Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

Медицина Университеті

Кафедра: Жалпы хирургия

Тақырыбы: Хирургиялық бөлімдегі

науқастардың тамақтануы.

Тексерген:Рахматуллин Ю. Я.

Орындаған:Пірмахан А. .

Тобы :11-33-2к

Курс: ІІІ

Факультеті : Жалпы медицина

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Тамақтану -биологиялық қажеттілік.

Негізгі бөлім:

Ауруханадағы тамақтануды ұйымдастыру;

Стационардагы науқастардың тамақтану ерекшеліктері;

Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтану ерекшеліктері және ұйымдастырылуы;

Қорытынды

Slide 3

Тамақтану

- тірі организмнің негізгі физиологиялық қажеттілігінің бірі болып табылады;

Адам организмндегі барлық тіршілік процестерінің негізгі организм мен сыртқы орта арасындағы тұрақты зат алмасу;

Slide 4

Емдік тамақтар сырқаттың тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді және аурудың патологиялық механизмдеріне әсер етеді.

Емдік тамақтардың міндеттері:

бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру және терациялық әсер етуі;

тамақтануды ұйымдастыру арқылы науқастардың өмір сүруге белсенділігін қалпына келтіру және арттыру;

Slide 5

Емдік тамақтануды ұйымдастыруда қойылатын талаптар:

Азықта адам тіршілікке қажетті белок, май, көмірсу, сутегі, минералды тұздар, су, витаминдер мен организмнің қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар болуы керек;

Емдік тамақтану адамның жынысына, жасына, салмағы, бойына, жұмсалатын күш ұуатына байланысты сәйкес болу керек;

Стационарда жатқан сырқатқа арналған тағамның колориясы дене еңбегімен шұғылданбаған адамдарғақойылатын талаптан аспауы тиіс;

Тамақтың толық жарамдылығы, алуан түрлілігі және орынды тамақтануы қадағалануы тиіс;

Тамақтың толық залалсыздығын қамтамасыз ету керек;

Тамақты белгілі уақытта қабылдау керек;

Дене салмағын арттыру үшін колориясы мол тағамдар, ал кеміту үшін колориясы төмен тағамдар қабылдауы керек;

Slide 6

Тағамның қажетті құрамдас бөліктері:

Белоктар;

Майлар;

Көмірсулар;

Минералды тұздар;

Витаминдер;

Ферменттер;

Slide 7

Диета

- сырқатты емдеу тәсілі ретінде немесе оның асқындырмау мақсатында жасалатын рацион әрі тамақтану режимі;

Тамақтың белгілі бір әсері оның сезім мүшелеріне әсер етіп, тамақ қорыту мүшелерінің қызметін күшейтетін рефлекстер жасауымен сипатталады. Кез келген диета жасау кезінде алдымен сырқатының түріне, жынысына, жасына салмағына, бойына, жұмсалатын күш қуатына сәйкес болуы тиіс. Адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілеттілігі, сондай ақ ұзақ өмір сүруі дұрыс тамақтануға байланысты.

Slide 8

Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтарын ұйымдастыру:

Диеталық тамақтандыру - комплексті терапияның міндетті түрдегі компоненті, ол бірқатар ауруларды емдеудің негізгі әдісі.

Slide 9

Диетотерапия

- тамақты емдеу мақсатында қолдану. Ол алдымен ауру мүшеге химиялық және механикалық аяушылық көрсету, бұзылған функцияны қалпына келтіру үшін немесе сырқат организміне жететіндей қажетті қоректік заттарды өндіру үшін бір тағамды екіншісімен ауыстыру.

Slide 10

Операция жасалған науқастарды тамақтандыру

Диета негізгі назологиялық формалар бойынша жүктелген. Әрбір диета

нақты бір сырқат кезінде ас қабылдау ауруды күшейтпейтіндей, әлсіреген ағзаға барынша бейімделіп жасалған. Әрбір диета тамақтану тәртібімен, химиялық құрамымен, коллориясымен сипатталады. Сонымен бірге рұқсат етілген немесе тиым салынған азық түліктер тізбесі болады. 15 медициналық диета бар. Ауруханадағы диеталардың саны оның саласына қарай белгіленеді.

Slide 11

Медицина Ғылым Академиясының тамақтандыру институтының клиникасында, емдеу мекемелерінде диеталарды белгілейді:

Белгіленген номенклатура бойынша 1-15 дейінгі диеталар қолданылады:

№1 диета -созылмалы гастрит, асқазан қышқылы көбейген, асқазан ұлтабардың ойық жаралары;

№2 диета -созылмалы гастрит, асқазан қышқылы азайған;

№3диета-Іш қату;

№4диета-Іш өту;

№5диета-Бауырдың және өт жолдарының аурулары;

№7диета-Бүйрек аурулары;

№8диета-Семіздік;

№9диета-Қант диабеті;

№10диета-Жүрек қан системасы аурулары;

№11диета-Туберкулез;

№13диета-Қызба кезеңдері;

№14диета-Фосфатурия кезінде

№15диета-Жалпы стол;

Slide 12

Жасанды тамақтандыру:

- организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды (веналық немесе тері астылық) қоректік заттарды енгізу.

Түрлері:

Асқазан зонды арқылы

Клизманың көмегімен;

4. Парентеральды (венаға немесе тері астына)

Slide 13

Асқазан зонды арқылы тамақтандыру:

Вазелинмен немесе глицеринмен майланған зарарсызданған жіңішке зондты сырқаттық асқазанына енгізеді. Зондтың бас жағына воронка енгізеді, оған дөрекі тағамдар араласпаған (сүт, айран, шикі жұмыртқа, маңыз сорпа, кокао ерітіндісі, жеміс шырыны) құяды. Күніне бірнеше рет шағын қысыммен ептеп жібереді. Кейде зондты апта қалдырып қояды. тЕгер зондты мұрын жолы арқылы енгізуге болмаса, оны ауыз арқылы енгізеді де беттің терісін пластырмен жақсылап бекітеді. Қоректік заттарды енгізіп болған соң ондағы тағамның қалдықтарын жуу үшін зондқа таза су құяды.

Slide 14

Клизма арқылы тамақтандыру

Клизма арқылы тамақтандыру үшін тік ішекке тамшылама ретінде 300-500мл 37С жылытылған 5% глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридтің изотониялық ерітіндісі немесе аминоқышқыл ерітіндісі қолданылады. Ерітіндінің аз мөлшерін груша тәріздес баллонмен жіберуге болады.

Slide 15

Парентеральды жолмен тамақтандыру:

Ас қорыту жолдарының өтімсіздігінде, ісік ауруларында және өңеште, асқазанда операция жасалған жағдайда, әлсіреген науқастарға беріледі. Ол үшін белок препараттары (аминоқышқылдар, гидролизин, казеин, фибриносол), майлы эмульсиялар, 10% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Мына дәрі дәрмектердің: гидролизин,

Slide 16

Науқастардың хирургиялық операцидан кейінгі диетасы

Ең жиі кездесетінері іш қуысының мүшелеріне жасалатын операцияларға арналғандар болып табылаы Бұлардың ішінде бірінші орында жедел аппендицит содан кейін өт қалтасының асқазан мен ішектің аурулары тұр Бұлардың операциядан кейінгі диетаның ерекшеліктері мынадай;

Slide 17

Науқасты аппендэктомиядан кейінгі тамақтандыру

1. 10 Сағатқа дейін ашығу

2. 10-12сағаттан кейін диета-№1

3. 2 күннен кейін диета-№1

4. Одан соң шыққанға дейін диета-№15

5. Тәтті сүт өнімдерін қабылдауға болмайды

Өт қалтасы мен өт шығару жолдарына жасалған операцияданкейінгі тамақтандыру

1. Бірінші күні ашығу

2. 2-күннен бастап стол №1

3. 5-6шы күннен бастап стол №1

Тоқ ішегіне жасалған операциядан кейінгі тамақтандыру

1. Бірінші күннен бастап науқасқа аздап су ішкізуге болады Алғашқы 3тәулікте ас қорыту жолдарынан тыс қоректендіру тағайындалады

2. 4ші күннен бастап №1диетасы кейін №4 дейін котеріледі

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы туралы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы науқастардың тамақтану
Пульмонология бөлімшесінің мейіргерінің міндеттері
Операциядан кейінгі кезең
Эндовидиохирургия
Емдеу қорғау тәртібі
ӨҢЕШТІҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Ауруханалардың ішін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz