Алматы облысы Көксу ауданы Үйгентас ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану



Алматы облысы Көксу ауданы
«Үйгентас» ЖШС топырақтары
және оларды
ауылшаруашылығында пайдалану

Агроөнеркәсіп комплексі халық шаруашылығының ең басты саласы болып саналады. Сондықтан да елімізде, әсіресе біздің республикада оны әрі қарай дамыту мәселелеріне зор назар аударылып келеді және келе де бермек .
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттер болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, мал шаруашылығына тиісті азық қорын жасау болып табылады. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде талай - талай ірі шаралар жүзеге асырылады.

Осыған орай, өндіріс ресурстарын, резервтерін нақтылы бағалауға және шаруашылықпен аудан табиғи-климат ерекшеліктеріне сай салаларды дамытудың барынша тиімді жолдары анықталды.
Жер - ауыл шаруашылықтарының ең басты өзгермейтін құрамы болып табылады. Оның бірегей қасиеті - дұрыс пайдаланғанда өзінің құнарлығын арттырады. Ауыл шаруашылығында тірі организмдер агробиологиялық ғылымның талаптарын орындауда жоғарғы нәтижелерді қамтамасыз ете алатын мәдени өсімдіктер мен жануарлар өндіріс құрал жабдығымен, еңбек заттарымен құралдары ретінде жердің, өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктеріне негізделеді.

Алматы облысы Көксу ауданы
Бұл территориялардың топырақ жамылғысы туралы алғашқы мағлұматтарды біз XIX-шы ғасырда қазақтың Жоңғар Алатауының бөлігінде зерттеу жұмыстарымен айналысқан орыстың көрнекті ғалымдарының еңбектерінен аламыз. Оның ішінде ботаник, географ, зоолог және Томск университетінің профессорларының еңбектерінен табамыз [1-5] .
Таулы жерде топырақ құраушы табиғи жағдайлардың көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда климат, жазықтыққа қарағанда, өзгеше қалыптасқан, яғни жылдық температура төмен жауын-шашын мөлшері мен ауа ылғалдылығы жоғары болады, күн /радияциясы/ да артық. Ғылыми анықтауларша, жота беткейімен жоғары көтерілген сайын әрбір 100 м биіктікке дейін жауын-шашын мөлшері артып, инцоляция /жарық/ үдейді.

Таулық климаттың /жазықтыққа қарағанда / тәулік және маусымдық өзгешелігі артық / күн мен түн, жыл мезгілі /, сондай-ақ жыл бойындағы ылғалдану мөлшері де біркелкі. Топырақ құралу үрдісі тауда өте тілімденген бедерде жүреді де, топырақ жамылғысы алаланған және біркелкі құралуы және эрозия дамуы да жер бедеріне байланысты. Таулы аудандарда топырақты су-жылу құбылымы қапталдар экспозициясына /беталысқа/ қарай өзгереді. Қорыта келгенде, таулы облыстарда жер бедері-топырақ тағдырын шешуші жағдай.
Таулы жерде топырақ жамылғысы күн сәулесі мен жел экспозициялық бағытта. Оңтүстік беткей, солтүстікке қарағанда жылы әрі құрғақ келеді. Атмосфералық ылғал мен жылу құбылымдары айырмашылығы өсімдіктердің өсіп-өнуіне, сол арқылы, топыраққа әсер етеді. Экспозиция әсері барлық тауларда бірдей емес. Қапталдардағы топырақ айырмашылығы бір қалыпты немесе ылғалы тапшы таулы аймақтарда жақсы байқалады. Ал өте ылғалды және құрғақ таулы жерлерде, экспозицияның әсері бәсеңдейді. Топырақ жамылғысы алалығы қапталдардың құрғақ немесе ылғалды, ыстық немесе суық жел өтінде орналасуына да байланысты.

Таулы аймақтарда топырақ құраушы жыныстар құрылымы әртүрлі және үгілудің жас азықтарынан тұрады. Көбінесе мұнда бор, әк, құм, тақта тас және магма жыныстары басым кездеседі. Тау аралық жазықтар мен ойпаңдарда негізгі жыныстар, қалыңдығы және гранулометриялық құрамы әртүрлі, төрттік дәуірдің шөгінділерімен көмкерілген. Кейбір топырақ құраушы жыныстар құрамында жеңіл еритін тұздар кездеседі.
Таулы облыстардың өсімдік жамылғысы атмосфералық түсім мен температураға байланысты және белдеулік бағытта өзгереді. Әр белдеулік пен беткейлер беталысына сәйкес биогидротермиялық жағдайлар мен топырақ түрлері де өзгереді. Бұл топырақтардың, тау қапталдарында қалыптасуына байланысты құралуында өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Мұнда, ішкі ағын мен үстірттің шайылу әсерінен, бүйірден келетін ағынды заттар мөлшері жоғары болады. Таулық топырақтар, кескіні жұқа элювий-делювийлік шөгінділерде дамитындықтан және табиғи денудация /қырылу/ артық болғандықтан, ылғи жаңарып отырады.

Сонымен, топырақтар туралы білім, топырақтану ғылымының саласы; жер шары құрылығында топырақтар таралу заңдылықтарын географиялық ортамен байланыстыра зерттейді, олардың жіктелуі мен жаратылысы және қасиеттерімен шұғылданады. Жер қоныстары сапасын анықтағанда, жерді мемлекеттік есептеуде, ауыл шаруашылығының жүйелі жүргізуде оның практикалық маңызы өте зор.
Іле және Жоңғар Алатауы тау алды жазықтықтарының суармалы топырақтарында су эрозиясы кең орын алған. Ирригациялық эрозияға байланысты топырақтың жоғарғы құнарлы қабаты шайылып, ауыл шаруашылығы өнімінің 20-30%-ы жоғалады [23] . Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурайындағы аймақтарда орын алған.
Су эрозиясы бұл аймақтарда топырақтың құнарлы қабатын шайып қана қоймай, сонымен қатар жылына 2, 5 млн тоннаға жуық азот, фосфор, калийді ағызып әкетеді.

«Үйгентас» кеңшары
«Үйгентас» кеңшары 1969-шы жылы 6-шы мамырда құрылған. Бұл Шаруашылықтың облыс және аудан орталықтарымен транспорт қатынасы асфальттанған, жақсы жол арқылы жүреді. Ал шаруашылық электр энергиясын Алматы энерго жүйесіне қарасты Жетісу ауданының электр көзімен қамтамасыз етілген. Шаруашылық облыс және аудан орталығымен телефон байланысы тартылған. Шаруашылықтың өндірісі негізінен 3 бөлімшеге топталған. Шаруашылықтың орталығы аудан орталығы Балпық биден 4 км қашықтықта орналасқан. Кеңшар Көксу ауданының территориясында орналасқан және ол екі басқа шаруашылықтар мен аралас бөліктен тұрады. Бірінші бөлімшенің орталығы Қабылиса, ал екінші бөлімше орталығы Талапты. Кеңшар территориясының формасы созылыңқы болып келеді. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік- шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы 29 км-ге жуық, солтүстігінде Алғабас ауылымен шекараласады да, ал шығысында Мәмбет ауылымен шекараласады. Ал шаруашылықтың оңтүстігінде Кербұлақ ауданымен шекараласады.

«Үйгентас» кеңшарының жалпы жер көлемінің 64, 5 %-ы егіншілікте қолданылады, оның ішінде 10, 2 %-ы ғана суармалы. Шаруашылықтың негізгі бағыты ет-сүт өндіру. Шаруашылық территориясы таулы-далалы топырақты-климатты аймақта орналасқан. Шаруашылықта +10 С-тан жоғары болатын кезеңнің ұзақтығы 162 күнге жуық болып келеді.
Ауаның жылдық орташа температурасы 0. 9 С, ал ең төменгі жылдық температурасы 0. 7 С болса, ал орташа жылдық температураның ең жоғарғы мөлшері +400С, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 689 мм. Шаруашылықтың жер бедері негізінен таулы және Жоңғар Алатауының жоталы бөліктерінен тұрады. Таулы бөлігі айқын сатылы құрылым түзеді. Жоталардың су айрықтары және тау аралық құламалар әсерінен әлсіз төбелердің теңелуіне әкеп соғады. Шаруашылықтың оңтүстік-шығыс бөлігін Көксу өзенінің құлама жайылмасы алып жатыр. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі шаруашылық бойынша 690-700 м-ден 1100 м-ге дейінгі аралықта.

Жалпы келтірілген кестелерге қарасақ кейбір жылдары ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі төмен. Бұл көптеген факторларға байланысты:
- жүргізілетін агротехникалық шаралар денгейінің төмендігі;
- сол жылдардағы табиғи климаттық факторлар жағдайы;
- тыңайтқыштар, улы химикаттармен гербицидтер қолдану деңгейі;
- ауылшаруашылығы өнімдерін жинау және ұйымдастыру деңгейі;
Сондықтан, келешекте тұрақты және жоғары өнім алу үшін бірінші кезекте агротехникалық шаралар деңгейін және органикалық минералдық таңайтқыштар қолдану жүйесін жақсартып, ауылшаруашылығы дақылдарын алмаспалы егінге ауыстыру қажет.
№
Пайдаланатын жер атаулары
Көлемі, га
%
1
Жыртылған жерлер
2844, 1
61, 4
2
Оның ішінде суармалы
449, 3
8, 2
3
Көпжылдық шөптер
717, 2
14, 2
4
Жайылым
847, 7
16, 2
Жалпы пайдаланатын жер
4409
100
1 кесте «Үйгентас» ауылдық округінің жер экспликациясы (га)

Келтірілген 1, 2-кестелердің мағлұматтары бойынша дәнді дақылдардың үлес салмағы - 36, 5%, көпжылдық шөптердің - 37, 68% құрайды. Ал көкөніс дақылдарының үлес салмағы - 14, 1%
(2 кесте)
№
Егілетін дақылдардың аталуы
Көлемі, га
Үлесі, %
1
Дәнді дақылдар
1038, 3
36, 5
2
Көкөністер
401, 6
14, 1
3
Бақша
10, 3
0, 99
4
Картоп
60, 1
2, 1
5
Бұршақ дақылдар
10
0, 35
6
Сафлор
100
3, 51
7
Пар
132
4, 6
8
Техникалық дақылдар
5
0, 17
9
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz