Меншік құқығының ұғымы және түрлері


Slide 1

Меншік құқығының

ұғымы және түрлері

Slide 2

Меншік институты әлі де болса көптеген ғалымдардың назарын аударатын мәселе. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу кез келген қоғамның экономикалық негізін құрайды. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлары экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды, соның ішінде меншік қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды. Олардың ішінде экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі есептелінеді.

Slide 3

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - нарықтық қатынастардың даму кезінде қоғамдық қатынасқа түсуші субъектілер кез келген шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру барысында өздеріне тиесілі меншігіндегі мүлікпен қатынасқа түседі. Ал сол мүлікке меншік иесі қандай құқықтарды жүзеге асырады, оны құқықтық реттеу мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

Slide 4

Меншік қатынастары әртүрлі құқық салалары нормаларымен реттелінеді, яғни конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, жер, қылмыстық және т. б. Бұл жалпы теориялық ортақтауды қажет етеді және әр қоғамда меншік институтының дамуына тән ортақ заңдылықтар айқындайды.

Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. «Меншік құқығы» әлі де болса бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Slide 5

Меншік бұл - қоғамдық қатынас. Қоғамдық қатынас ретіндегі меншіктің мазмұны меншік иесінің басқа тұлғалармен материалдық құндылықтарды пайдалану, айырбастау, бөлу, өндіру процестерінде түсетін байланыстармен қатынастарынан туындайды.

Сонымен, меншік - материалдық нысан және еріктілік мазмұн тән қоғамдық қатынас. Меншік - бұл мүліктік қатынас, және де мүліктік қатынастар қатарында бастапқы орында. Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі затқа қатынасында, оны иелену, пайдалану және билік етумен сипатталады.

Slide 6

Иелену - меншік иесінің затқа шаруашылық билігін білдіреді.

Пайдалану - затты өндіру немесе қолдану барысында, одан пайдалы қасиеттерін алуды білдіреді.

Ал билік ету - затқа қатынасты оның тағдырын шешетін актілерді жасауды білдіреді.

Жоғарыда қарастырылып жатқан меншік түсінігі экономикалық тұрғыдан оның маңыздылығын көрсетуде.

Меншіктің түсінігі иеленіп алу тұрғысынан К. Маркстің еңбектерінде шырқау шегінен шықты десек, қателеспейміз. Мұнда меншік және иеленіп алу шын мәнінде бір-бірімен байланысады. Әсіресе, бұл байланыс «Саяси экономияны әшкерлеу» кіріспесінде кеңінен қарастырылған. Оның пікірі бойынша, иелену, пайдалану, билік ету нақты экономикалық категория иеленіп алуға қарағанда, үстемділікке ие. 1 Оның пайдалы жағы жоғары меншікті ерекше және сол уақытта оған қатысты жолдрдың барлық түрлерінде тарихи өзгермелі экономикалық категория ретінде тану, оның саяси-экономикалық, сонымен қатар, құқытық ғылымдарда да үстемділігін көрсетеді. Бұл тұрғыда, экономист В. П. Шкредовтың еңбектерінде басқа көзқарас ұсынылады. Ол: «меншік ерекше экономикалық категория ретінде қалыптаспайды, оны тек құқытық категория ретінде қарастыруға болады, - деп есептейді».

Slide 7

Меншік құқығы тек қана белгілі бір құқықтық фактінің ал, кейбір жағдайларда олардың жиынтығының болуынан туындайтын субъективтік құқық қатарларына жатады. Бұл құқықтық фактілер меншік құқығының пайда болу негіздері деп аталады.

Дамыған ғылымға меншік құқығының пайда болу негізін бастапқы және туында деп бөледі. Бастапқы және туынды деп бөлу критериясына қатысты, кейбір жағдайларда ерік критериясына, ал басқасында құқық иеленушілік критериясына көбірек мән беріледі.

Slide 8

Меншік құқығын иеленудің тәсілдерінің бөліну негізіне иеленушілік критеиясын салыну міндетті, ал ерік критериясына қатысты барлық жағдайларда тәжірибелік сынақты ұстана алмайды.

Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.

Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікте иеліктен айыру туралы өзге де мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.

Азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамға көшеді.

Slide 9

Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие әне т. б. ), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқытық мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тің 249 б. 4 т. ), жекешелендіру (АК-тің 249 б. 3 т. ), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің 249 б. 5 т. ), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249 б. 6 т. ) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да жатады.

Slide 10

Біздің Республикамызда қалыптасқан нысан бойынша жалпы меншік құқығы ең алдымен жеке және мемлекеттік меншік болып бөлінеді.

Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрініс табады.

Заң құжаттарына сәйкес, азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін.

Slide 11

Жалпы негізде жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Ал мемлекеттік меншік болса өз алдына республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.

Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмаз қоры, өзге де мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.

Slide 12

Коммуналдық меншік болса, жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлкеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мұнда мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып, (үлестік меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей (бірлдескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.

Slide 13

Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады:

қозғалмалы және қозғалмайтын заттар;

ақша, шетелдік валюта;

бағалы қағаздар;

міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.


Ұқсас жұмыстар
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Азаматтық құқық субьектілері
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Меншік құқығы және өзге заттық құқықтар
Жердің құқықтық
Қазақстан Республикасының салық құқығы негіздері
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
Меншік құқығының қорғалуы
Жерге меншік құқығы
Жер құқығының әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz