Шарт жасасу және оның түрлері



Шарт жасасу және
оның түрлері
Тақырыбы:

Кез-келген білімді адамның адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдар болуы тиіс.
Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың дамуы тенденцияларын тек Қазақстан Республикасы ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүниежүзі көлемінде меңгерген маңызды, соның ішінде «Шарт туралы» тақырыпты барынша зерттеуді және де осы тақырыпты барынша ашуды жөн көріп отырмын.

Курстық жұмыс кіріспе, қорытынды және келесі тараулардан тұрады: шарт ұғымы, оның түрлері, шарттың мазмұны мен нысаны, шарт жасасу, оны бұзу және өзгерту.
«Шарт» термині азаматтық заңнамада әр түрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат, яғни шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі.
Әр шартта көптеген ережелер боулы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе, шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл шарттың - елеулі ережесі.

Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің қағидасы:
шартты жасау еркіндігі;
шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тарптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.
Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады.
Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Азаматтың шарттардың негізгі түрлері:
1. Мүлікті меншікке берудегі міңдеттемелер:
сатып алу-сату шарты (бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісім-шарт жасау, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату) ; айырбас шарты.
2. Мүлікті уақытша пайдалануға берудегі міндеттемелер:
мүлікті жалдау /аренда/;
лизинг;
кәсіпорынды жалдау;
үйлер мен ғимараттарды жалдау;
көлік жалдау;
прокат;
тұрғын үйді жалдау шарты;
мүлікті тегін пайдалану шарты.

3. Жұмыстар атқарудагы міндеттемелер:
құрылыс мердігерлігі шарты;
жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты;
ғылыми зерттеу, тәжірибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты.
4. Қызмет көрсетудегі міндеттемелер:
өтелмелі қызмет көрсету шарты; тасымалдау шарты;
көлік экспедициясы;
заем шарты;
факторинг шарты;
банктік қызмет көрсету шарттары;
сақтау шарты;
сақтандыру шарты және т. б.








Шарт қазіргі кезде ең негізгі қоғамдық-экономикалық қатынаста реттеудің азаматтық құқықтарын және міндеттерін белгілейтін немесе тоқтатын арасында жасалатын құқықтық құрылым болып табылады.
Әрбір шарттын жасалуы екі тараптан қатысқандықтан екеуінің де еркіндігін қажет етеді. Шартқа еркін отырып жатқан тараптардың негізгі мақсаты - өздеріне қажетті құқықтық салдарды туғызу.

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz