Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау


Slide 1

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

Дайындаған: Нәсіпқали Эльмира

ИЗО - 207

Slide 2

Жоспар:

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі

2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі.

а) Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні

3. Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері.

Slide 3

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі

Жоспарлау - бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын, жоспарларды жасап шығару мен тәжірибелік түрде жүзеге асыруды қарастыратын кешенді қызмет.

Кәсіпорын тұрғысынан, микроэкономикалық деңгейде жоспарлау - бұл микроэкономика субъектілерінің саналы, жігерлі шешімдеріне негізделген іс - әрекеттерді жүзеге асыру тәсілі, баға мен нарықты ауыстыратын механизм.

Slide 4

Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың екі түрі бар:

Slide 5

Кәсіпорын қызметін жоспарлау келісідей мүмкіндіктер береді:

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмсалатын күштердің нақты бақылауын жүзеге асыруға;

Басшыларды өз мақсаттары мен оған қол жеткізу жолдарын нақты анықтауға;

Ары қарай бақылау үшін қажетті фирма қызметінің көрсеткіштерін анықтауға;

Кәсіпорынды нарықтың конюнктураның күтпеген өзгерістеріне дайындауға;

Фирманың барлық менеджерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты анықтауға.

Slide 6

Жоспарлаудың қағидалары:

Slide 7

Жоспарлаудың қағидалары:

Slide 8

2. Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі. Бизнес-жоспардың әлеуметтік-экономикалық мәні.

Кез келген жоспардың негізінде бизнес идея жатыр. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.

Көпшілік идея іс жүзінде асырыла бермеуі мүмкін. Жаңа идеяны ойластыруға, оны жүзеге асыруға ұзақ уақыт кетеді. Идея пайда болғаннан кейін, оның прототипін (өнім технологиясын) іздестіруге, яғни ойластырылған бұйымды жасауға, содан кейін сол ұйым табыс түсіретіндей етіп өндіріс процесін (өндіріс технологиясын) құруға тура келеді.

Slide 9

Бизнес-жоспарлаудың мәні және мазмұны, нарықтық экономикадағы рөлі.

П. Друкер шығармашылық ықпалға дәл анықтама берді. «Кез-келген мақсат жүзеге асқанда, менің білетінім, мұнымен идеяға бар ынтасымен берілгендер - фанатиктер шұғылданады». Фирманың ішкі шығармашылығын дамыту үшін американдық менеджерлер өзінің қарамағындағыларға үнемі мынадай сұрақ қояды: «Қазіргі істеп жүргеніңізден басқаша, сіз тағы не істегіңіз келді, әрі мұның өзі барлығымызға және тұтастай компанияға қандай пайда келтіреді?». Осы сұраққа жауап бере отырып, фирманың әрбір қызметкері алдына өзін-өзі жетілдіру мақсатын және оған жету мерзімін қояды.

Slide 10

Бизнестің стратегиялық идеясын жүзеге асыру үшін шығармашылық ойлау негіздерін меңгере білуі керек.

Біріншіден, қалыптасқан жағдайға «статус-кво» күмән келтіруге де, жалпы қабылданған жағдайды теріске шығаруға да болады. Альберт Эйнштейн жаратылыстану ғылымын үйреніп жүрген студенттерге мынадай кеңес берген: күнделікті бір сағат уақыт бөліп біреудің идеясын теріске шығаруға, сөйтіп мұқият ойлана отырып, өз идеяңды ұсынуға талпын.

Slide 11

Бизнестің стратегиялық идеясын жүзеге асыру үшін шығармашылық ойлау негіздерін меңгере білуі керек.

Екіншіден, өзің шұғылданып жүрген мәселеге қолдануға болатын басқа идеяны айқындауға және де оны жаңаша пайдалануға болады.

Үшіншіден, өзіңнің алдын ала сезіну түйсігіңе айрықша көңіл бөл. Әдетте бір нәрсені күні бұрын сезіну сіздің ой-санаңызда жинақталған фактілердің нәтижесі.

Төртіншіден, ойға оралған идеяны бірден бағалауға тырыспаңыз. Әуелі асықпай ойланыңыз, содан кейін бағалаңыз, өйтпейінше тамаша идеяны сіз бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

Slide 12

3. Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері

Бизнес-жоспар - бұл келешек бизнесті жан-жақты толық сипаттау. Бизнес- жоспарда бизнестің идеясы туралы əңгімелеп, қаржылық талдау жүргізіп, маркетингтік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет.

Бизнес - жоспар кәсіпкерге де, кәсіпкердің бизнес бойынша әлеуетті серіктестеріне де, кәсіпкердің өз ісіне арнап несие алуды көздеп отырған банкке де қажет.

Егер бизнес даму және өсу үстінде болса, кәсіпкерге барлық жағдайларды жадында сақтау қиынға соғады. Сонымен қатар, бизнестің барлық аспектілерін толық жоспарлау және сипаттау қажеттілігі туындайды.

Жоспарлау кəсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға жəне қате əрекеттердің алдын-алуға бағытталған.

Slide 13

Бизнес-жоспар - бұл бизнес операцияларды, кәсіпорынның іс әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.

Бизнес-жоспарды жасап шығарудың мақсаты - нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.

Бизнес-жоспар

Slide 14

Бизнес-жоспардың міндеттері:

Кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтау;

Кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;

Кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментін таңдау;

Slide 15

Өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;

Нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т. б. маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерін сәйкестендіру.

Slide 16

Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше əртүрлі себептер бар:

Slide 17 Slide 18

Бизнес-жоспар қандай бөлімдерден тұрады?

Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып отырғандығына қарай əртүрлі болуы мүмкін. Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы жəне оның толық берілу дəрежесі келешек жобаға жəне соның өзі жататын салаға байланысты болады. Мысалы, егер қайсыбір жаңа өнім түрін əзірлеу көзделіп отырған болса, онда өнімнің өзінің күрделі құрылымымен жəне сол өнім нарығының күрделі құрылымымен негізделіп отырған аса толық түрдегі жоспар əзірленуі тиіс. Егер де əңгіме қайсыбір өнімнің бөлшек саудада сатылуы жайлы болып отырса, онда бизнес-жоспар анағұрлым қарапайым болуы мүмкін.

Бизнес-жоспардың құрамы, сонымен қатар, көзделіп отырған өткізу нарығының ауданына, бəсекелестердің бар-жоғына жəне құрылып отырған бизнестің өсу келешегіне байланысты болады.

Slide 19

Кіріспе бөлім

Кіріспе бөлімі, əдетте, бүкіл жоспар жасалғаннан кейін жазылады. Ол қысқа болып (ары кеткенде 2-3 беттен тұрады) жəне дербес жарнамалық құжат ретінде пайымдалуы тиіс, себебі мұнда бүкіл бизнес-жоспардың негізгі жағдайлары беріледі. Мұнда кəсіпорынның атауы мен мекенжайы, құрылтайшылардың есімдері мен мекенжайлары, ұсынылып отырған жобаның негізгі ережелері, оның мəні мен мақсаты, жобаның құны, жұмсалатын қаржы көрсетіледі.

Slide 20

Жобаның тұжырымдамасы және өнімнің сипаттамасы.

Бұл бөлімде сатып алушыларға ұсынылатын өнім немесе қызмет түрлерінің нақты анықтамасы мен сипаттамасын беру қажет. Өнімді өндіру үшін қажет болатын технологияның кейбір аспектілерін көрсетіп кету керек.

Өнімнің негізгі сипаттамаларын беру кезінде сол өнімнің техникалық егжей-тегжейлеріне емес, оның әлеуетті сатып алушыларға беретін артықшылықтары жайлы айтылады. Технологиялық үдеріс жайлы толық ақпаратты қосымшада беруге болады.

Өнімдердің немесе қызмет көрсету түрлерінің бірегейлігін немесе ерекшеліктерін көрсетіп кеткен маңызды. Мұны түрлі формада көрсетуге болады: жаңа технология, тауардың сапасы төмен өзіндік құн немесе сатып алушылардың қажетсінулерін қанағаттандыратындай қандай да бір ерекше артықшылығы. Сонымен қатар, сол өнімді жетілдірудің мүмкіндігін көрсетіп кету қажет.

Егер жоспарды өзіңізге арнап, алайда инвесторларды немесе серіктестерді іздестіру мақсатында жазып отырсаңыз, онда әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге мұқият түрде сипаттама беру қажет.

Slide 21

Макроорта мен саладағы істің мəн- жағдайын талдау.

Бұл бөлімде келешек бизнес-жоба қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттары суреттеледі. Жаңа жобаның идеясын үлкен орта мен саладағы істің мəн жайын ескере отырып ұсынған өте маңызды. Бизнестің өзіне жəне сол жұмыс істеп, бəсекелесетін ортаға баға беру қажет, себебі бəсекелес күрестегі жеңіске жету критерийлерінің біріне нарықтағы жағдай жатады.

Бизнес-жоспарда саладағы істің ағымдағы мəн-жайына талдау жасау ұсынылады. Сонымен қатар, соңғы жаңа өнімдер (қызметтер) бойынша анықтама беріп, әлеуетті бəсекелестерді атап, солардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп кету ұсынылады. Сонымен қатар, сол сала бойынша жасалып отырған барлық болжамдарды зерттеп жəне соның нəтижесінде сіздің бизнестегі тауарлардың немесе қызметтердің тура қандай тұтынушыға арналғаны жайлы сауалға жауап беруге болады.

Slide 22

Нарықты талдау

Нарық жəне маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа болып табылады. Сізге өз-өзіңізді жəне әлеуетті инвесторларды өнім үшін нарықтың бар екендігіне жəне өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға сендіру қажет.

Кез келген бизнес жəне атап айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес -ерте ме, кеш пе, бəсекелестік проблемасына кез болады. Сол себептен тікелей бəсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, əр бəсекелестің нарықтағы әлеуетті үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау жəне өзге көрсеткіштер жағынан бəсекелесе алатынын көрсету қажет.

Slide 23

Маркетинг жоспары

Бұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрсету қажет. Мұнда сіздің тауарыңыздың немесе қызметіңіздің қалайша сатылуы көзделіп отырғаны, ол үшін қандай бағаның белгіленетіні жəне жарнаманы қалай жасауға болатыны сипатталады. Нақты бөліктер жиі жағдайда күрделі болып келеді жəне баға саясаты, сауда саясаты, жарнама жəне т. б. салаларды қозғайды. Бұл бөлімде өнімнің (жұмыстардың немесе қызметтердің) бəсекелесуші баламаларымен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бағалар, баға саясаты, сауда саясаты, өткізу арналары, өнімді жарнамалау жəне нарықта ілгері жылжыту, өнімді қолдау саясаты, әлеуетті сатып алушылардың қызығушылық танытуы, өнімді өткізудің болжамы тəрізді мəселелер қаралған.

Slide 24

Өндірістік жоспар

Бұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процестері суреттелуі тиіс. Мұнда ғимараттармен, олардың орналасуымен, жабдықтармен, қызметкерлермен байланысты болып келетін мəселелер қарастырылған. Егер құрылып жатқан бизнес өндірістік санатқа жатса, онда өндірістік процеске толықтай сипаттама беру қажет: өнімнің өндірісін ұйымдастыру, өндірістік процестерді бақылау, өнім құнының негізгі элементтерін бақылау. Егер кейбір операцияларды орындауды қосалқы мердігерлерге тапсыру көзделіп отырған болса, солар жайлы мəлімет беру керек, яғни қосалқы мердігердің атауы, мекенжайы, соның таңдалу себептері, бағалары жəне жасасқан келісімшарттар туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Slide 25

Өндірістік жоспар

Өздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойынша өндірістік ағымдардың сұлбасын, өндірістік жабдықтың, шикізат пен материалдардың тізімін, соған қоса жеткізушілерді (атауын, мекенжайын, жеткізу шарттарын), жуықтап алынған бағасын көрсетумен, сондай-ақ келешекте қажет болуы мүмкін өндірістік жабдықтың тізімін беру қажет. Ақыры, бұл бөлімде өнімнің шығарылуын қаншалықты жылдам түрде арттырып немесе қысқартуға болатыны жайлы мəселелер көрінісін табуы тиіс.

Slide 26

Ұйымдастыру жоспары

Бұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кəсіпкер бола ма, жекеменшік кəсіпорын немесе серіктестік бола ма. Егер бұл серіктестік болса, сол өздеріне негізделген шарттарды келтіру қажет. Келешек бизнестің құрылымдық ұйымдастырылуы (құрылымы) көрсетіледі. Қызметкерлердің саны туралы жəне штаттың кеңейтілуі туралы, ма мандарды оқыту мен даярлау туралы, сондай-ақ кеңес берушілерді, кеңесшілерді, менеджерлерді тарту туралы мəліметтер беріледі. Бұдан əрі кəсіпорынға жетекшілік ету мен басқару мəселелері қаралады. Басқарушы топтың қандай ұстаным бойынша құрылғаны түсіндіріледі жəне оның əрбір мүшесінің рөлі суреттеледі. Басқарушы топтың барлық мүшелерінің өмірбаяны бойынша қысқаша мəліметтер келтіріледі. Бүкіл команданың білімі мен біліктілігіне талдау жүргізіледі.

Slide 27

Қаржылық жоспар

Қаржылық жоспар бизнес-жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне сатудың көлемі, пайда, капиталдың айналымы, өзіндік құн жəне т. б. жатады. Қаржылық жоспар 3-5 жылға арнап жасалады жəне оған мыналар жатады: табыс пен шығынның болжамы, ақшалай түсімдер мен төлемдердің болжамы, алғашқы жылға арналған баланстың болжамы. Қаржылық жоспарды жасау кезінде нақты ақша ағымының (қолма-қол ақша ағымының) жағдайына, кəсіпорынның тұрақтылығына, қаражат көздері мен қаражаттың пайдаланылуына талдау жасалады. Залалсыздық нүктесі белгіленеді.

Slide 28

Қоршаған ортаның аспектілері, əлеуметтік аспектілер


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің жіктелуі
Кәсіпкерл
Кәсіпкерлік жайында
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
КӘСІПКЕРЛІК туралы
Инновациялық қызметтен табыс алу
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес- жоспарлау
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау қойылған мақсаттарға жету мақсатында әсер ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz