Химиялық зақым ошақтары мен күшті әсер ететін улағыш заттар ошақтарындағы санитарлық дружинаның жұмысы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық зақым ошағы мен күшті әсер ететін улы заттар ошақтарындағы санитарлық дружина жұмысы
Cабақтың мақсаты:
Химиялық қару туралы жалпы мағлұмат беру
Улағыш заттардың жіктелуімен таныстыру
Зақым ошақтарындағы санитарлық дружинаның жұмысымен таныстыру
Химиялық қару - ұрыстық
қолданылуы құралдарымен
бірліктегі улағыш заттар.
УЛАҒЫШ ЗАТТАР - өздерінің физика - химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде, адамдарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып - жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы.
Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:
1. Уақытша қатардан шығару
2. Жою
3. Адамдарды тірі роботқа айналдыру
4. Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.
Улағыш заттарды жіктеу
УЗ топтары
УЗ құрамына кіретін
химиялық заттар
Жүйке жансыздандыратын
Зарин, зоман, В- газдары
Тері-іріңдік
Иприт, люприт
Тұншықтырғыш әрекетті
Фосген, дифосген
Жалпы уландырғыш әрекетті
Хлорциан, синил және лизерген қышқылы
Уақытша қатардан шығару
Маскалин
Тітіркендіргіштік әрекетті
Хлорпикрин, хлорацетофенон
Химиялық зақым ошағы дегеніміз - улағыш заттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық - түлік және шикізат қорлары, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, тұрғын халқы бар аумақ
КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛАҒЫШ ЗАТТАР -
(КӘУЗ) бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар
КҮШТІ ӘСЕР ЕТЕТІН УЛАҒЫШ ЗАТТАР УЫТТЫЛЫҒЫ ЖАҒЫНАН ТӨМЕНДЕГІШЕ ЖІКТЕЛЕДІ
1 класты - өте қауіпті ;
2 класты - жоғары қауіпті;
3 класты - орташа қауіпті;
4 класты - аз қауіпті.
Күшті әсер ететін улағыш заттар тұрақтылығы мен зақымдаушы әсерінің басталуына байланысты төмендегіше жіктеледі: 1. тез әсер ететін тұрақсыз; 2. жай әсер ететін тұрақсыз; 3. тез әсер ететін тұрақты; 4. жай әсер ететін тұрақты; 5. жартылай тұрақты
Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
Химиялық қаруға қарсы қорғаныс іс- шараларын жүргізу.
Мейлінше тығыз уақытта алғашқы жәрдем көрсету.
Ошақ сыртына көшіру.
Тұрақты КӘУЗ - бен зақымданғандарды санитарлық өңдеу.
Ошаққа алғашқы дәрігерлік көмекті жақындату және арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру.
Зақым ошақтарына санитарлық дружинаны енгізу
Санитарлық дружина дегеніміз - Азаматтық қорғаныстың медициналық күштерінің құрамына кіретін құрылым.
Санитарлық дружинаның мақсаты зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
Командирі
Саяси жетекші
Байланысшы
4 адамнан құрылған жасақшы санитар
қыздар звенолары
№4
№3
№2
№5
№1