Қазақ жерінің шөлді аймақтары
Презентация қосу
Қазақ жерінің
шөлді аймақтары
Орындаған:Хорғасбай Еңлік
Қызылқұм
Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын алып жатқан
Орталық Азияның ірі құмды шөлі. Қазақстан аумағына
солтүстік бөлігі кіреді. Қызылқұмның шығысы облыстың
Отырар, Шардара аудандары және Арыс қалалық әкімдігі
аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі жалды,
төбелі, құрғақ арналармен тілімделген. Ауданы 300 мың км2.
Биікт. 50–300 м; Төбе, жал аралары тақырлы сортаңды болып
келген. Эалды палеогеннің аллювиалды құмдарынан тұрады.
Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, шілденің орта
температурасы 26–29C. Қысы қоңыржай жылы, қаңтардың орта
температурасы 0–9C. Жауын-шашыны қыста, көктемде түседі
(100–200 мм). Тұрақты өзен торы жоқ, құрғақ арналар көп.
Көктемде шағын өзеншелер пайда болады. Жер асты су қоры
жеткілікті. Жусан, сексеуіл, жүзгін, бұйырғын т.б. өседі.
Қасқыр, түлкі, қарсақ, қарақұйрық, қоян, т.б. бауырымен
жорғалаушылар көптеп кездеседі. Мәрмәр, тас көмірден басқа
ірі тау кен орны бар. Қызылқұм өңірі қаракөл қойын, етті сүтті
мал өсіруге қолайлы.
Бетпақдала
Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді
өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында
орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында
Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде
Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен
оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км2 шамасында.
Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 — 350 м.
Абсолюттік биіктігі 200 — 300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс
бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 — 700 метрдей солтүстік-шығыс
бөлігі қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит,
әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді
жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері —
Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының
жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр
және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен
толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе
сияқты кішігірім өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық,
құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –12—140С,
шілдеде 24—260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 100—150 мм. Қардың
қалыңдығы 10—15 см-ден аспайды.
Мойынқұм – Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды алқап.
Құланбасы, Малайсары және Көкшиелі тауларының
солтүстік етегіне тіреледі. Абсолют биіктігі 460 – 800 м.
Солтүстігі Сарыесікатырау құмына, шығысы Жетіжол,
батысы Жуанқұмға ұласады. Мойынқұм Іле өзенінен
Қаратал өзеніне дейін 60 – 70 км-ге созылып жатыр, ені 35
км-ге жетеді. Солтүстік және солтүстік-батыс бөлігіндегі
қырқа құмдардың биіктігі 20 – 30 м. Оңтүстік бөлігі
Шеңгелді және Сарыбұлақ құрғақ арналарымен
тілімделген. Еркекшөп, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.
Солтүстігінде жер асты сулары 100 м тереңдікте кездеседі.
Күзгі, көктемгі мал жайылымы.
Құмды шөлдер
Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып
жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылкүм, Арал маңы Қарақұмы,
Мойынқұм, Сарыесік. Атырау және Каспий маңы ойпатының
құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады.
Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі
өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің
әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген.
Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек
құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары
әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге
жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ
жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты кырқалар мен
төбелерде, борпылдак құмды қырқалардың аралығында,
қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр және сұр
қоңыр топырақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан
жерлерде дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын егуге болады.
Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар.
Арал теңізі мен Шалқар теңіз көлі аралығында
жатқан Арал маңы Қарақұмы биіктігі 100 м,
бұйратты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм
жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда
салыстырмалы түрде ежелгі. Ішінара жел
әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде
орналасқан Үлкен және Кіші Борсық құмдары
жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына
үксайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен
құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне
қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария
аллювийлі жазығы деп атайды.
Пайдаланған Әдебиет
1.↑ Қарағанды. Қарағанды облысы:
Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN
9965-34-515-5
2.Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы:
Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz