Дипломалды тәжірибе есебі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Тағам өнімдерін өңдеу технологиясы»
кафедрасы
Орал 2015
Дипломалды тәжірибе есебі

Менің мақсатым
Мен дипломалды тәжірибемді өзімнің туған өлкем Шыңғырлау ауданыңдағы ЖШС «Астық сақтау кәсіпорнынан» өттім. Бұл кәсіпорыннан өту мақсатым кәсіпорынмен толығырақ танысу жәнеде өзіме керекті ақпараттармен білімімді толықтыру. Қазіргі кезде еліміз ауыл шаруашылығын алға қойды. Соның ішінде мал шаруашылығы. Шыңғырлау ауылында көбінесе ірі қара өсірумен айналысады. Ал ірі қара тұқымы жақсы болуы үшін оның азығы жақсы болуы қажет. Сол себептенде құрама жем туралы толығырақ білу үшін, қалай сақталатының, ылғалдылығын тексеруді үйрену үшін осы кәсіпорынды таңдап, тәжірибеден өттім. Менің мақсатым осы кәсіорын аумағынан кішігірім құрама жем цехын жобалау.

Жоспар:
1. Кәсіпорынға жалпы сипаттама
2. Құрамажемге жалпы сипаттама
3. Құрама жемнің түрлері
4. Құрамажемге сипаттама және сапасына қойылатын талаптар
5. Құрамажем өндірісінің технологиясы
6. Құрама жемді түйіршіктеу.
7. Құрама жемге қойылатын негізгі талаптар.

Кәсіпорынға жалпы сипаттама
«Шыңғырлау астық қабылдау кәсіпорыны»
Кәсіпорынның бірінші директоры-Тасмагамбетов Айгали Бахтиярұлы. Қазіргі уақытта зейнеткерлікте. Оның ізін жалғаушы қазіргі басшысы ұлы Тасмагамбетов Мерболат Айғалиұлы. Кәсіпорын 1939 жылы құрылды. Аумағы 16, 7 га құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорын тек астық сақтаумен ғана айналысады. Кәсіпорында астық, құрама жем сақтауға арналған 18 қойма бар. Соның ішінде он үш қоймада астық пен құрама жем сақтаулы.

Құрама жем дегеніміз- ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындалып, малдың толық құнды азықтандырылуын қамтамасыз ететін әртүрлі жем қоспасы мен микроқосымшаның тазаланған және қажетті ірілікке дейін ұнтақталған біркелкі қоспасы.

Физикалық күйіне байланысты құрама жемнің келесі түрлері болады: шашыранды гранулденген, брикеттелген және галет күйінде.
Шашыранды құрама жем - біркелкі ұнтақталған өнім күйінде болады. Шашыранды құрама жем дайындағанда шикізатты бөтен қоспалардан тазалап, қауыздайды (қауызды дақылды) және ұнтақтайды. Осылай дайындалған құрауыштар мөлшерленіп, араластырылады.
Брикеттелген құрам жем - бұл биологиялық дұрыс пішіндегі және белгілі өлшемдегі тақта күйіндегі өнім. Мысалы, сегізбұрышты пішіндегі брикеттер, ұзындығы - 160-170мм, ені - 70-80мм, қалыңдығы (биіктігі) -30-60мм. Оны дайындау үшін ұнтақталған құрауыштардың қоспасын дайындайды, алынған сусымалы масса арнайы араластырғышқа түседі, оған бір мезгілде мөлшерленген меласса да түседі. Ұнтақталған құрауыштар мен мелассадан тұратын қоспа брикеттеуге преске түседі. Кейбір брикеттелген құрама жемді ұнтақталған пішен мен сабан қосылады.
Гранулденген құрама жем - белгілі пішен мен өлшемдегі тығыз түйірлерден тұратын сусымалы масса. Мысалы: белгілі диаметр менбиіктіктегі кішкене цилиндр күйінде. Гранул жасау үшін екі әдіс -құрғақ және сулы қолданады.
Гранулденген құрама жем әсіресе балыққа, тоған балықтары мен терілі аңдар үшін пайдалы.

Құрамажем сапасына қойылатын талаптар
Комбикоромның сапасының нормалары МЕМСТ бойынша анықталады. Комбикоромның сапа көрсеткіштері құрама жем түріне, малдың түріне, олардың жасына байланысты болып келеді. Негізгі сапа көрсеткіштері болып табылады: азықтық бірліктегі тағамдық құндылығы. Ол 70-тен 105-ке дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Бір азықтық бірліктегі қорытылатын протеиннің 80-нен 170 граммға дейін болуы. Шикі клетчатканың 4, 5-тен 19 %-ға дейін болуы. Комбикоромның тағамдық құндылығы бірнеше қатарлы көрсеткіштермен анықталады. Есептеулерді ыңғайлы жүргізу үшін құрама жемнің тағамдық құндылығын 100 грамм жемнің құрамындағы азықты бірліктердің санымен көрсетеді. Мысалы, сұлының тағамдық құндылығы бұл жағдайда 100 азықтық бірлік болады. 100 грамм комбикоромда құстар үшін ауыспалы энергия 300 ккал төмен болмауы керек. Сонымен қатар, комбикоромның құрамында құмның 0, 3-тен 0, 7-% - ға дейін, металломагнитті қоспалардың 1 кг - ға деп есептегенде 10-50 мг дейін болуы шектеледі. Комбикором ылғалдылығы 14, 5 % артық болмауы керек, қышқылдылығы - 5 % артық емес. Зиянды қоспалардың және ұсақталмаған тұқымдардың болуы шектеледі. Комбикоромның түсі, иісі ингредиенттерге байланысты болу керек, сыртқы түрі бойынша - біртекті, көгерген белгілері болмау керек. Ингредиенттердің тарту ірілігін малдың түріне және жасына байланысты орнатады. Түйіршіктелген құрама жемдер үшін қосымша көрсеткіштер енгізілген. Негізінен түйіршіктердің өлшемдері регламентациялайды, олардың шашылуы (5 % артық болмауы керек), балықтар үшін - суда ісіңуі 15 минуттан төмен емес, брикеттелгендер үшін - брикеттердің тығыздығы және т. б. БВД ылғалдылығы - 12-14 % артық болмауы керек, протеин - 25% кем емес, клетчатка - 8 % артық болмауы керек, металло магнитті қоспалар 1 кг-ға деп есептегенде 25 мг
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz