Delphi – ОББ тілі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: Исақ А.

Тобы: ИП-16-6к2

Қабылдаған: Дүйсенов Н.

Пән атауы: Бағдарламаларды өңдеудің құрал-жабдықтары

Тақырыбы: Delphi - ОББ тілі

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Delphi программалау ортасы

Delphi-дің компоненттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Кіріспе

Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.

Slide 4

Delphi программалау ортасы

Delphi программалау тілдері арасындағы ең алғашқы қарапайым және пайдалануға ыңғайлы тіл болып табылады. Бұл тіл жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер арасындағы бөгетті бұзып, әр түрлі бағдарламаларды тез және жылдам құруға мүмкіндік берді.

Delphi - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Delphi - құрылымдық, объектіге бағытталған бағдарламалау тілі.

Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен берілген тапсырмаларды орындауға болады. Программа құрушыға өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдей алады. Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді.

Slide 5

Delphi ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының 4 терезесі пайда болады:

1. Негізгі терезе (Project1)

2. Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector)

3. Форма конструкторының терезесі (form1)

4. Кодтар редакторының терезесі (Unit1. pas)

Slide 6

Delphi-дің компоненттері

Компоненттер палитрасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан жəне онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сұлбасы жасалады, жалпы жағдайда экранға көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі жəне т. б.

MainMenu, PopUpMenu, Button, RadioButton, CheckBox, ComboBox, Edit, Label сынды тағы да басқа компоненттер көмегімен берілген тапсырманы тез әрі тиімді етіп орындауға болады.

Әр компоненттің және форманың Object Inspector терезесінің Proporties бөлімінде өзінің қасиеттері орналасқан. Мысалы, форманың биіктігін, енін, түсінб атын өзгерте аламыз.

Slide 7

Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Бұл бөлімде бізге қажетті ең маңызды компоненттер орналасқан. Компоненттер көмегімен біз программамыздың визуальды көрінісін құра аламыз. Соның арқасында біршама уақыт үнемдейміз. Компоненттер Form1 терезесіне орналастырылады.

Slide 8

Object TreeView терезінде формада орналасқан компоненттер тізімі көрсетілген. Сол арқылы біз өзімізге қажетті компонентті тышқан түймесін шерту арқылы оның Proporties терезесінен қасиеттерін ашамыз және өзгерте аламыз. Жалпы компоненттердің көп бөлігінің атауын өзімізгк ыңғайлы болу үшін Caption қасиетінде өзгерте аламыз, ал түсі мен қаріпін тиісінше Color және Font қасиеттері арқылы.

Slide 9

Unit. pas кодтар терезесінде біз программа кодын көре аламыз. Бұл терезеде формада орналасқан барлық компоненттерде жазылған кодтар біріктірілген.

Slide 10

Қорытынды

Қазіргі кезде жаңа информациялық технологияның жетістіктері, идеялары қолданбайтын саланы айту қиын. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі - объекті бағытталған программалау тілі. Delphi интегралды ортасы объекті программалау принципіне негізделген. Бұл ортада күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электрондық оқулықтар, мәліметтер қорын құруға болады.

Бұл жұмыстың мақсаты Delphi ортасы туралы және теориялық материал дайындау болды. Ізденістерімнің нәтижесінде мен көптеген қызықты мәліметтерді алдым. Және де көп материалды игердім. Жалпы бұл жұмыс мен үшін өте пайдалы болды.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Культин, Никита Основы программирования в Delphi 7 / Никита Культин. - М. : БХВ-Петербург, 2013.

Осипов, Дмитрий Delphi. Программирование для Windows, OS X, iOS и Android / Дмитрий Осипов. - М. : "БХВ-Петербург", 2014.

Санников, Е. В. Курс практического программирования в Delphi. Объектно-ориентированное программирование / Е. В. Санников. - М. : Солон-Пресс, 2013.


Ұқсас жұмыстар
Бағдарламалау және бағдарлама
DELPHI және Visual Basik тілдері
Borland Delphi бағдарламалау ортасы. Delphi бағдарламасын іске қосу. Delphi бағдарламалау ортасының терезесі
ДЕЛФИ БАҒДАРЛАМАСЫ
Delphi ортасы қолдайтын деректер қорлары
Объектілердің инспекторы терезесі
ДЭМ-нің программалық жабдықтары. Программалар
Компьютерлік бағдарламалар
DELPHI ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ СЕРВЕРІ
Delphi және МҚ-сервері. Мәлметтерге ADO арқылы қатынау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz