Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастарының рөлі


Slide 1

Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастарының рөлі Орындаған : Төлеуханова А . Тексерген : Серикбаева Н . Б.

Slide 2

Жоспар

1. Отбасы туралы түсінік және отбасының түрлері

2. Неке туралы түсінік және некенің түрлері

3. Отбасының әлеуметтік қызметтері

4. Ана мен баланы қорғаудағы өзекті сұрақтар.

5. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

ОТБАСЫ - ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ

Отбасында адам бойындағы асыл

қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.

Отанға деген ыстық сезім - жақындарына,

туған-туысқандарына деген

сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Ә. Назарбаев

Slide 4

Отбасы туралы түсінік

Отбасы - бір-бірімен туыстық қатынаста өмір сүретін, ортақ тұрғын үйімен, экономиялық кооперациямен, ұрпақ қалдыру мақсатында ұйымдасқан әлеуметтік топ.

Slide 5

Отбасы түрлері

Slide 6

Басқару принципі бойынша

Эгалитарлы отбасы- ерлі-зайыптылар тең басқарады.

Авторитарлы отбасы- ерлі-зайыптылардың біреуі басқарады.

Slide 7

Нуклеарлы отбасы- бір некелік жұп және балаларынан тұратын отбасы.

Slide 8

Күрделі отбасы- нуклеарлы отбасы мүшелері+ ата, әжелері, ерлі- зайыптылардың туысқандары, достары, т. б.

Slide 9

Отбасының әлеуметтік қызметтері

Slide 10

Отбасының тәрбиелік қызметі

Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қарым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Slide 11

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі

бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек - арқауы;

- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.

Slide 12

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Адамның адамшылдығы - ақыл,

ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай

Slide 13

Репродуктивті денсаулықты қорғау - ол отбасы немесе тұлғаның репродуктивті денсаулығына байланысты мәселелердің алдын алуға және шешуге бағытталған факторлардың, әдістердің, шаралардың жиынтығы болып табылады.

Slide 14

Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т. б. Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т. б.

Slide 15

Қымбатты ата-ана, ұстаздар!

Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.

Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашан да бір арнадан табылған.

Slide 16

Дәйексөз

Әке- асқар тау,

Ана- ағып жатқан бұлақ,

Бала -жағадағы құрақ.

Халық нақылы.

Slide 17

Қорытынды

«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт. Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды. Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!Не болса да Отанның бір бөлшегі - отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы - табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

Slide 18

Пайдаланылған әдебиеттер

Қ. Жарықбаев “Ақылдың кені” Алматы-2008ж

Жамал Байжанова “Ана дәптерінен”

Халел Арғынбаев “Қазақтың отбасылық дәстүрлері”

Рахметов Қ. Ж, Болатова А. Н, Исмағамбетова З. Н “Cоциология” оқулық.

www. google. ru


Ұқсас жұмыстар
Отбасының адам өмірінде алатын орны
Вставка рисунка
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі мен маңызы
Адам өмірінде отбасы және туыстық қатынастардың рөлі
Адам өмірінде отбасының рөлі
Ваш логотипсақтайды или название
ОТБАСЫ. Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы
Отбасы құндылықтары
Отбасы мүшелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz