VA топша элементтері. Азот және фосфор элементтері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

VA топша элементтері. Азот
және фосфор элементтері

Орындаған: Ерденбек І.Б.
101 б тобы фарм.
Тексерген: Кенехонова А.Ж.

ProPowerPoint.Ru
VAтопша элементтері
VА тобы элементтері - галогендер және
халькогендер терминдеріне ұқсас
«пниктогендер» деп аталады, атау типтік
элементтер мен символдарынан түзілген.
Жоғарыдан төмен топ бойынша
электрондық қабаттың артуына
байланысты элементтер қасиеттерінің
өзгерісінде екіншілей периодтық
байқалады.

ProPowerPoint.Ru
Азот атомының құрылымы -N
Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде бес
электрон бар.
Электрондық формуласы:1s22s22p3
Азот атомы жетпей тұрған үш электронды қосып алып,
-3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Ең жоғары тотығу
дәрежесі +5
Бос күйінде азот екі атомнан тұратын жай зат түзеді,
оның молекуласының құрылымы:

V топтың негізгі топшасындағы элементтердің ұшқыш
сутекті қосылыстары коваленттік полюсті байланыс
түзеді, оның жалпы формуласы RH3, оттекпен түзетін
оксидтері R2O5-ке сәйкес. ProPowerPoint.Ru
Азот атомының құрылымы -N

Атом құрылысы Графиктік формуласы

Молекуласының құрылымы

ProPowerPoint.Ru
Азоттың ашылу тарихы
Азотты алғаш 1772 жылы Резерфорд оның дем алуға,
жануға жәрдемсіз екендігін анықтап «улы ауа» деп
атаған. Сол жылы, ағылшынның екінші ғалымы
Пристли азотты басқа жолмен алып «флогистонданған
ауа» деп ат қойған. 1773 жылы Карл Вильгелм Шееле
ауаның екі газдан тұратындығын, оның бірі «бұзылған
ауа» екендігін анықтайды.1776 жылы Антуан Лоран
Лавуазье осы айтылған «улы», «флогистонданған»,
«бұзылған ауаны» тексеріп соның барлығы бір зат
екендігіне көзі жетіп ауаның бұл бөлігін азот (грекше «а»
өзінен кейінгі сөзді теріс мағынаға аударатын бөлшек
«зоэ»-тіршілік) тіршіліксіз деп, азотсыз тіршіліктің жоқ
екендігін білмегендіктен, Лавуазье азотқа қате ат қойған
Азотты, англо-саксон тілінде сөйлейтін елдерде Nitrogen
«селитра туғызушы», неміс тілінде Stickstoff –
«тұншықтырғыш материя» деп атайды.
ProPowerPoint.Ru
Табиғатта кездесуі
Азот табиғатта бос күйінде ауаның
негізгі құрамы бойынша, келемі
бойынша — 78,1%. Қосылыс күйінде
азот тұздары: мысалы, селитралары
NaNO3, KNO3 түрінде және белокты
заттар түрінде пайда болатын —
аммиак NH3 түрінде кездеседі. Азот
органикалық қосылыс ретінде
барлық тipi организм құрамында
болады. Мысалы, ол белокты заттар
(протеин, протеидтер), нуклеин
қышкылы құрамында және зат
алмасу — карбамид пен зәр
қышқылында бар. ProPowerPoint.Ru
Биологиялық маңызы
Азот - нәруызды заттардың негізгі құрам бөлігі
болғандықтан, тіршілік үшін аса маңызды
элемент. Ауа азотын сіңіре алатын кейбір азот
бактериялары болмаса, басқа тірі организмдер
азотты қосылыс түрінде ғана сіңіре алады.
Өсімдіктер топырақтан азотты нитрат және
аммоний тұздары түрінде алады.Электрон
беріп немесе қосып алып, -3 дәрежесі +5
түріндегі жай зат түзеді. Жануарлар
организмінде азот мөлшері 1%-дан 10%-ға, ал
малдың мүйізінде, жүнінде 15%-ға дейін жетеді.
Азот адам денесінің 3%-ын құрайды.Адам
азотты ауадан емес, қосылысы бар тағамдар
арқылы аладыазотты . "Нәруызсыз тіршілік
жоқ, азотсыз нәруыз жоқ" деген қағидалы сөз
осының дәлелі болса керек.

ProPowerPoint.Ru
Физикалық қасиеттері

, Қа
сіз Те йн
Түс із газ ра мп ау
с
иіс 19 сы ера
6 ° – ту
C -

Физикалық
Қасиеттері
л а зот газы (Азот)
1 °C
с с а сы
0
ма
ны ң с ы – 2 ерату
1,25 г.
ра
у т емп
қат

Ауадан
әлдеқайда
жеңіл

ProPowerPoint.Ru
Физикалық қасиеттері
Жер қыртысындағы азоттың мөлшері 0.03
%.Табиғатта азот дербес және қосылыстар күйінде
кездеседі және негізгі қоры екі атомнан тұратын
молекула түрінде ауа құрамында болады. Азоттың
ауадағы салмақ үлесі 75.6 % , көлем үлесі 78.1%Жер
қыртысының 1 т массасына 1 кг азоттан келеді, әрі ол
бейорганикалық және органикалық қосылыстар
күйінде кездеседі. Оның бейорганикалық
қосылыстарының негізгілеріне натрий нитраты
(чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі) жатады.
Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың негізгі
қоры барлық тірі ағзалардың ақуыздарында
құрамына кіреді.Қалыпты температурада азот түссіз,
иіссіз газ. Қайнау температурасы – 196 °C, қату
температурасы – 210 °C.
ProPowerPoint.Ru
Қолданылуы
Азот химиялық синтезде инертті атмосфера жасау
үшін пайдаланылады.
Тоңазытқышта, медицинада, аммиак алу үшін
қолданылады. Сұйық азот салқындаткыш жүйелер
саласында кеңінен қолданылады. Азот, негізінен,
аммиак алуға, одан әрі азот қышкылы және азот
тыңайтқыштарын алу үшін қолданылады. Азотты
салғырт (инертті) атмосфералық орта жасау үшін де
пайдаланады (электр лампасын толтыруға, т.б.).
Азот молекуласы — берік қосылыс. Ол тотықтырғыш
ретінде ерекше жағдайда металлдармен, сутекпен
әрекеттеседі. Табиғатта азот бос күйінде кездеседі, ол
ауаның негізгі құрам бөлігі. Селигралардың
құрамында болады. Азот адам және жануарлар,
өсімдіктер организмінде маңызды тіршілік
процестерін жүзеге асыратын нәруыздың құрамына
кіреді. ProPowerPoint.Ru
Азоттың табиғаттағы айналымы
Азот табиғатта өте көп тараған элементтің бірі болып
есептеледі. Жер бетіндегі оның негізгі түрлері —
литосферадағы байланысқан және атмосферадағы
молекулалық азот. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер
өздігінен сіңіре алмайды. Органикалық заттар шірігенде
ондағы азоттың біраз бөлігі аммиакқа айналады.
Топырақтағы нитрлеуші бактериялардың көмегімен сол
аммиак азот қышқылына дейін тотығады. Өз кезегінде
топырақтағы карбонаттар СаС03 қышқылмен реакцияға
түсіп, нитратқа айналады да өсімдікке сіңеді. Шіру
процесі кезінде азоттың біраз бөлігі атмосфераға бос
күйінде бөлініп отырады. Табиғи жағдайда топырақтағы
байланысқан азоттың мөлшері кемімейді. Ауадағы бос
азот та түрлі себептермен толықтырылып отырады.
Мысалы, ағаш, шымтезек , таскөмірді жаққанда,
органикалық заттар шірігенде, атмосфераға азот бөлінеді.
Топырақта тіршілік ететін кейбір бактериялар да ауа
жетіспейтін жағдайда нитраттардан оттекті өзіне тартып,
атмосфераға бос азот бөледі. Осы процестер нәтижесінде
табиғатта үздіксіз азот айналымы жүріп отырады. ProPowerPoint.Ru
фосфор

ikaz.kz
ProPowerPoint.Ru
Тарихы

Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик
Геннинг Бранд(1669 ж). Басқа да алхимиктер
тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды
жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды
алтынға айналдыратын философиялық тасты
табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген
адамдардың қамы емес, оның байлыққа
құмарлығы болды. Ол жайлы бұл алхимиктің
жасаған нағыз, әрі жалғыз табысының тарихи
дәйектері куәландырады.
ikaz.kz ProPowerPoint.Ru
Фосфор туралы
Фосфор (лат. Phosphorus), P –
элементтердің периодтық жүйесінің V
тобындағы химиялық элемент, реттік
нөмірі - 15, атомдық массасы 30,97.
Бірнеше түрі бар: ақ фосфор –
тығыздығы 1,828 г/см3; балқу
температурасы – 44,14°С; қызыл фосфор
– тығыздығы 2,31 г/см3; балқу
температурасы – 593°С.

Химиялық элементтердің периодтық
жүйесінде фосфор III периодта, V
топтың негізгі топшасында орналасқан.
Салыстырмалы атомдық массасы 31,
реттік нөмірі (ядро заряды) 15.
ikaz.kz ProPowerPoint.Ru
Атом құрылысы

Фосфордың соңғы энергетикалық қабатында бес
электрон бар, оның үшеуі жұптаспаған. Фосфор
атомындағы электрондардың орналасуы:
Электрондық формуласы:
1s22s22р63s23f
Фосфор косылыстарында -3, +3, +5 тотығу
дәрежесін көрсетеді. Фосфордың ұшқыш сутекті
қосылысы фосфин РН3 мен аммиак NH3
молекулалары формасы жағынан ұқсас
болғанмен, фосфин молекуласы берік емес, улы,
ikaz.kz
тұрақсыз газ, тез тотығып кетеді. ProPowerPoint.Ru
Табиғатта кездесуі
Табиғатта фосфор тау жыныстары
мен минералдарда қосылыс
түрінде кездеседі. Мысалы,
фосфорит және апатитте кальций
фосфаты Са3(РO4)2 түрінде
болады. Қазақстанда Жамбыл
облысындағы Қаратау маңында
фосфорит кенінің мол коры бар
екені 1935 жылдан белгілі. Қазір
Қаратау бассейні негізінде
"Жаңатас байыту комбинаты"
жүмыс істейді. Ақтөбе облысында
фосфорит кен орнын (Шилісай,
т.б.) игеру жоспарланып отыр.

Қызыл фосфор
ProPowerPoint.Ru
Алынуы
Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи
фосфатты электр пеште кремний (IV) оксиді
мен көмірді косып қыздырады. Бөлінген
фосфордың буын су астында ақ фосфор Р
түрінде бөліп алады. Реакция теңдеуі:
Са3(РО4)2+ 3SiО2 + 5С = 3CaSiО3+ 5CО↑ + 2Р

ikaz.kz ProPowerPoint.Ru
Физикалық қасиеттері

Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше
аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның
маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ
фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан а
ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен
демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста
су астында, сыртынан құм салынған металл
банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор
ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға
ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады.
ikaz.kz Қара фосфор аз кездеседі. ProPowerPoint.Ru
Қолданылуы
Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар. Ақ
фосфор химиялық белсенді болып келеді.
Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында
сақтайды. Ақ фосфорды ауасыз ортада
қыздырса, қызыл фосфор алынады. Қызыл
фосфор сіріңке өндіруде, пиротехникада
қолданылады. Фосфор жай және күрделі
заттармен өрекеттеседі. Қазақстанда фосфор
шикізатының қоры Жамбыл (Қаратау) және
Ақтөбе (Шилісай) облыстарында бар.
Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде
пайдаланылады.
Ақ, қызыл фосфор Н3РО4 алуда, жанғыш
қоспалар дайындау үшін қолданылады.
P+5HNО3конц = Н3РО4+5NО2↑ +Н2О
ikaz.kz ProPowerPoint.Ru
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия. Алматы.
Ана тілі. 1992.
2. К.А.Аханбаев. Химия негіздері. Алматы. Мектеп. 1987.
3. К.А.Аханбаев. Жалпы және анорганикалық химия. Алматы.
Санат. 1999.
4. Г.П.Хомченко. Химия (Жоғары оқу орындарына түсушілерге
арналған). Алматы. Рауан. 1990.
5. Т.Т.Омаров, М.Р.Танашева. Бейорганикалық химия.
Алматы. Дәуір. 2008.
6. Ә.Қ.Патсаев. Бейорганикалық және физколлоидтық химия.
Алматы. 2004.
7. Ә.Қ.Патсаев, С.А.Шитыбаев. Бейорганикалық және
физколлоидтық химияның тәжірибелі-зертханалық
сабақтарына қолданба. Шымкент. 2006.

ProPowerPoint.Ru
ProPowerPoint.Ru

Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің периодтық жүйесіні құрылымы
III Б топша элементтері
d - элементтердің сонымен қатар азот, фосфор, мышьяк қосылыстарының медицина мен фармация қолданысындағы химиялық негіздер туралы түсінік
Шикізаттан бастап дайын өнімдеріне дейінгі фосфор құрамдас заттарды физика - химиялық әдістермен зерттеу
КОМПЛЕКСТІ ТЫҢАЙТҚЫШТАР
Мырыш - ІІБ топ элементі
Минералды тыңайтқыш - Азот
Фосфор тыңайтқыштары
Тыңайтқыштардың жіктелуі
Көміртек пен басқа тұрақты қоспалардың болаттар қасиеттеріне тигізетін әсері
Пәндер