АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК


Slide 1

КУРСТЫҚ Жұмыс азаматтық құқықтық жауапкершілік

Slide 2

Азаматтық - құқықтық жауапкершілік дегеніміз, заңмен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық катынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған кұқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

Slide 3

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.

Slide 4

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері: а) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару; ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау; б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау; в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайда болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді) ; г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың кезінше айғақтау болып табылады.

Slide 5

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар: 1) тұлғаның кұкыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекетсіздігі) ; 2) жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы; 3) құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс; 4) құқық бұзушының кінәсі.

Slide 6

Кінә - азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі. Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң бұзу әрекетін (немесе әрекетсіздігін) жан-дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.

Slide 7

Құқық бұзушы қашан өзінің кінәсіз екендігін дәлелдегенше кінәлі деп есептеледі. Кінәсіз деп жорамалдауды (презумпциясы) бекіту мына жағдайларға негізделген: Біріншіден, азаматтық айналымда субъектінің қатысы жалпы еркіндікте болады. Мұндай еркіндік өзінің әрекетінің қолайсыз салдары туындаған жағдайда тәуекел етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар жауапкершіліктен құтылу үшін өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге көмектеседі.

Slide 8

Екіншіден, азаматтық-кұқықтық жауапкершілік жеке құқықтық сипатқа ие, оның шаралары субъектіні жеке тұлға ретінде бостандығына, ар-намысына тиіспейді. Бұл ретте кінәнің презумпциясы, сондай-ақ тұлғаның бостандығын шектемейді және оның ар-намысына, қоғамдағы іскерлік беделіне нұқсан келтірмейді.

Slide 9

Үшіншіден, әдетте шиеліністі жағдай мен орынсыз килігу субъектілердің бірінің құқыққа қайшылық әрекеттерінен болады, даулы мәселені шешерде әр жақ тен жағдайда болуы шарт: жәбірленуші жақ өзінің құқығы мен мүддесі басқа субъектінің әрекетімен бұзылғанын дәлелдеуі тиіс, ал, соңғысы - өзінің кінәсіз әрекет еткенін дәлелдеуі керек. Тұлғаның кінәсіз болуы оны жауапкершіліктен босатылады.

Slide 10

Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органның зандарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе занды тұлғаға келтірілген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бөлініс өтеуге тиіс (АК-тің 9-бабы 5-тармағы) .

Slide 11

Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді: 1) құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан) ; 2) сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын.

Slide 12

Жауапкершіліктің мөлшері жауапкершіліктің түріне және басқа да жағдайларға байланысты әрқалай анықталады. Залалдың орнын толтыру кезінде өзгертілетін бағаның қандай деңгейде болу керектігі есепке алынуына байланысты ол мәселені шешуде маңызды рөл атқарады. Азаматтық кодекстің 350-бабында мұндай шешім қарастырылған.

Slide 13

Міндеттемені тоқтатудың барлық негіздерін мынадай екі топқа бөлуге болады: 1) өзінің қатысушылары ерекше тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, жаңарту, есепке жатқызу, бастартуды ұсыну, борышты кешіру) ; 2) өзінің қатысушыларының еркінен тыс тоқтатылатын міндеттеме

Slide 14

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі- заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп қарайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасымен жүзеге асырылуы деп біледі.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық қағидаттары
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада
Құқық бұзушылық түрлері
Азаматтық –құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Фармацевтикалық қызметінде тәртіптік жауапкершілік
Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Сату - сатып алу келісімшарты
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz