БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ




Презентация қосу
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА
ПРОБЛЕМАЛЫҚ
ОҚЫТУДЫҢ
ТӘСІЛДЕРІ
Тақырыптың өзектілігі.

Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылы 1-наурызда халыққа
жолдауында: Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды
құралдардың бірі-деген/1/.
ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей білім беру жүйесінің негізгі
міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке тұлғаныңы қалыптасуы мен дамуына қажетті
жағдай туғызу болып табылады. Сонымен екінші бапта білімнің негізгі
міндеттері рухани және дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің
тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың
дамуына жағдай туғызу арқылы ақыл-ой мен жеке тұлғаның
шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған.
Әр мектептің білім әрекеті әр оқушының қызығушылығы мен қабілеттілігін
анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға бейімделу қабілеттілігі мен
қоғамдағы табысты іс-әрекетіне бағытталған/2/.
Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушыларының ойлауын дамытуда
проблемалық оқытудың тиімді жолдарын іздестіру.

Зерттеу обьектісі: бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі
проблемалық оқыту.

Зерттеу пәні: проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың
ойлауын дамыту жолдары.

Ғылыми болжамы: егерде ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі,
мақсатты түрде құрылса проблемалық оқыту тәсілдері арқылы
оқушылардың ойлауын дамытуға болады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ғылыми- әдістемелік әдебиеттердегі проблемалық оқытудың
теориялық негізін анықтау.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау деңгейлерін психологиялық
педагогикалық тұрғыдан анықтау жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс көлемі:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі
тараудан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. «Бастауыш сыныптарда
проблемалық оқытудың тәсілдері»
тарауында проблеманың психология,
педагогика саласында зерттеу деңгейі
қарастырылып, бастауыш сынып
тәжірибесіндегі проблемалық оқыту
Зерттеу көздері: зерттеу тәсілдеріне негізделген жұмыстардың
проблемасына байланысты мүмкіндіктері туралы сөз болады.
педагогикалық-психологиялық «Пробемалық оқыту тәсілдері
ой-пікірлер, жалпы білім беретін арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға
мектептің бастауыш бағытталған тәжірибелік жұмыстары»
сатысындағы білім мазмұны атты екінші тарауда оқушылардың ойлау
тұжырымдамасы, Қазақстан деңгейінің педагогикалық және
Республикасы бастауыш психологиялық шамасы, оларды анықтау
білімнің мемлекеттік стандарты, жолдары туралы айтылады.
жалпы білім беретін мектептің Курстық жұмысты жазу кезінде
бағдарламалары,оқулықтар,оқу қолданылған әдебиеттер тізімдері
құралдары; көрсетілді.
Педагогика тарихында eкi түрлi қapaмa-қайшы пiкiр орын алып келедi. Бiрi
- жаратушының күштiлiгiң тұқым қуалаушьшық факторды қуаттаса, екіншiсi
керiсiнше барлық нәтиженi ортаның әcepiнe жатқызады.
Қазiргi күнгi ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада
сеулеленуiне яғни танымдық тәжiрибенi және әpeкeттi мeңгepyінe, меншiктеуiне
байланысты деп қарайды. Бұл - оқу бiлiм алу деген сез.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементi. Кез келген оқыту
белгiлi бiр мөлшерде адамды дамытады. Оқыту процесін іске асыру белгілі бір
заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады /7/.
Проблемалы окытудың мақсаты — мұғалім оқушыларды білім
жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай,
олардың танымдық, және шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқушыларға тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды
шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа
білімді игеру туралы қорытынды жасайды. Оны практикада қолданады /9/.
Проблемалық оқыту бағдарламаланған оқыту жүйесі сияқты білім
берудің белсенді технологиясына жатады. Оның негізінде қандай да бір
тапсырманы, мәселені шешу жатыр. Ғылымда проблемалық дегеніміз -
қарама-қарсы жағдаят, қандай да бір құбылыстың нысаны, үрдістің
түсініктемелерінің қарама-қарсы жағдайда көрінуі/6/.
Проблемалық оқыту мәні - толық шешімін таппаған, таласты сұрақтардың
бірі. Проблемалық оқытуды дидактикалық жүйе, әдіс, оқыту ұстанымы, типі
деп атап жүр.
Сонымен ол оқыту үрдісі болып табылады, яғни:

-ойлау операцияларынын қисынын
талдау, жүйелеу, қорытындылау мен
оқушылардың ізденіс әректтерінін
заңдылықтары проблемалық жағдаяттың
танымдық қызығудың, қажетсінудің
дәрежесін ескере отырып жасалған оқу
мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін
қолдану ережелерінін жүйесі;
-ойлау қабілеттері мен танымдық
қызметтерін қалыптастыру, ақыл - ойын,
ойлауды дамыту
Заңдылықтары негізінде арнайы
педагогикалық құралдар арқылы
оқушыларды ғылым негіздерін оқып
үйрену, ғылыми біліммен қаруландыру
арқылы жүргізілетін жұмыс.
Проблемалық оқыту - оқытудың жаңа типі. Ол
түсіндірмелік - иллюстративтік әдісті алмастырып,
оқушылардың шығармашылық ізденіс үстінде білім
алуына негіз болады (В.Загвязинский) /10/.
Дәстүрлі оқыту мен проблемалық оқыту арасындағы
негізгі ерекшелік, айырмашылық екі жайттан көрінеді:
педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мақсатынан және
ұстаным қағидасынан.
Проблемалық оқытудағы
оқушылар білімінің,дағдысы
мен икемділігінің өзектілігі
мынада:
-болжамды ұсыну және
негіздеу;
-өзекті мәселені
қалыптастыру,өзекті жағдай
туғызу;
-болжамды тексеру;
-мәселені шешудің дұрыстығын
тексеру;
-шешуші қорытынды жасау.
Проблемалық оқыту-
дидактикалық ұстаным,ол
жүйе де,әдіс те емес.
Пікірталаста түсінбеушілік
тудырудағы қарама-қайшылық
деңгейінің араласуынан
байқалады.
Проблемалық оқытудың кемшілігі оның оқу үрдісінде оқушыға қиындық
туғызатындығын, соның арқасында шешу жолын ізденуге көп уақытың
кетуін жатқызуға болады. Сонымен қатар бағдарламаланған оқытуға
қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру оқытушының
шеберлігі мен көп уақытын талап етеді. Тап осы жағдайлар проблемалық
оқытуды кең қолдануға кедергі келтіреді. Бірақ, оған талпыну керек және
әрбір шебер педагог оны қолданады, өйткені проблемалық оқыту зерттеумен
байланысты және осыған сәйкес дәстүрлі оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез-
келген зерттеу- жаңа білім алу үрдісі, ал оқыту – белгілі білімдерді тарату
үрдісі болып табылады. Ал проблемалық оқыту зерттей отырып оқытуға,
оқыта отырып зерттеуге үйретеді.
Проблемалық оқыту
оқушының танымдық
көкжиегін кеңейтеді,
шығармашылық белсенділігін
арттырады, білім игеру
қарқының тездетеді, қасиет
сапасын жақсартады, жаңа
тапсырмаларды орындау
кезінде өз бетінше жұмыс
істеуге үйретеді, оқуға деген
ынта –ықыласын оятады.
Проблемалық оқыту
кезінде төмендегідей
нәрселер айқын көрінеді:
мәселенің тууы және оны
сезінуі,шешімін табуға іздену,
оның дұрыстығын тексеру.
Проблеманы сезіну оқушыны
қиын жағдайдан шығу
жолдарын табуға жетелейді.
Бұл, сөз жоқ, оны өз бетінше
ойлануға мәжбүр етеді/12/.
Проблемалық жағдайдың
бірнеше түрі бар. Бірінші
түрінде оқушылар мәселені
шешуге қажетті білім жүйесін
таңдауда оның көптігінен
қателікке ұрынады. Екінші
түрінде білімнің
жеткіліксіздігінен мәселені
шешудің мүмкіндігі жоқ
екендігі сезінеді. Үшінші
түрінде білімді тәжірибемен
ұштастыруға кезігеді. Төртінші
түрінде теориялық білімнің
жетіспеушілігінен өмірлік
қарама – қайшылықтарға тап
болады.Сабақ өту барысында әр
түрлі проблемалық жағдайлар
тууы мүмкін.Мәселен,оқытушы
тақырыптың өзінен-ақ сұрақ-
жауап алу арқылы оқушыларды
қызықтыра алады.Мәселелік
жағдайды тақырыптық
мазмұнын түсіндіріп тұрғанда
да жасауға болады.
Проблемалық оқыту айрықша құрылымға ие. Оның ең
бастысы-оқушының мәселені шешуде мұғалімнің
басшылығымен немесе өз бетінше жұмыс жасауы болып
табылады.Құрылымның негізгі элементі-игерілген білімнің
өзектілігі.
Проблемалық оқытудың өзіне тән ерекшелігі бар.Бірақ,
қатып қалған қағида жоқ, сабақты ұйымдастыру оның нақты
мазмұны мен мақсатына тікелей қатысты.Сондықтан
проблемалық оқытудың талдабына жауап беретіндей етіп
ұйымдастыру қажет.
Мұндай оқыту түрінің жөн-жобасын
толық меңгерген тәжірибелі ұстаздар
сабағы төмендегідей кезеңдерден
тұрады.
1-кезең. Мәселені қою және
проблемалық жағдайларды талдауға
мыналар кіреді:оқушыдан шешімін
күткен нәрсені айқындау;оны шешуге
оқушының қызығуы мен талпынысы,
проблемалық жағдайды талдау.
Мұғалімнің жалпы мәселені қоюын
эксперимент,эвристикалық сұхбат
көмек арқылы жүзеге асыруға
болады.Бұл кезеңде проблемалық
жағдайларға талдау жүргізіліп, қиын
жайттен оқушы шығуға әрекет
етеді.Талдау үрдісінде белгілі мен
белгісіздің арақатынасы айқындалып,
оқушы «нені білу керек?»деген
сұраққа жауап іздейді. Сонымен
жағдайды талдау нәтежесінде оқушы
проблеманы сезініп,көп нәрсені
айқындай түседі.
2-кезең. Оқу мәселелерін шешуге мыналар кіреді:шешу
жоспарын құрастыру,гипотеза және оның негіздері.
Жоспар жасаудың мәні мынада.Оқушы өз бойына бұрыннан
жиған тәжірибесі арқылы белгілі мен белгісіздің арасындағы
байланысты орнатуға әрекет жасайды. Осының негізінде
шешімдерді табу барысында олар гипотезаға айналады.
3-кезең. Мәселені шешуді тексеруге мыналар
жатады:бақылау жұмыстарын орындау, қатені жөндеу мен
орындау нәтижелерін тексеру және тақырыпты бекіту.Ол
тәжірибе негізінде белгілі мақсатты жолмен тапсырма
талаптарын мүлтіксіз орындату,сондай-ақ бақылау жұмыстарын
жаздыру арқылы жүзеге асырылады.Бұл кезеңде сабақтағы
жалпы жағдай заң,түсінік,т.с.с.өзара қатынасы арқылы жүзеге
асады.Соның нәтежесіде пәнаралық байланыстар
орнатылып,оқушының жалпы дүниетаным көзқарасы кеңейеді.
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
АКТ пәнін оқытудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
Бастауыш сынып пән бірлестігі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ИНФОРМИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ
Бастауыш мектепте информатика негіздерін енгізудің қажеттілігі
Проблемалық оқыту
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Ауызша тіл дамыту
Пәндер