МҰҒАЛІМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ


Slide 1

МҰҒАЛІМ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ

ЫҚПАЛЫ

Slide 2

Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. «Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы … біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын … Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады.

(Ы. Алтынсарин)

Зерттеудің көкейкестілігі.

Slide 3

Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясының кеңеюі, қазақ мектептері санының көбеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Slide 4

Педагогикалық шеберліктің қалыптасу мәселесі, оның мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастағы рөлі жайында педагогика мен психология саласында Ю. П. Азаров, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмин, С. Д. Смирнов, В. А. Сластенин, Н. Д. Хмель, Шкутин Л. А, Н. В. Александров жұмыстары, Н. В. Кухарев, А. В. Мудрик, А. В. Петровский, В. И. Слуцкий, П. И. Пидкасистый, Л. И. Рувинский, А. А. Гин, А. П. Чернявская, А. А. Калюжний, Н. В. Мирза, Т. П. Смолькина және басқа да ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары ашылып, зерттелді. Жаңашыл-ұстаздардың Ш. А. Амонашвили, В. Ф. Шаталов, Ю. П. Фокин, Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенковая және де басқалардың үлкен жаттығу тәжiрибесi «мұғалім-тәрбиеленуші» жүйесінде қарым-қатынастың тиімді болуына жоғарғы педагогикалық шеберлік әсер ететіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Slide 5

Оқушылармен қарым-қатынасқа түсудегі педагогикалық шеберліктің өзектілігі және осы қарым-қатынасқа мұғалімнің дайындығының жеткіліксіздігіне біздің зерттеуіміздің тақырыбы

«МҰҒАЛІМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ» себепші болды.

Slide 6

Зерттеудің обьектісі:

Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа

түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері.

Зерттеудің пәні:

бастауыш білім беретін

мектептің оқу-тәрбиелік процесі.

Зерттеудің мақсаты:

мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа

түсуіне педагогикалық шеберліктің

тигізетін әсерін зерттеу.

Slide 7

Зерттеудің болжамы: егер мұғалімдерге педагогикалық шеберлік туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді меңгеру жағдайы туғызылса, және кәсiби қызметтерде оларды қолдана алатын болса, онда оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде тәрбиеленушiлермен олардың қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарлайды.

Зерттеудің міндеттері:

Теориялық деректерді талдау және «педагогикалық шеберлік», «педагогикалық қарым-қатынас» ұғымдарының мәнін анықтау.

Ұстаздың тәрбиеленушiлермен қарым-қатынасы тиiмдi болуы үшiн, оның қажеттi шарттарын анықтау.

Тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін педагогикалық шеберліктің жоғарлату әдістерін талдау.

Slide 8

Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, бақылау, тест жүргізу, әңгімелесу.

Жұмыстың құрылымы тақырыппен, зерттеу объектісі мен пәнімен, мақсаты мен міндеттерімен, ғылыми болжаммен қамтылған.

Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Slide 9

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Slide 10

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Slide 11

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестік
Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасы
Сынып жетекші мен ата – ана байланысын арттыру арқылы бала тәрбиесін жетілдіру ізгілендіру жолдары
Әлеуметтік педагогтың қызметі
Мектептің отбасымен жүргізетін жұмыстары
Мұғалім Ата - ана
ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ АДАМ ТАНУ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ
Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық- педагогикалық сипаттама
Әке - ер, ана - жігер, бір үйде екі кемеңгер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz