ТОПТЫҚ ЖОБА IOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ
ТОПТЫҚ ЖОБА iOS операциялық жүйесі
Орындағандар: Исақ А., Әбдіғапбар С.,
Тастанбеков Н., Рүстембек Д.
Тобы: ИП-16-6к2
Қабылдаған: Мелдебекова С.

ЖОСПАР
Кіріспе
iOS-тың жасалу тарихы
iOS-тың жалпы сипаттамалары
iOS-тың ядросы
iOS-тың файлдық жүйесі
iOS-тың артықшылықтары
iOS-тың кемшіліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Операциялық жүйе, қысқаша ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе.

iOS-тың жасалу тарихы
iOS (2010 жылдың 24 маусымына дейінгі атауы - iPhone OS) - американдық Apple компаниясында құрастырылып шығарылатын мобильді операциялық жүйе. Windows Phone және Google Android сияқты тағы да басқа операциялық жүйелерден айырмашылығы iOS тек Apple компаниясының өнімдеріне арналған. 2007 жылы жарық көрген. Алғашында тек iPhone және iPod touch құрылғыларына арналып жасалынса, кейіннен iPad және Apple TV сынды құрылғыларда да жұмыс істей бастады.

Мобильді операциялық жүйенің бірінші нұсқасы Mac OS X сияқты Unix ядросында орнатылған. iPhone қаншалықты инновациялық болса да, оның функционалдығы өте шектеулі болатын. Операциялық жүйенің бірінші нұсқасында келесі функциялар орнатылды: негізгі басты интерфейс, сенсорлы экран, iPod-қа арналған музыкалық қосымша, Safari браузері, карталар.
Сонымен қатар жаңартылымдарында келесі функциялар пайда болды: негізгі экрандағы веб-қосымша, иконкалардың орындарының ауысуы, сенсорлы пернетақта, iTunes Music Store.
Қысқаша айтқанда бұл операциялық жүйенің ең бірінші нұсқасында қазіргі таңда бізге мәлім ещқандай функциялар мен қосымшалар болған жоқ, бірақ соған қарамастан ең алғашқы сенсорлы экран адамдарды қызықтырды.

iOS-тың жалпы сипаттамалары
iOS POSIX стандартына сәйкес келетін негізгі Darwin компоненттерінің жиынтығын пайдаланады. IOS жүйесінде төрт абстракцияның топтамасы бар: Core OS, Core Services, Media Layer, Cocoa Touch.
iOS-ке дейін смартфондарда сенсорлық экран болмады, немесе бұл экрандар резистивтік (стилуспен жұмыс істейтін) болды. iPhone-да сенсорлық экран сыйымдылыққа ие болды, ол смартфонмен пайдаланушының өзара әрекетін айтарлықтай жеңілдетті. Осылайша, сенсорлық экран iPhone үшін негізгі басқару құралы болды. iOS 1. 0 жылдамдығы өте жоғары болды, ол сол уақыттағы басқа операциялық жүйелермен бәсекелес болды.
iOS 1. 0 ішіндегі бағдарламалық жасақтама пернетақтасы теруді саусақтар көмегімен жасай алатын алғашқы толыққанды виртуалды пернетақта болды. iOS 1. 0-де, файлдық жүйе пайдаланушыдан жабық болды, бұл iPhone-ды басқа смартфондарға қарағанда жеңілдетуге мүмкіндік берді.

iOS-тың ядросы
iOS-та XNU ядросы қолданылады. Ол Mach микроядросына негізделген және Apple компаниясының программалық коды, сонымен қатар ОС NeXTSTEP және FreeBSD кодтарымен қамтылған. iOS ядросы Apple macOS үстелдік операциялық жүйенің ядросымен ұқсас болып келеді. iOS ең алғашұы нұсқаларынан бастап тек ARM архитектуралы процессорлы планшеттік компьютерлер мен смартфондарда жұмыс істейді.
XNU (X is Not Unix) - Apple компаниясында құрастырылған және OS X операциялық жүйелерінде қолданылатын компьютерлік операциялық жүйенің ядросы. XNU өзіне монолитті және микроядролардың мүмкіндіктерін біріктірген заманауи гибридті ядро болып табылады. Қазіргі таңда XNU ядросы ARM, x86, x86-64 және PowerPC архитектуралы процессорларда жұмыс жасай алады. XNU ядросының негізі монолитті ядроны жеке процесс ретінде орындайтын қарапайып микроядро Mach болып табылады.

iOS-тың файлдық жүйесі
iOS-тың файлдық жүйесі Apple компаниясы шығарған жаңа, заманауи Apple File System (APFS) болып табылады. Бұл файлдық жүйе iOS-тың 10-шы нұсқасынан бастап қолданыла бастады. Бұл жүйе Flash / SSD дискілерімен жұмыс істеу үшін оңтайландырылған, сонымен қатар күшті шифрлау функциясын, көшірмені жазуды, кеңістікті ортақ пайдалануды, файлды және қалтаны көшірмелеуді қамтиды. Ал бұл файлдық жүйеге дейін iOS-та HFS және HFS Plus жүйелері қолданылған. APFS - бұл жүйелерге қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді. Сонымен қатар iOS-тың жаңа нұсқалары мен басқа қосымшаларды жүктеу жылдамдығын арттырды.

iOS-тың артықшылықтары
1. Платформаның автоматты түрде жаңартылуы.
2. Зиянды бағдарламалық қамтамасыздардан жоғары деңгейдегі қауіпсіздік.
3. Apple-дің жеке қызметтері: iCloud, iMessage, FaceTime, Find My iPhone және тағы басқа қызмет түрлерін жатқызуға болады.
4. iOS бағдарламалық жасақтама әзірлеушілер үшін басымдыққа ие.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz