Қазақстан Республикасының шөлді аймақтары


Slide 1

Қазақстан

Республикасының

шөлді

аймақтары.

Орындаған:Әбдіманапова Жансая

Slide 2 Slide 3

Қызылқұм - Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын алып жатқан Орталық Азияның ірі құмды шөлі. Қазақстан аумағына солтүстік бөлігі кіреді. Қызылқұмның шығысы облыстың Отырар, Шардара аудандары және Арыс қалалық әкімдігі аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі жалды, төбелі, құрғақ арналармен тілімделген. Ауданы 300 мың км2. Биікт. 50-300 м; Төбе, жал аралары тақырлы сортаңды болып келген. Эалды палеогеннің аллювиалды құмдарынан тұрады. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, шілденің орта температурасы 26-29C. Қысы қоңыржай жылы, қаңтардың орта температурасы 0-9C. Жауын-шашыны қыста, көктемде түседі (100-200 мм) . Тұрақты өзен торы жоқ, құрғақ арналар көп. Көктемде шағын өзеншелер пайда болады. Жер асты су қоры жеткілікті. Жусан, сексеуіл, жүзгін, бұйырғын т. б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қарақұйрық, қоян, т. б. бауырымен жорғалаушылар көптеп кездеседі. Мәрмәр, тас көмірден басқа ірі тау кен орны бар. Қызылқұм өңірі қаракөл қойын, етті сүтті мал өсіруге қолайлы.

Slide 4

Мойынқұм - Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды алқап. Құланбасы, Малайсары және Көкшиелі тауларының солтүстік етегіне тіреледі. Абсолют биіктігі 460 - 800 м. Солтүстігі Сарыесікатырау құмына, шығысы Жетіжол, батысы Жуанқұмға ұласады. Мойынқұм Іле өзенінен Қаратал өзеніне дейін 60 - 70 км-ге созылып жатыр, ені 35 км-ге жетеді. Солтүстік және солтүстік-батыс бөлігіндегі қырқа құмдардың биіктігі 20 - 30 м. Оңтүстік бөлігі Шеңгелді және Сарыбұлақ құрғақ арналарымен тілімделген. Еркекшөп, жусан, т. б. өсімдіктер өседі. Солтүстігінде жер асты сулары 100 м тереңдікте кездеседі. Күзгі, көктемгі мал жайылымы.

Slide 5

Тұран - Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес. Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптаскан эпигерциндік платформалық құрылым - Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген. Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарынан, тағы басқа жыныстардың қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы - биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын қаратау. Оның ең биік нүктесі - Бесшоқы (556 м) . қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік Ақтау созылып жатады. Олар жоғарғы бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі 300 м шамасында. Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді Дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр (тереңдігі 2 - 3 км) . Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазаншұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені - Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңқыстау түбегіндегі суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазыгы жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км2. Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға солтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мең тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасын құм (Сам, Асмантай - Матай құмдары) басқан. Мұнда да өзендер жоқ.

Slide 6

Торғай үстірті Сарыарқа (Қазақстанның қатпарлы өлкесі) мен Мұғалжар аралығында орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м. Үстірт негізінен, теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан тұрады. Олардың қалыңдығы 5000 м-ге жетеді. Қазіргі жер бедері саздақты және құмды жыныстардан құралған.

Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар теңіз көлі аралығында жатқан Арал маңы Қарақұмы биіктігі 100 м, бұйратты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі. Ішінара жел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына үксайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювийлі жазығы деп атайды.

Slide 7 Slide 8

Құмды шөлдер

Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылкүм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік. Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т. б. ) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты кырқалар мен төбелерде, борпылдак құмды қырқалардың аралығында, қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр және сұр қоңыр топырақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын егуге болады.

Slide 9

Құмды шағылдар


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Жер құқығының негіздері
Таулы алқаптың топырақтары
Жердің құқықтық режимі
Қазақ жерінің шөлді аймақтары
КЕДЕНДІК ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ
Жерге меншік құқығы
Кедендік және валюталық бақылау
Қызыл Кітапқа енген түрлердің санын жоғарлатуға арналған биотехниялық шаралар. арналған биотехниялық шаралар. Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында популяциясын ұлғайтуға арналған популяциясын ұлғайтуға арналған биотехниялық шаралар биотехниялық шарала
Орман өсімдіктері
Кактус (кірпігүл)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz