Windows реестрі: конфигурациялық дерекқордың құрылымы, бөлімдері және артықшылықтары мен кемшіліктері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ

БАЯНДАМА Реестр. Реестр бөлімдері және оның мазмұны

Орындаған: Исақ А.

Тобы: ИП-16-6к2

Қабылдаған: Мелдебекова С.

Slide 2

Реестр

Реестр - операциялық жүйенің конфугурациялық мағлұматтан түратын деректер қоры. Физикалық түрде реестрде барлық ақпарат бірнеше файлдарға бөлінген. Windows 7 және NT реестрларында жартылай айырмашылық болады. Windows алдыңғы нұсқаларында Windows каталогында тұратын реестр екі файлдан тұрады SYSTEM. DAT және USER. DAT. Windows Me-да тағы да бір файл қосылады. Ол CLASSES. DAT.

Slide 3

РЕЕСТРДІҢ РЕДАКТОры

Реестрдің редактор терезесін ашу үшін пуск-выпольнить командасын басып, regedit командасын жазуыңыз қажет. Қосылғаннан кейін реестр редакторының терезесі ашылады. Сіз 5 бөлімнен тұратын терезені көресіз. Олар:

HKEY_CLASSES_ROOT

HKEY_CURRENT_USER

HKEY_LOCAL_MACHINE

HKEY_USERS

HKEY_CURRENT_CONFIG

Slide 4

HKEY_CLASSES_ROOT

Мұнда Windows-та тіркелген файл типтері туралы ақпарат сақталады. Бұл бөлім жүйеде тіркелген файл түрлері туралы, әр типтегі файлдарды өңдеу реті, сондай-ақ интерфейстің негізгі параметрлерін басқару (яғни, ол ActiveX нысандарының параметрлерін қамтиды) туралы ақпаратты қамтиды.

Slide 5

HKEY_CURRENT_USER

Мұнда Windows-қа енгізілген қолданушының қаптамасының баптауы сақталады (мысалы, жұмыс үстелі, "Пуск" мәзірі, т. б) . Олар HKEY_USER\name ішкі бөлімі мазмұнын қайталайды, name - қолданушы аты. Егер компьютерде бір ғана қолданушы жұмыс істеп отырса және Windows-қа жай кіру жолы қолданылса, онда бөлім мәні HKEY_USERS\. DEFAULT ішкі бөлімінен алынады.

Slide 6

HKEY_LOCAL_MACHINE

бұл бөлім компьютерге қатысты орнатылған бағдарламалық қамтамасыздандыру мен оның HKEY_USERS баптауларының драйверлері туралы ақпараттан тұрады. Барлық қолданушылар үшін қаптама баптауларынан тұрады. Жоғарыда айтылғандай, дәл осы бөлімнен ақпарат HKEY_CURRENT_USER бөліміне көшіріледі. HKEY_CURRENT_USER бөліміндегі барлық өзгерістер автоматты түрде Hkey_Users бөліміне өтеді.

Slide 7

HKEY_USERS

Бұл бөлімде компьютердің барлық пайдаланушы профильдері туралы мәліметтер бар шағын бөлімдер орналасқан. Оның бөлімшелерінің бірі әрдайым HKEY_CURRENT_USER (пайдаланушы қауіпсіздік идентификаторы (SID) параметрі арқылы) байланысты. Басқа бөлікте, атап айтқанда, HKEY_USERS \ DEFAULT кіші бөлімінде жүйеде тіркелген пайдаланушының сеансы басталмас бұрын маңызды болған жүйелік параметрлер туралы деректер беріледі.

Slide 8

HKEY_CURRENT_CONFIG

Бұл бөлім қазіргі жұмыс сессиясында белсенді жабдықтардың барлық профильдері туралы ақпараты бар кіші бөлімшелерді қамтиды. Жабдық профильдері таңдаулы жұмыс сеансына қолдау көрсетілетін құрылғылардың драйверлерін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат HKEY_LOCAL_MACHINE \ SYSTEM \ CurrentControlSet бөлімшелерінен беріледі.

Slide 9

РЕЕСТРДІҢ АРТЫҚШЫЛыҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Windows реестры - барлық Windows параметрлерінің баптауларын сақтайтын үлкен дерекқор. Windows операциялық жүйесінің жүйелік реестры оның жұмысы, функционалдығы және жылдамдығына өте маңызды.

Артықшылықтары:

жоғары жылдамдықты оқу / жазу параметрлері

ақпаратты сақтау қауіпсіздігі

көшіруден қорғау мүмкіндігі

дерекқортың мыңдаған сұраныстарды қолдау мүмкіндігі

деректер сыйымдылығының үлкедігі

Кемшіліктері:

Windows реестры фрагментацияға ұшырауы мүмкін, соның нәтижесінде баптауларға қол жеткізу біртіндеп баяулайды

Пайдаланушы өзіне қажетті бағдарламаны орнатқан кезде, бүкіл жүйенің жұмысына әсер ететін реестрдың мөлшері артады

Бағдарлама баптауларын реестр арқылы ауыстыру мүмкін емес

Реестрдегі баптаулар туралы түсініктемелер жоқ болғандықтан, қолданушыға түсіну қиынға түседі

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Астахова, И. Ф. Компьютерные науки. Деревья, операционные системы, сети / И. Ф. Астахова, И. К. Астанин и др. - М. : Физматлит, 2013.

2. Назаров, С. В. Современные операционные системы: Учебное пособие / С. В. Назаров, А. И. Широков. - М. : Бином, 2013.

3. Таненбаум, Э. Современные операционные системы / Э. Таненбаум. - СПб. : Питер, 2013.

4. Олифер В. Г., Олифер Н. А. Сетевые операционные системы. - СПб: Питер, 2011.

5. Гордеев А. В., Молчанов Ю. А. Системное программное обеспечение. - СПб., 2008.


Ұқсас жұмыстар
Аэрофототүсірілімдердің артықшылықтары мен кемшіліктері
Жаңа педагогикалық технологиялар: құрылымы, түрлері және артықшылықтары мен кемшіліктері
Шина топологиясы: анықтамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері
Жаңбырлатып суару жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері
Коммерциялық операциялық жүйелер: анықтамасы, мысалдары және артықшылықтары мен кемшіліктері
MOOC курстарының агрегаторлары: тұжырымдама, артықшылықтары мен кемшіліктері
Тізбекті полимеризация: механизмдері, түрлері және артықшылықтары мен кемшіліктері
Вебинарлар: анықтамасы, өткізілу форматы, артықшылықтары мен кемшіліктері
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар: түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері
Бұлттық деректер қорлары: артықшылықтары, кемшіліктері және қолданылу жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz