесілі өз желісін, яғни корпоративті желіні құрады. Корпоративті желіге банк мекемелері мен олардың филиалдарын, әскери ұйымдарды, сақтандыру компаниялары т. б. ұйымдардың компьютерлерін біріктіретін желілерді жатқызуға болады. Корпоративті желі әр түрлі қала немесе мемлекетте орналасқан мыңдаған, тіпті он мыңдаған компьютерлерді біріктіре алады (мысал ретінде Microsoft корпорациясының MSN желісін айтуға болады)


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер: негізгі ұғымдар, мақсаттар және жіктелуі
Компьютерлік желілер: негізгі түсініктер, жіктелуі және компоненттері
Компьютерлік желілер: негізгі ұғымдар, жіктелуі және аппараттық-бағдарламалық құрамдастары
Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі
Компьютерлік желілер: негіздері, жіктелуі және технологиялары
Компьютерлік желілер мен Интернет: негізгі түсініктер, түрлері және хаттамалары
Компьютерлік желілер, электрондық пошта және әлеуметтік желілер: жіктелуі, қызметтері және әсері
Компьютерлік желілер, электрондық пошта және әлеуметтік желілер: негіздері мен жіктелуі
Компьютерлік желілер мен телекоммуникациялар: түрлері, топологиясы және негізгі технологиялары
Компьютерлік желілер: түрлері, құрылғылары және қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz