Ы. Алтынсарин Шараит ул ислам ІІІ-бап Адамдарға тиісті, тиіссіз мінездер турасында


Slide 1

Бірі көркем,

Бірі бұзық сипатты.

Ы. Алтынсарин «Шараит ул ислам» ІІІ-бап

Адамдарға тиісті,

тиіссіз мінездер турасында

Slide 2

Аят пен хадиста білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Алпыс түрлі жаман мінездің шығатын түп төркіні - жеті түрлі :

Әууел кафир (кәпір) құдайға сенбеуші;

Бидғат - дін бұзғыш;

Кәбүр мансапқор, менмен;

Рия, екіжүзді қара ниет;

Күсу - қызғаншақ, күншіл;

Бәхил - сараң, ашкөз;

Исраф (ысырап) дүние шашушылық.

Бұларды ахлақ зәмима деп атайды.

Slide 3

Жақсы қылық жетпіс сегіз түрлі. Олардың шығатын түп төркіні жеті түрлі мінезден туындайды:

Кәпірлерге қарсы иман;

Санәддә - үл-бидғат яғни бидғатқа қарсы, әдәләт, самғыйя;

Рияға қарсы ихлас (ықылас) ;

Кәбүрге қарсы тауазыға;

Хүсудқа қарсы насихат;

Бахилға қарсы сахауат;

Ысырабқа қарсы - мәшруға;

Бұларды ахлақ Хамидә деп атайды.

Slide 4

Кәпір деген иманы жоқтық. Яғни шындыққа ешқашанда нанбайтындық. Мәселен, құдай тағаланың барлығына және жалғыздығына, пайғамбардың хақтығына нанбай адал, арамды адал деушілер. Бұл мінезбен бенде мәңгу тамуғта қалса керек.

Бидғат дегеніміз - пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа салла-аллаһу ғалейһи-иссәләмді һәм пайғамбарымызға жолдас болған сахабаларды көріп, сөздерін естіп қалған адамдардан кейінгі уақытта безініп, жаман пиғылмен өз ойынан шариғат бұйрығымен деп әмір шығарып, пайғамбар айтып кеткен шын шариғат бұйрықтарынан бас тартып немесе мағынасын өзгертіп жүргендерді айтады.

Рия дегеніміз құдай тағалаға қылған құлшылық, адамға еткен жақсылықтың бәрінде, құдай разылығы үшін етпей, осы істерімді көріп, бүкіл адамдар мен жақсы кісі деп білсін деп жүретін мінез, не болмаса, біреуге тіл ұшымен жақсы сөйлеп, болмаса, сырттан жақсы көрген болып жүріп, ішкі көңілі бұзықтыққа, яки дүние пайдасына ғана керекті пиғылда болуды айтады.

Кәбүр деген тәкаппаршылық, яғни өзін-өзі басқалардан білімде болсын, құлшылықта болсын, яки дүниеде адамдар арасындағы істерінде болсын, жоғары санап жүру. Тәкаппаршылық та дүниеде еткен жақсылықтарыңды жойып жіберетін мінез.

Хүсүд дегеніміз - күншілдік. Яғни біреудің құдай берген дәулетін не ғылымын, не бір пайдалы ісін көріп, ол дәулеттердің ол адамнан кетуін тілемек. Ұрлық қылу біреудің дәулетін, не білімін, не бағын күндеп қас болу, немесе өлтіру, малын алу, біреуді талау, пара, өсім алу, осындай бұзық істердің бәрі де кісідігі дәулетті өзімдікі етіп алайын, не болмаса өзімнен білімді кісі болмасын деп ойлайтын мінезден табылады.

Бәхил дегеннің мағынасы сараңдық. Сараңдық деп құдай тағала уәжіп еткен мырзалықтардан, яғни зекет, хаж, құрбан шалу, бейшара-пақырларға қарасу, нәпіл садақаларын беруден қашуды айтады.

Бәхил дегеннің мағынасы сараңдық. Сараңдық деп құдай тағала уәжіп еткен мырзалықтардан, яғни зекет, хаж, құрбан шалу, бейшара-пақырларға қарасу, нәпіл садақаларын беруден қашуды айтады.

Екі нәрсе шын бенденің көңіліне қонбас, біреуі - сараңдық, біреуі бұзықтық. Бұзықтыққа көп жаман мінез кіреді. Өтірікші, өсекші, қиянатшыл, зорлықшыл, ұрысқақ мінездердің бәрі де бұзыққа қосылады. Исраф дегеніміз - құдай тағал берген дәулетін харам, мәкрүһү орындарға, қай түрі болса да пайдасыз орындарға шашып жұмсауды айтады. . Ысырап - харам.

Slide 5

Иман капірлікке қарсы. Оны көңілінде шын ұстау Мұхаммед Мұстафа ғалейһи-иссәләмнің құдай тағаладан әкелген бұйрықтарын дәріптеу.

Әдләту самғия бидғатқа қарсы, яғни естілген дәлелдер сүннәт қауымындағы жақсылардың сахаббалардан естіп джұрыстаған жолында болуды айтады.

Рияға қарсы ықылас, яғни бендеге лайық іс тек құдай тағалаға сүйікті болуыд тілемек. . Бұл сөздің мағынасы: «Ғибадат қылсаң, құдай тағаланы көріп тұрғандай құлшылық ет. Сен бұл уақытта құдай тағаланы көрмесең де, құдай сені көріп тұрушы деп біл».

Тәкаппаршілікке қарсы - тауазыйғ. Өзіңді өзің жоғары ұстамай, тіпті жалпы жұрттан төменмін деп біл, яғни әкім бола қалсаң, өзіңді зор, басқаны қор тұтпай, әділ бол және кем-кетікті аяп, ізетпен тілегін тыңда. Оқымысты болсаң, білімсіп басыңды жоғары көтермей, надан ағайыныңды аяп, білмегенін үйретіп, тура жолға салуға тырыс. Бай болсаң, баймын деп менменсінбей, кедей, бишараларға аяушылық ет. Осы мінездер тауазығ деп аталады. Егер бір бенде құдай тағаланың бұйрығына бой ұсынып, біәр кішкене төменшік етсе де, құдай тағала ол бендеге жоғарының жоғарысы болатын дәреже берер. .


Ұқсас жұмыстар
Мұсылман мейрамдары және салт жоралары мен ұйғарымдары
Конфессия - діни сенім
Адамның діни сеніміне құрмет. Оның таңдауына құрмет ретінде
Тіл туралы
Төбет собака
Тобыр - надан, оны басқара біл
Ағартушылар философиясы
Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орай викторина
Үміт еткен көзімнің нұры - балам, Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам
Меншік құқығы және өзге заттық құқықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz