Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI)
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Пән атауы: Қосымшалардың өзара әрекеттесу интерфейстері
Тақырыбы: Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI)
Орындаған: Исақ А.
Тобы: ИП-16-6к2
Қабылдаған: Дүйсенов Н.
Жоспар
• Кіріспе
• Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI)
• Графикалық пайдаланушы интерфейсінің (GUI)
компоненттері
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы пайдаланушы интерфейсі (user interface) – пайдаланушының жүйемен
әрекеттестігін жасақтайтын бағдарламалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе
арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен
операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен
орындалатын командалардың мәзір құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға
арналған компьютермен жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін
атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), мәзір және
мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді
тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін
сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе
басқару тақтасы ретінде пайдалану.
Графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI)
Графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase – GUI)
“пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда
мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және
көрсеткіштер. Сол үшінде кейде GUI-интерфейсін WIMP-интерфейсі (windows, icons,
menus, pointers) деп те атайды. GUI-интерфейсінің ең маңызды қасиеті бұл тінтуірдің
немесе көрсеткіштің көмегімен тікелей басқару мүмкіндігі, сонымен қатар графикалық
орта мен функциялар және берілген қосымшаларға арналған ортаны пайдалана білу
болып табылады.
Графикалық пайдаланушы интерфейсінің (GUI)
компоненттері
GUI-интерфесінің компоненттерін толығырақ қарастырайық.
1 Терезе – бұл нысандармен жұмыс істеуге, оған қолданылатын амалдарды
орындауға, сондай-ақ сол нысан туралы ақпарат орналасатын орта. Терезеде тақырып
тақтасы, жылжыту жиынтығы, өлшемді өзгерту операциялары, мәзір жиынтығы және
нысандар туралы ақпаратты көрсетуге арналған аймақ бар. Әдетте терезе
тіктөртбұрышты болып келеді. Терезелер көмегімен біз сол терезеде көрсетілген
ақпараттарды ала аламыз және басқа да нысандардың терезелерін бір мезетте ашып
қарауымызға болады.
Мысалы, Изображения терезесінің көрінісі.
Белгішелер (пиктограммалар) дегеніміз бұл жұмыс үстелінде орналасқан әртүрлі
қосымшалардың визуальды графикалық көрінісіне арналған компонент. Белгішенің
орындайтын ең басты операцияларның бірі, ол қосымшаны ашу болып табылады.
Белгішелерді қосымшалардың графикалық символы деп атауымызға да болады.
Мәзір дегеніміз бұл қолданушы таңдау жасай алатын жиынтықтан тұратын компонент.
Әдетте мәзір нысанда орындалатын қолданушы таңдаған командалар тізбегінің
атауларынан тұрады. Мәзірде қолданушыға қажетті толық командалар жиыны
қарастырылған. Сол командалар көмегімен өзімізгі қажетті мәліметтерді ала аламыз және
енгізу, шығару амалдарын да орындауымызға болады. Жалпы мәзірді ең басты компонент
деп атауымызға да болады. Мәзір арқылы бізге қажетті нысанның орнын анықтап,
сонымен жұмыс істей аламыз. Мәзірлердің бірнеше түрі бар: мәзір жолдары, ашылмалы,
қалқымалы және каскадты мәзірлер.
Мысалы, каскадты мәзірдің көрінісі.
Көрсеткіштер деп тінтуірдің көрсеткіші немесе басқа арнайы құрылғының
көрсеткішінен тұратын графикалық жүйені атаймыз. Басқаша айтқанда көрсеткіш бізге
жұмыс үстелінен визуальды көрінетін графикалық символ және ол белгілі бір координатта
орналасады. Сол арқылы біз өзімізге қажетті командаларды орындай аламыз. Сонымен
қатар, көрсеткіштің көмегімен көптеген операциялар орындалады. Ол арқылы пернетақта
арқылы енгізілетін ақпараттың орнын көрсетуге, жұмыс үстеліндегі қосымшалардың
орнын ауыстыруға және іске қосуға, мәзірдегі белгілі бір команданы таңдауға, текстік
редакторда немесе файлдар арасында енгізу, шығару, орның ауыстыру, көшірі, қою сияқты
операцияларды орындауға, сонымен қатар нысандарды өшіруге немесе бір бірімен
байланыстыруға болады.
GUI-интерфейсіне тиісті басқа да қасиеттерді қарастыратын болсақ, олар ақпаратты
уақытша сақтау, пернетақта көмегімен енгізілетін белгілі бір пернелер комбинациясы,
мәзір және диалогтық терезеде орналасқан тездету пернесі, сонымен қатар пернетақта
мен тінтуірдің қосымша әрекеттесу мүмкіндіктері. Өздерінің қажеттілігі мен
пайдалылығына қарамастан бұл қасиеттер GUI-интерфейсінің басты қасиеті ретінде
саналмайды.
Қорытынды
Қорыта айтқанда қолданушы интерфестерінің арасында кең таралғаны дәл осы
графикалық түрі болып табылыады. Оған дәлел Windows операциялық жүйесінің көп
таралуының бір себебі, оның қолданушыға ыңғайлы графикалық интерфейсінің болуы деп
айтылып жатады. Сонымен қатар аталмыш интерфейс экранда орналасқан элеметтердің
нақты орнын көрсетеді, визуальды және графикалық түрде болдықтан пайдаланушыға
өтеыңғайлы болып табылады. Бірақ та GUI-интерфейсі практикалық тұрғыдан жоғары
дәрежесіне кепілдік бермейді. Бұған қарамастан дұрыс деңгейде жобаланған GUI-
бағытталған программалық қосымшасы, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан,
оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
• Джесси Рассел Интерфейс пользователя / Джесси Рассел. - М.: VSD, 2012.
• Коутс Р., Влейминк И. Интерфейс "человек-компьютер"; Мир - Москва, 2004.
• Jasmin Blanchette, Mark Summerfield C++ GUI Programming with Qt 4; Prentice
Hall Ptr - Москва, 2006.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz