ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП


Slide 1

ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Slide 2

Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекет әртүрлі экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастық, құқықтық әдістері мен тәсілдері арқылы басқарылады. Осының ішінде заңдылық пен құқықтық тәртіп негізгі орынды алады, олсыз қоғам өмірі мен азаматтардың дұрыс өмір сүруі қамтамасыз етілмейді. Заңдылық адамдарды басқарудың ең ежелгі және өркениетті тәсілі. Қазір ол барлық демократиялық елдерде, әлемдік қоғамдастықта жалпы қабылданған.

Ертеден бері келе жатқан заңгер ғалымдар және бүтіндей қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің ішінде құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселесі ерекше орын алады. Қоғам, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделері қоғам өмірінің негізгі тұстарында тұрақтылық пен реттілікті талап етіп тұр.

Slide 3

ҚР -ның қазіргі кездегі дамуында нақты және қатаң қоғамдық құқықтық тәртіп одан әрі ілгерілеудің жалғыз жолы болып тұр. Құқықтық мемлекет құру және оның өркениетті демократиялық дамуы онсыз мүмкін емес. Ресми тұлғалар мен баспасөздің баяндамаларында «Приоритет-құқықтық тәртіп» деп белгіленеді, ал ол үшін билік, нормашығармашылықта және мемлекетік өмірдің басқа салаларында тәртіп қажет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мүдделерінің нақтылығы және барлық субъектілердің өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы, өзінің жүріс-тұрысы үшін жауапкершілікті жүзеге асыру, бұл демократиялық қоғамға сәйкес болып, тек осындай жағдайда ғана жүзеге асады.

Slide 4

«Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның барлық салалары негізделеді: әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси. Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады» дей келе құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзектілігі айқындалады [2] .

Адамдар өмірінің маңызды жақтарының тұрақтылығы, тепе-теңділігі және өлшемділігі, кепілдігі және реттілігінің жағдайы құқықтық тәртіп пен заңдылықты зерттеудің өзектілігі болып тұр. Құқықтық тәртіп пен заңдылыққа деген көзқарастардың өзгеруімен және оның қалыптасуы мен қамтамасыз етілуімен сипатталады.

Slide 5

Қазіргі кездегі құқықтанушы-ғалымдардың пікірінше Германдық Рудольф Иеринг пен Георг Еллинектің, Г. Ф. Шершеневич пен Н. М. Коркуновтың құқықтық тәртіпке құқықтық нормаларды жүзеге асырумен заңдылық қағидасын өмірге келтіру ескірген деп есептейді. Бір жағынан осылай ресейдің көптеген заңгерлері ойлайды. Екінші жағынан «құқық қалыптасудың жалпы жолы сәйкесінше құқықтық тәртіптің құрылуы басқаша». Ал, ол солай ма?

Тек құқықтық тәртіп пен заңдылық түсінігі туралы ғана емес, заңдылық, құқықтық тәртіп және демократияның ара-қатынасы жайлы зерттеу жүргізу қызықтырақ.

Құқық аясында заңдылық пен құқықтық тәртіп сияқты өзара байланысқан құбылыс табу қиынырақ.

Оның салдары ұзақ уақыт бойы екеуінің ара-жігі ажыратылмай, екеуі ұғымдас түсінік ретінде пайдаланылды.

Өзара әрекеттесудегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтау заңдылықты бекіту мен құқықтық тәртіпті нығайтуда тәжірибеде орасан зор маңыздылыққа ие.

Slide 6

Курстық жұмыста келесі ғалымдарды еңбектері қарастырылды: А. Ф. Кони, Н. В. Витрук, С. С. Алексеев, М. С. Строгович, И. А. Ильин, В. М. Артемов, М. В. Баглай, В. В. Борисов, М. Н. Марченко, В. М. Корельский, В. Н. Кудрявцев, Е. А. Лукашева, Ю. А. Тихомиров, Н. И. Матузов, А. Н. Головистикова, М. Т. Баймаханов, У. Шапақ, Қ. Д. Жоламан, А. Қ. Мұхтарова, А. Н. Тәуекелев, Ғ. С. Сапарғалиев, З. Ж. Кенжалиев, А. С. Ибраева, Т. Ағдарбеков, Е. Баянов, А. Бейсенова, С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев, Д. А. Булгакова т. с. с.

Курстық жұмыстың пәні болып заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату болып табылады.

Slide 7

Курстық жұмысы екі тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады.

Курстық жұмысының мақсаты - құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі сот билігінің ролі зерттеу.

Slide 8

Курстық жұмыс міндеттері. Қойылған мақсаттан біздің алдымызда келесі міндеттер бар:

«құқықтық тәртіп» ұғымын зерделеу, бұл категорияға деген көзқарастар дамуы динамикасын және қазіргі кездегі құқықтық тәртіп түсінігін қарастыру,

құқықтық тәртіп, заңдылық және демократия арақатынасын анықтау,

- құқықтық тәртіптің нгізгі белгілерін, оның мазмұны мен нысанын анықтау,

- құқықтық тәртіп қызметін және оның қағидаларын анықтамалау,

- заңдылықты күзету (қорғау) түрлерін қарастыру,

- құқықтық тәртіптің даму тенденциясын зерделеу,

- құқықтық қоғамда заңдылық түсінігін және кеңес, Қазақстан құқығындағы «заңдылыққа» деген көзқарастарды қарастыру,

Slide 9

Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді. Керісінше, қоғамда құқықтық тәртіп әлсіресе қоғамдық тәртіп те, заңдылық та әлсірейді, дағдарыс процесі дамиды. Құқықтық тәртіпті нығайту негізінде мемлекеттің құқық қорғау функциялары арқылы іс жүзіне асырылады. Сот, прокуратура, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органдар өздерінің құзырымен міндеттеріне байланысты құқықтық тәртіпті нығайту ісіне үлестерін қосады. Бұл жерде әр мемлекеттік органның функциялары ведомстволық мүддемен шектелмеуі тиіс. Бірігу, координациялық шаралар арқылы құқықтық тәртіпті нығайту, олардың басты міндеттерінің бірі.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы
Құқықтық реттеу механизмінің элементтері
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Инвестициялық климат және оған әсер етуші факторлар
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Экологиялық құқықтың ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz