Математикалық модельдеу
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Пән атауы: Математикалық модельдеу және есептеу
процесін ұйымдастыру
Тақырыбы: Математикалық модельдеу
Орындаған: Исақ А.
Тобы: ИП-16-6к2
Қабылдаған: Дүйсенов Н.
Жоспар
• Кіріспе
• Математикалық модельдеу және оның түрлері
• Математикалық модельді құрастырудың жалпы
реттілігі
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы модель дегеніміз – жүйенің белгілі бір өзара байланыстары бар және оның
қызметі мен дамуын сипаттайтын элементтер комплексінің шартты бейнесі. Модель
үрдістің мағынасын жинақты түрде сипаттауға көмектеседі. Құрылған модельден
зерттелетін үрдістердің мазмұнын көруге болады.
Математикалық модельдеу және оның түрлері
Математикалық модельдеу – кез келген құбылыстарды немесе күрделі физикалық
процестерді, аппараттарды олардың математикалық модельдерін құру арқылы зерттеу
тәсілі, математикалық модельді құру процесі.
Математикалық модель деп қажетті процесті немесе аппаратты сипаттайтын
математикалық теңдеулер жүйесін айтады. Математикалық модель үшін кез келген
математикалық мүмкіндіктерді, дифференциалдық немесе интегралдық теңдеулерді,
жиындар теориясын, абстрактылық алгебраны, математикалық логиканы,
ықтималдықтар теориясын т.б. пайдаланады. Математикалық модель негізіне түпнұсқа
мен модельдің айнымалы параметрлерінің біртектес немесе ұқсас теңдеулермен
сипатталуы алынады. Математикалық модель көбінесе, компьютерлер арқылы
зерттеледі, сондықтан оны кейде компьютерлік модельдеу деп те атайды.
Математикалық модельдердің құрылымдық және функционалдық түрлері бар.
Құрылымдық модельдер жүйелердің құрылымын және оның элементерінің өзара әсерін
зерттейді. Функционалдық модельдер жүйенің ішкі құрылысына байланыссыз әртүрлі
жағдайдағы тәртібін талдайды. Құрылымдық модельді оқып үйрену үстінде объектінің
мазмұны туралы, оның сыртқы жағдайларға әсері туралы мәліметтерді алуға болады. Ал
функционалдық модельді зерттегенде объектінің әртүрлі реакцияларының сыртқы ортаға
әсері туралы деректер алуға болады.
Математикалық модельді құрастырудың жалпы
реттілігі
Математикалық модельді құру процесін
шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1. Математикалық модельді құру.
2. Сәйкес есептеу есептерінің қойылымы,
оларды зерттеу және шешу .
3. Практикада модель сапасын тексеру
және модельді жетілдіру.
Қолданбалы есептерді компьютер көмегімен шешу кезеңдерін бірнеше кезеңге
бөлуге болады.
1. Мәселенің қойылымы.
2. Математикалық модельді таңдау немесе құру.
3. Есептеу есебінің қойылымы.
4. Есептеу есебінің қасиеттерін алдын ала талдау.
5. Сандық әдісті таңдау немесе құру.
6. Алгоритмдеу және программалау.
7. Программаны отладка (дұрыстау) жасау.
8. Программа бойынша есептеулер жүргізу.
9. Нәтижелерді өңдеу және интерпретация жасау.
10. Нәтижелерді пайдалану және математикалық модельді түзету.
Қорытынды
Халық шаруашылығы, білім және тағы да басқа салаларда компьютерлердің кеңінен
қолданылуының басты себебі – жалпы технологиялар мен есептеу техникаларының
қарқынды дамуы негізінде инженерлік зерттеу жұмыстарында математикалық әдістердің
кеңінен қолданылуында. Әртүрлі есептеулер көмегімен көп тапсырмарды жеңілдетуге
болады. Математикалық модельдеу нақты дүниедегі обьекттер мен процестерді олардың
математикалық тілдегі жуықталған сипаттамалары болған – математикалық модельдері –
жәрдемінде зерттеу әдісі болып табылады. Жалпы бұл модельдеу түрі қазіргі таңда кеңінен
қолданылатындарының бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
• Введение в математическое моделирование. - М.: Логос, 2014.
• Горлач, Б. А. Математическое моделирование. Построение моделей и численная
реализация, 2016.
• Гусева, Е. Н. Экономико-математическое моделирование, 2017.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz