Оқушыларға шығарма жазуды үйрету
Презентация қосу
Оқушыларға шығарма
жазуды үйрету
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп
дайындалып берген білімді, дағдыларды менгеретін, қайталайтын ғана емес,
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, жаңалықтар ашатын, біртума ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке түлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине,
оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін
дәлелдейді.
Біз Жаңа ғасырға аяқ басып
отырмыз. Қазіргі қоғамға ақыл
ойы кемел, шығармашылық
жағынан қабілетті, іскер және
білімді адамдар керек. Қоғам
бізден жан-жақты жетілген,
рухани бай жаңа заман
адамдарын тәрбиелеуді талап
етеді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Ғасырлар
мақсаты – қоғамның нарықтық
қарым – қатынасқа көшу кезінде
саяси – экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы,
іскер өмірге икемделген, жан –
жақты мәдениетті жеке тұлғаны
тәрбиелеп қалыптастыру», - деп
тұжырым жасады.
Мектептегі білім берудің (тәрбиенің) мақсат приоритеті өзгеруі керек
дейтініміз осыдан. Бұл өзгеріс бастауыш сатыдан басталуы керек. . Өйткені
бастауыш саты - оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы шынайы
жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.
Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты
нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан
оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы
білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір
толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні
шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ,
олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне
байланысты шығарма, өнер саласына
байланысты шығарма, сурет, фильм
(диафильм), экскурсия бойынша шығарма,
оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты
шығармалар.
Шығарма – оқушының туған халқының
әдебиетінен алған білімін өз ойымен,
дүниетанымдық көзқарасымен еркін
ұштастыра отырып, баяндайтын
шығармашылық төл еңбегі. Оқушының
көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі,
көзқарасы тұрғысында терең талдап
пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі
баяндалуы талап етіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты –
оқушыларға шығарма жазуды үйретудің
әдістемесін талдау.
Шығарма-оқушының туған халқының әдебиетінен алынған білімін өз
ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отыра баяндайтын
шығармашылық төл еңбегі.
Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында
терең талдап пайымдауы,әсерлі,көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.
Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф.
(мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды
сонымен бірге материалдым баяндау әдісімен оның ретті жүйесі сияқты
мәселелерден тұрады.
«Шығарма» терминін мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда
оқушылардың өмірде өзі көрген –білгендерін белгілі бір тақырып ауқымына
түсіріп,түсінікті түрде,жүйелі әңгімелеп берулерін айтамыз.Жоғары сынып
оқушыларының жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады.
1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне
байланысты.
2. Экскурсия бойынша.
3. Өнер саласына (сурет,кино,қуыршақ театрының
спектакльдері т.б.) байланысты.
4. Оқушының өз іс-әрекетіне (ойын,еңбек)
байланысты тақырыптар.
Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізі мына
жағдайларға байланысты.
1. Оқушы көңіл-күйі шығармашылық жұмысқа құлықсыз,көңілі
бірдемеге алаң болған жағдайда,шығарма мақсатына жетпейді.
2. Шығарманың мазмұны,жазылу бағытына нұсқау,бағыт
бермесе,оқушы немқұрайды қарап,шығарманы қалай болса солай
жазылуына жол берілген жағдайда шығарма өз мақсатына жетпейді.
3. Қате түсініп,көңілсіз жазған шығармаларды оқушыға түсінікті етіп
қайта құрастыру,ойын жүйелеп, түзеп жаңарту оңайға
түспейді.Сондықтан сәтсіз шыққан шығарманы қайтадан өңдеп
жаздыру кейбір жағдайда оқушының ықыласын төмендетуі
мүмкін.Сол себепті алдыңғы сәтсіз шыққан шығармадағы кемшілікті
жою үшін,мазмұны алдыңғы сәтсіз шыққан жұмысқа жуық басқа
мәтінге шығарма жазуды ұсынған тиімді.
Оқушының бұл шығармасы мақсатына жетіп,стилі,сөйлем құрылысы дұрыс
болған жерде оны алдыңғы мақсатына жетпеген,жазба жұмысымен
салыстырып,ондағы кемшіліктердің түрі неде екендігін оқушының өзі
аңғарып,байқайтындай болу керек.
Шығарма негізінен екі мазмұнда,екі тақырып бойынша алынады.Бірі әдебиет
пәнінен өтілген әдеби шығармалар бойынша ұсынылады. Мысалы: «Қобыланды
батыр» жырындағы жағымды кейіпкерлер.
Екіншісі өмірмен
байланысты, оқушыға
таныс материалдар
төңірегіндегі жазылатын
еркін тақырыптардан
болуы керек. Шығарма,
сұраққа жауап алу және
жазу жұмыстарының
басқа да түрлері мектеп
оқушыларының ой-өрісін
кеңейтіп, сөйлеу мне
жазу тілін дамытып
қалыптастыруды шешу
жолы болып есептеледі.
Оқушылардың жазбаша сөздік қорын молайтып, сауаттылығын арттыруға
байланыстырып сөйлеуді дамытуға мынадай талаптар қойылады:
1. Әңгімеленген тақырыптың мазмұнын, көлемін анықтай білу.
2. Жазба жұмыста басы артық ойларды тықпалай бермей,
талқыланатын мәселенің негізін, түйінін ғана ала білу.
3. Жазба жұмыстың тақырыбы нақты болып, оған материал
жинап,жүйелей білу.
4. Жазба жұмыстың тақырыбына лайықты өз көзқарасын,ойын білдіріп,
жаңа пікір қосуға баулу.
5. Жазба жұмыстарды баяндау, суреттеу түрінде жазуға дағдыландыру.
6. Жазылған жұмысты өңдеп, толықтырып,қайта жазуға үйрету.
7. Әдебиет пен тіл заңдылықтарына байланысты стильдік
ерекшеліктерді меңгерту.
8. Сауатты жазып, қатесіз жазуға баулу.
Бұл талаптар сыныптың бағдарлама материалы негізінде күрделеніп отырады.Ара-
тұра іс-қағаздарының түрлері де таныстырылады.Осы талаптарды білулерімен қатар
оқушылар шығарма жазудағы мынадай мәселелер бар екенін естерінен кетірмеуі
тиіс.
Шығарма жазуда қарастыратын негізгі мәселелерге мыналар жатады
1. Шығарманың не екенін және олардың тақырыбы қандай болатынын
түсіндіру.
2. Баяндау сипатында жазылған сюжетті мәтіндер ұсынып, оларға шағын
шығарма жаздырту.
3. Шығарма мазмұнын бірде I жақпен, бірде III жақпен жазуды талап ету
(негізінен III жақта жазуды басшылықа алған жөн).
4. Белгілі бір нақты заттардың сыр-сипатын суреттеу.
5. Өз тарапынан оқығандары, көргендері жайында жаздыру.
6. Түрлі-түсті суреттер бойынша жазбаша баяндату.Жазбаша ойларында тілдік фактілерді дұрыс пайдалана
білуге баулу.(күрделі сөз,біріккен сөз,жалқы есім,үндестік заңы,тасымал және т.б.)
7. Мақала жаздыру,газет материалдарының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру.
Мектепте шығарылатын газеттерінің мазмұнына шолу жасап,сынып газеттеріне мақала жазуды үйрету.
8. Өз ортасына байланысты әңгіме жаздыру.
Мұғалім тәрбиелік мәні бар тақырыптарды оқушылардың өмір танымына қарай еркін ұсыныла
алады.Мысалы: «Біздің жанұя», «Менің әкем», «Біздің жайлау», «Біздің үйдің ауласы» т.б.
9. Өтініш,хат, мекен-жай,қолхат,мәжілісхат,сенімхатсияқты іс-қағаздарының жазылу үлгілерімен таныстыру.
Шығарма жұмысын талдау былайша жүргізіледі:
Шығарма жазған оқушының саны
Тақырыпты дұрыс ашып көрсеткен және орфографиялық қате жібермеген
оқушылар саны
Жұмысты мазмұны жағынан нашар орындаған оқушылар саны
Жоспардың бірде-бір пункті ашылмаған
Жоспар түгел қамтылмаған
Стильдік жағынан қате жіберген оқушылар саны
Сөйлемдегі сөздің тәртібі бұзылған;
Бір сөзді қатар келген сөйлемдерде бірнеше рет қайталайды.
Сөз орынды қолданылмаған
Сөйлемдегі сөздердің байланысы
нашар.
Орфографикалық, пунктуациялық
қате жіберген оқушылардың саны
(әсіресе қандай ереже бойынша
көп қате жіберген, көпшілігіне тән
жекелеген қателерді жазып көрсету
керек.
Шығарма жазу күрделі жұмыс. Шығарма-ол адамның білгені, көргені, естігені
туралы, өз ойын шешен, аз сөзбен терең ойды білдіретін жазбаша орындалатын
жұмыстың түрі. Осыны оқушылар санасына түсінікті жеткізуіміз керек. Шығарма
жазу үшін көп күш-жіген, ынта, талап қажет. Оқушыларды шығарма жазып үйрету
үшін менің ойымша мұғалім оқушыларға шығарма жаздыртар алдында шығармаға
дайындауда қолданылатын әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білуі керек.
Шығарма үлкен талапты қажет ететін зор жұмыс. Сол себепті оқушылар алдын-ала
шығарма жөнінде мағұлыматтар алуы керек. Шығарманың мектеп
бағдарламасында көп болуы, оқушыны сауаттылыққа, сезімталдыққа,
шығармашылық қасиеттерін оятатын тіл ұстарту жұмысы. Шығарманың сәтті
жазылуы –мұғалімнің еңбегі. Келешек ұрпақтың білімді болуына жол беретін-
мұғалім. Сондықтан сапалы білім беріп, оқушының арман-мұратына жетуіне біздің
қосатын үлесіміздің орны ерекше.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz