CASE технологияларына талдау


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындағандар: Исақ А., Итек А.

Тобы: ИП-16-6к2

Жетекші: Дүйсенов Н.

Тақырыбы: CASE технологияларына талдау

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

CASE технологиясы

CASE құралдарының ең көп қолданыстағы түрлері және олар туралы мәліметтер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

CASE технологиялар күрделі программалық жүйелерді талдау, жобалау, жасау және сүйемелдеу методологиялардың жиынтығы болып табылады. Олар өзара біріктірілген автоматттандыру құралдар кешені көмегімен құрылымдық және обьектілік тұрғыларға негізделеді.

CASE-құралдары (Computer Aided Software Engineering) талдау, талаптарды қалыптастыру, қолданбаны және мәліметтер қорын жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны және жобаны басқару сияқты ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және құру үрдістерін қолдайтын программалар. Яғни, CASE-құралдары жай мәліметтер қорын жобалау тапсырмаларын ғана емес, өте үлкен көлемдегі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Delphi жүйесі де CASE типіне жатады, өйткені қолданбаны жүзеге асыруды автоматтандыруға мүмкіндік береді. CASE жүйесін CASE-құралдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.

Slide 4

CASE технологиясы

Кез-келген CASE технологиясы негізінен методология / әдіс / натация / құрал / парадигмасы алынады. Методология қандай да бір тұрғының негізінде жасалып, жұмыстың қадамдарын, қадамдардың орналасу тәртібін, сонымен қатар әдістер міндеттері мен үйлестірілу ережелерін анықтайды. Әдіс қандай да бір мақсатқа жету, яғни жұмыстың белгілі бір қадамын орындау тәсілін анықтайды. Натация деп модельдердің қандай да бір класын сипаттау үшін қолданылатын таңбалар жүйесін айтады. Натацияның графикалық және текстілік түрлері болады. Графикалық натациялар графтар, диаграммалар, кестелер, схемалар түрінде сипаттайды, ал текстілік натациялар модельдерді формальді және кәдімгі тілде сипаттайды. CASE технологияда натациялар жобаланатын жүйенің деректер элементтерінің жасау кезеңдерінің құрылымын сипаттау үшін қолданылады. Құралдар әдістерді жүзеге асыру үшін қажетті құрал - жабдықтарды құрайды. Олар: графикалық жобаны жасау және жөндеу құралдары, жобаны абстракция деңгейі иерархиясы түрінде ұйымдастыру құралдары. Сонымен қатар түрлі деңгейлер компьютердің сәйкестігін тексеру құралдары.

Slide 5

CASE-құралдар - Computer-Aided Software Engineering, - қолданылатын техникалар мен бағдарламалық өнімді жасау үшін қолданылатын бағдарламалық инженериялардың арнайы жиынтығы, сонымен қатар қателердің жоқтығын, жоғары сапасын, сондай-ақ бағдарламалық жасақтаманың қарапайым техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Қазақстанда бизнес-процесстерді модельдеу және анализдеу үшін келесі модельдеу құралдары жеткілікті түрде кең қолданылады: MS Visio, Rational Rose, AllFusion Process Modeler (BPWin) және AllFusion ERwin Data Modeler (ERWin), ARIS. Шет елдерде, аталғандардан басқа, белсенді мына құралдар қолданылады: Silverrun, Vantage Team Builder, S-Designor, CASE. Аналитик және тағы басқалары.

CASE құралдарының ең көп қолданыстағы түрлері және олар туралы мәліметтер

Slide 6

Microsoft Visio

Microsoft Visio 2016 - бизнес-процесстерді жоспарлауға, жобалауға және басқаруға арналған. Бүгінгі таңда Microsoft Visio ең көп таралған бизнес-модельдік бағдарламалық өнімдердің бірі болып табылады және көптеген бизнес-сарапшылардың компьютерлерінде орнатылған. Сонымен қатар Қазақстан және басқа да ТМД елдерінің банктерінде, әртүрлі қаржымен айналысатын мекемелерінде көптеп қолданылады.

MS Visio күрделі бизнес-процесстерді құрастырушы мамандар үшін ақпаратты бейнелеу, зерттеу және қарапайым адамдарға түсінікті етіп көрсету үшін диаграммалар мен әртүрлі кестелерді қолданады. Дайын үлгідегі кестелер шаблондар және де мыңдаған фигуралардың көмегімен Visio арқылы жұмыс істеу өте тиімді әрі ыңғайлы.

Slide 7

Microsoft Visio - әртүрлі диаграммалар мен схемаларды ұсынатын қуатты графикалық құрал болып табылады. Оған қоса, оның көмегімен процесстің модельдерін жасауға және күрделі деректерді ыңғайлы түрде көрсетуіңізге болады. Қарапайым интерфейс схемалар мен диаграммалар құрылысын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл мүмкіндіктер процесстерді модельдеуде бірнеше артықшылықтар береді.

Visio-ның негізгі артықшылықтары:

Схемаларды құрудың оңайлылығы. Процесстердің схемаларын әзірлеу арнайы оқытуды қажет етпейді. Диаграммалар мен схемаларды салу қарапайым әрі түсінікте интерфейсте орындалады;

Диаграммалар үлгілерінің болуы. Microsoft Visio-да өте көп әртүрлі диаграммалардың дайын үлгілері бар, соның көмегімен бизнес процесстерді тез әрі тиімді етіп жасауға болады;

Схемалардың басқа офис бағдарламалармен байланысы. Visio Microsoft Office пакетінің құрамына кіргендіктен, Word, Excel, PowerPoint, Access сияқты бағдарламалардағы құжаттар мен деректерді процесс схемасымен байланыстыруға болады;

Стандартты нотациялардың қолданылуы. Процесстер схемасын жасау үшін, басқа CASE құралдарында (мысалы, ARIS, BPwin, ERwin, Rational Rose) қолданылатын диаграммалар жиынтығы Visio бағдарламасында бар. Мысалы, eEPC, IDEF0, IDEF3, UML. Олардың кейбіреулері үшін Visio диаграммаларды жасау дұрыстығын басқаруға мүмкіндік береді.

Slide 8

Rational Rose

Rational Rose - Rational Software Corporation (АҚШ) фирмасының CASE-құралы - бағдарламалық қамтамасыздандыруды зерттеу мен жобалауды автоматтандыруға арналған. Rational Rose жұмысының негізі - бұл модельдің логикалық және физикалық құрылымын, оның статикалық және динамикалық аспектілерін анықтайтын түрлі диаграммалар мен спецификациялардың құрылысы. Өнімнің жұмысы унифицирленген модельдеу тілі UML (Unified Modeling Language) негізделген. Тек Rational Rose жобалауға қажетті барлық визуальды құралдар жиынтығына ие.

Slide 9

Rational Rose артықшылықтары:

Командалық жұмысты қолдауы. Бұл CASE құралы жобаның барлық қатысушыларына қарапайым қолдауды жүзеге асырылған. Пайдаланушылар ортақ үлгілермен өзара байланысын сақтай отырып, өздерінің жұмыс орындарын өзгертпестен бірегей үлгілері мен орталарында жұмыс істей алады.

Моделдерді басқару. Барлық құрылған модельдерге өзгерістерді оңай енгізуге болады. Бір үлгідегі өзгерістер автоматты түрде өзара байланысқан үлгілерде көрсетіледі. Модельдерді басқару үшін нұсқалар мен конфигурацияны басқару жүйелері қолданылады. Бұл бизнес процесстердің кез келген үлгілеріне өзгерістер енгізуді жеңілдетеді.

Қатені бақылау. Rational Rose модельдеу кезінде пайда болатын қателерді қадағалай алады. Бұл қателерді олардың тізбегі бойынша түзетуге және келесі модельдеу деңгейіне көшіруге мүмкіндік береді.

Модельдерді құжаттау. Пайдаланушылар процесстік модельдер үшін қажетті есептер мен құжаттарды жасай алады. Құжаттар пайдаланушы қажеттіліктеріне сәйкес жасалынады және әртүрлі модельдерде қолданыла алады.

Конфигурацияны басқару. Пайдаланушылар интерфейс конфигурациясын және бағдарламалардың бөліктерін өздерінің қажеттіліктеріне байланысты өзгерте алады. Rational Rose графикалық пайдаланушы интерфейсін (GUI) пайдаланады, ол арқылы ыңғайлы жұмыс үшін қажетті ортаны құра аласыз.

Slide 10

AllFusion Process Modeler (BPWin)

BPwin - IDEF0 методологиясымен жүзеге асыралатын CASE-құралы. Itd. Logic Works компаниясында жасалған өнім. Өте дамыған құрал: бизнес-процесстерді талдауға, құжаттауға және жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл CASE құралы жүйелі талдау жүргізуге мүмкіндік беретін функционалдық модельдеуді қолдайды. BPwin-де жеке және аралас модельдерді жасай аласыз.

Slide 11

BPwin артықшылықтары:

Қарапайым графикалық интерфейс. Bpwin интерфесі пайдаланушыға қажетті өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді және соның арқасында модельдеу процесін жеңілтеді;

Қосымша ақпарат берілуі. UDP қасиеттерін пайдалану арқылы (пайдаланушы конфигурациялау қасиеттері) процестер туралы қосымша ақпаратты жинап, оны модельдерде көрсетуге және есептерге қосуға болады. Есептер жалпыға қол жетімді Microsoft Word немесе Microsoft Excel форматтарында ұсынылуы мүмкін;

Модельдердің дұрыстығын тексеру. Кіріктірілген құралдардың есебінен BPwin қате қосылымдарды және модель элементтерін ұсынуды бақылайды. Бұл модельдердің сапасын жақсартады және басқа модельдеу құралдарымен интеграцияның мүмкіндіктерін жақсартады;

Енгізілген есеп (отчет) генераторы. Осы генераторды пайдалану арқылы сіз қажетті есептің шаблонын жасай аласыз және бұл шаблонды кез-келген BPwin модельдеріне қолдануға болады. Есептер HTML, RTF, TXT, PDF форматында болуы мүмкін.

Slide 12

AllFusion ERwin Data Modeler (ERWin)

ERwin - бұл IDEF1X методологиясын қолданатын CASE құралы. Сондай-ақ IE метадологиясын қолдану мүмкіндігі бар.

IDEF1X негізінен АҚШ әскерінде қолдану үшін жасалған. Ол АҚШ-тың мемлекеттік органдарында, қаржылық және өнеркәсіптік корпорацияларда кеңінен пайдаланылады. IE (Information Engineering) методологиясын Мартин және Финкельштейн әзірледі. Бұл негізінен көбіне өнеркәсіпте қолданылады.

Slide 13

ERwin артықшылықтары:

Пайдаланушылардың өзара әрекеттесу мүмкіндігі. ERwin ұйымдағы рөлдер арасында ақпарат алмасудың әр түрлі нұсқаларын ұсынады. Веб-портал арқылы бизнес-талдаушылар мен техникалық мамандар деректер моделіне оларға қолайлы және түсінікті түрде қол жеткізе алады;

Элементтердің стандартты көріністері. ERwin-де деректер модельдерінің элементтерін ұсынудың бірізділігін қамтамасыз ету үшін нысан атауларының стандартталған көріністері, стандартталған деректер типтері және стандартты модельдер үлгілері (анықтамалық модельдер) пайдаланылады;

Ашық архитектураны пайдалану. ERwin процесстерді модельдеу және ақпараттық жүйелерді дамыту үшін басқа құралдармен интеграциялау үшін кең мүмкіндіктер берілген (120-дан астам түрлі құралдар) ;

Үлкен деректер массивінің визуализациясы. Қуатты графикалық жүйе мен навигация жүйесінің арқасында әртүрлі құрылымдардың деректер модельдерінің графикалық көрінісін қамтамасыз ете алады;

Пайдаланушылардың репозиториймен бірлесіп жұмыс істеуі. Модельдермен жұмыс істеу барысында тиімді өзара әрекеттесу үшін, ERwin нұсқаны автоматты басқаруды, қол жеткізуді бақылауды және модельдердің өзгерісін қамтамасыз етеді.

Slide 14

ARIS

ARIS аспаптық ортасы кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты түсінікті етіп және талдау жасауға жеңілірек болу үшін графикалық модельдер ретінде ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл құралды қолданып жасалған модельдер әртүрлі дәрежеде кәсіпорындағы жағдайды көрсетеді. Сипаттама мәліметтерінің дәрежесі жасалып жатқан жобаның мақсаттарына байланысты. Осы әдіске сәйкес салынған модельдер кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы шешімдердің әр түрлі түрлерін талдау және дамыту үшін, кәсіпорын қызметін қолдау үшін ақпараттық жүйені енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Slide 15

ARIS артықшылықтары:

Жақсы дамыған графикалық интерфейс. Пайдаланушылар графикалық жүйені пайдалана отырып модельдерді жасай алады. Веб-интерфейсті пайдалану мүмкіндігі бар. Толық экран режимі және навигация жүйесі деректерді ыңғайлы түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар қажеттіліктеріне байланысты интерфейске өзгерістер енгізуге болады;

Қуатты деректерді сақтауды қолдауы (репозиторий) . ARIS деректер қоймасында көптеген элементтер мен сипаттамалар бар. Бұл пайдаланушыларға деректерді сақтау объектілерімен бірге жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

Басқа бағдарламалық өнімдермен интеграциялануы. ARIS X ML, XMI, WSDL, XSD, XPDL, CADM (DoDAF), BPEL, BPML Export, Visio, txt және Excel сияқты стандартты интерфейстерке процесстер модельдерін импорттауға мүмкіндік береді;

Модельдерді бөлімдерге бөлу. ARIS-те әр түрлі аспектілерді қолдану арқылы модельдер мен олардың компонеттерін бөлімдерге бөлу мүмкіндігі бар;

Slide 16

Динамикалық модельдеу. Қосымша құралдар арқылы процесстің іс-әрекеттерін дискретті орындауға болады. ARIS процесстің модельдеріндегі іс-әрекеттерді бақылау және талдау үшін графикалық құралдарды ұсынады;


Ұқсас жұмыстар
Қосымшаларды құру құралдары
Байланыс Әрекеті түрі
Оқушылар жағдаймен
Проблемалық талдау
Ата - анамен
Кейстер әдісінің оқу мақсаттары
«КОМПЬЮТЕРЛІК КУРС» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар туралы ақпарат
Тексеру және таңдау операторлары. Циклдық программалауға арналған командалар
Цикл операторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz