Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар

Орындаған: Әбдіғапбар С.

Тобы: ИП-16-6к2

Қабылдаған: Корганова C.

Slide 2

ЖОСПАР

Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі

Махмұт Қашқари - «Диуани лұғат-ат-түрік»

Яссауидің басты еңбегі «Диуани хикмент» («Даналық кітабы»)

Никола Макиавелли

Томас Гоббс - «Левиафан»

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері

Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.

Slide 4

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге - діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге - есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

Slide 5

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде қалай бақытқа жетуге болады деген сұраққа қалай жауап бергенін көре аламыз. Шығарманың негізінде әртүрлі қасиетке ие төрт мемлекеттік қызметкердің өзара әңгімесі алынған. Ол әділдікке «Күнтолды» (Ел басшы), Бақытқа «Айтолды» (уәзір), Ақылға «Өдүлміш» (уәзірдің баласы), Игілікке «Оғдұрмыш» (уәзірдің інісі) есімдерін береді. Бұл қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-бірінен тәуесіз өмір сүре алмайды деп қорытынды жасайды.

Билеушілер мен әкімдер халық мүддесімен санасып билік етсе елге ұнамды болады. «Патша жоғарылаған сайын жүгі ауырлайды», «Жақсы тәртіп орнат - сонда сыйлайды, опасыз халық бір уысқа сыймайды». Билік - мансап үшін берілген сыбаға емес. Билеушінің сыйлы болуы оның орнатқан тәртібіне байланысты болмақ. Ел билеу тек жақсы заңдар мен ережелерден тұрмайды. Саясат Баласағұнның ойынша, мемлекетті басқарудың сан қилы әдістерін игеру, алуан мінезді қоғамды уыстан шығармау, тентекті тыйып, әлсізді қорғау, қажетті жағдайда күш те қолдана білу.

Slide 6

Махмұт Қашқари - «Диуани лұғат-ат-түрік»

Махмұт Қашқари («Диуани лұғат-ат-түрік») әкімдердің ел билеуде ақыл-парасат пен әдептілікке және кішіпейілділік үйір болуын талап етті. «Ұлық болсаң - ізгілік ет», сонда ғана сенің қарамағыңдағы халық соңыңнан ереді, сенім білдіреді. Жағымсыз әдеттер әкімдер үшін олардың қызмет бабына сиыспайды. Ел билеуде күшке сенгеннен ақылға жүгіну әлдеқайда тиімді нәтиже береді. «Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың».

Өзінің жеке басының пайдасын күйттеген әкімдер елге опа әпермейді. Әкімнің барлық іс-әрекеті халықтың көз алдында, халықтан ешнәрсені де жасыра алмайсың, қандай ауыр кезең болса да халқыңмен бірге болуды үгіттеген.

«Мемлекеттің қазынасы халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші қазына кілтін ұстаған адамға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде ұрлық жүрмей қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әшкере ет. Бүгін қалсаң, өзің де ұрысың».

«Үлкен кісі шақырса, ізетпен бар - сонда бол, қуаңшылық жылында, халық қайда - сонда бол». Халық болмаса, сенің билігің кімге керек, билік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынасты тәртіптілік пен заңдылықты сақтаумен бірге, шаруашылық істермен реттеуге, әділдікті қалпына келтіруге, зорлық-зомбылықты болдырмауға да арналған.

Slide 7

Яссауидің басты еңбегі «Диуани хикмент» («Даналық кітабы»)


Ұқсас жұмыстар
Қайта өрлеу мәдениеті
Саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Әлемдегі саяси ойлардың дамуының негізгі кезеңдері
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫ
Қайта өрлеу дәуірі
Утопиялық қоғам авторы
Қайта өрлеу дәуір философиясы
Жаңа заман мәдениеті
Реформация кезеңіндегі саяси идеялар
Негізгі идеялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz