Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері


Slide 1

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік рәміздері

Slide 2

“Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар - халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз. ”

Н. Назарбаев

Slide 3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары

Қазақстанда үш түрлі басы бүтін мемлекеттік нышандар бар, олар елтаңба, ту, әнұран. Нышандар бүгінгі ұрпақпен өмірден өткен ұрпақтың арасын байланыстырушы, уақыттың үзілмес жігін куәландырады. Олар халықтың ұлт ретінде бірігуін көрсететін естеліктің куәгері. ХХ жүзжылдықтың аяғында тарих сахынасында Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастырды. Осы шақта жаңа ресми нышандарды әзірлеу ерекше маңызды болды.

Slide 4

1992жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Менің Қазақстаным

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмекен Нәжімеденов

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны -

Еліме қарашы

Ежелден ер деген,

Данқымыз шықты ғой!

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің жерім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің -

Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!

Slide 5

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт- санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін, еліміздің өткені, бүгіні мен келешегі арасындағы сабақтастықтың жарық бейнесіне айналған ерекше құнды белгілер.

Н. Ә. Назарбаев

Slide 6

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы

Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.

Slide 7

Шакен Ниязбеков - Қазақстан Мемлекеттік Туының авторы және суретші. Ол 1938 жылы 12 қазанда Тараз қаласында өмірге келген. Шакен Ниязбеков анасы жағынан кеңес одағының батыры Бауыржан Момушылының туысы, сонымен қатар арғы ата-бабалары Төле би болған екен. Ол 10 жасында ата-анасынан, апасынан айрылған. Мектепті бітіргеннен кейін Ленинградтағы В. И. Мухин атындағы жоғарғы сурет-өнеркәсіп училищесін бітірген. Студент болып жүрген кезінен-ақ ол Эрмитаждағы, Петродворец-тегі Исаакиев соборын қайта өндеу жұмыстарына қатысқан. Ол өзінің басты ұстазы суретші Әбілхан Қастеев деп есептейді.

Slide 8

Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн - қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн - уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Slide 9

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi.

Түндік - таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Slide 10

Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.

Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.

Slide 11

Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы - ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Өзбекстанның еңбегі сіңген архитекторы.

Ол 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. Ол Ташкенттегі архитектуралық Политехникалық институтты бітірген. Өзбекстаның ғылыми - зерттеу институты өнеркәсібінің және қала кұрылысының басты жобасының архитекторы. Қазір Астана қаласында тұрады

Уалиханов Шота-Аман Ыдырысұлы Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік Елтанбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген архитек-тор, Қазақстан Республикалық Мемлекеттік сыйлығың лауреаты. Ол 1932 жылы 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыр-тау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Мемлекеттік тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бастығы.

.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтанбасының

авторлары - Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов

Slide 12

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

әнұраны

сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев,

әні: Ш. Қалдаяқовты

Менің Қазақстаным

Сөзін жазғандар: Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмекен Нәжімеденов

Әні: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны -

Еліме қарашы

Ежелден ер деген,

Данқымыз шықты ғой!

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің жерім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің -

Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!

Slide 13

1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі. Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.

Slide 14

1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.

Slide 15

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз - Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан - дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.

Slide 16

Жұмекен Нәжімеденов - ҚР-ның Мемлекеттік әнұранының авторы. «Менің Қазақстаным» өлеңінің сөзін ол 21 жасында жазған екен.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім
Ұлт - азаттық көтеріліс жылдары
Еліміздің мемлекеттік рәміздері
Мемлекет және заң
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Ваш логотип или название
Елтаңбаның авторлары
Алматы облысының әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы
Қазақстан - әлем назарында
Мәдени - тарихы мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz