ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


Slide 1

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА

ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Slide 2

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым куні «Білім туралы заңы» қабылданды.

Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген.

Slide 3

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18. 07. 1996 жылы 81/2 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді.

Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.

Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның беретін жетістіктерін де атап өткен.

Slide 4

Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық- бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу- бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі оқытатын пәнге қызығуын арттыру тиіс. Осы қызығушылық қабілетін дамыту қажет. Жалпы қызығу- бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін оның көңіл-күйі көтеріңкі болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрсе адамға жағымды сезімдер туғызу керек. Жалпы адамның қызығулары бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралыхъралы психолог-педагогтар көптеген еңбектер жазған. Оларда ең көрнекті ғылымдар мыналар: У. Мак Дугал (1871-1938), Э. Торндайк, И. Ф. Гербарт. Бұл ғылымдар қызығушылықты зерттеп қана қоймай оның беретін жетістерін де атап өткен. Мысалы қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға немесе дамытуға болады. Шығармашылық бұл бала бойындағы дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.

Slide 5

«Шығармашылық» - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Адам әрқашан өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жойып жібермеуге қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады, -деп көрсетілген Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық, атап айтсақ қазақтың ұлы ойшылдары Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жолдарын көрсеткен.

Slide 6

Курстық жұмысын зерттеудегі мақсат :

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер.

Алға қойған мақсатқа жету барысында туындаған міндеттер :

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу шығармашылығын дамыту үшін жазылған теориялық білімдерге, психологиялық- педагогикалық ғылыми әдебиеттерге тереңірек тоқталу.

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтары бойынша оқушылардың оқу шығармашылығын дамыту үшін жасалған оқытудың жаңа технологияларының тиімді жолдарын қарастыру.

Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарын оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамытуда жасаған озат педагогикалык тәжірибелерді талдау, қолданыстағы мәнін ашу.

Slide 7

Ғылыми зерттеу объектісі: бастауыш мектеп оқушыларының қазақ тілі сабағына танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттері.

Ғылыми зерттеу әдістері: озық педагогикалық іс-тәжірибелерді сұрыптау, ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, байқау, әңгіме, анкета.

Зерттеу пәні: қазақ тілі екінші сынып.

Зерттеу әдістері: теориалық-ғылыми әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану, өзіндік жұмыстардың түрлерін ұсынып, нәтижесын көрсету.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Slide 8

Бастауыш сынып оқушысының жазған шығармашылық жұмысы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субъективті жаңалық. Оқушыларды оқыту барысында шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамыту мәселесі. Шығармышылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығы, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етті. Бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегідей топтастырдық:

Жаңалықпен бетбе-бет келу.

Шығармашылық белгісіздік екі ұштылық.

Шешімнің жарық көруі.

Шығармашылық акт.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әр түрлі салалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік кезеңіндегі «бас қатырулар» табандылық, танымдылық, белсенділік қалыптастырса еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл күцге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді.

Slide 9

Қоғамда дарынды адамдарғадеген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармаылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда сөз өнерінің берері мол. Мектепте әдебиет сабағында өнер өкілдері мен оның туындылары кеңінен насихатталады. Ал оқушы сөз өнерін өзі пір тұтып, өзі сүйіп айналасуы тиіс.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?

Кәзіргі ана тілі пәні әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі - осы. Оқушыларды сөз өнеріне баулу, үйрету ісін қолға алу үшін баланың қай жаста шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі мол - соны таныстыралық. Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Slide 10

Орта буынның шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.

Сонымен орта буында оқушыларды сөз өнеріне баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:

- мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі (елеусіз болса да) шығармашылық тапсырма-міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.

- әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілдерін білу керек.

- шығармашылық жаттығу ойын-тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жасерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек.

- тапсырма-міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қабілетті дамыту жолдары
Абай өлеңі
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Сенің жұлдызын Сендердің жұлдыздарың
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Абайдың қызығы
Адамға деген жалпы адамзаттық құндылық қатынас
Инновациялық технологиялар
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы ақпарат
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz