ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ



ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ
КӨПТІГІ

Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы - қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық - құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.

Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады.

Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:
қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы
қылмыстардың жиынтығы;
қылмыстың қайталануы

Статистикалық ақпараттар негізінде Ішкі істер министрлігімен 2004 жылы барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 87, 4 % тергелген болса, 2005 жылы барлық тергеумен аяқталған қылмыстық істердің 86, 4 % тергелген.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Курстық еңбектің методологиялық және әдістемелік негіздерін метериалистік диалектиканың заңдары мен қылмыстық құқықтық зерттеудің негіздері мен қағидалары құрайды. Зерттеуде сондай-ақ, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын қолданудың тарихи, салыстырмалы құқықтану, статистикалық әдістемеліктер, жүйелі- құрылымдық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды.

Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қолданылады.
қылмыс пен жаза дәстүрлі түрде қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары ретінде келеді
қылмыстық жауаптылықтың пайда болуының негізі қылмыс істеу болып табылады
Қылмыстық жауаптылық - қылмыстық заңға негізделген және соттың айыптау үкімінде көрсетілген, қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіпті әрекетіне мемлекет тарапынан берілген теріс бағасының нәтижесі. Сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және оны жазадан босатуға құқылы.

Қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық негізі ретінде мыналарды санау ұсынылды:
оны істеген адамның өзінің және іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілігі;
мемлекет атынан және қылмыстық жауаптылық талаптары бойынша соттың теріс бағасына ие болатын мән-жайлардың жиынтығы ретіндегі кінә;
қылмыстың заңды белгілерінің жиынтығы ретіндегі қылмыс құрамы;
қылмыстың істелу фактісі;
қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекет.

жазадан мына жағдайларда босатылуы мүмкін:
ауруына байланысты (ҚР ҚК 73-бабы) ;
төтенше мән-жайлардың салдарынан (ҚР ҚК 74-бабы) ;
айыптау үкімінің ескеру мерзімі өтуіне байланысты (ҚР ҚК 75-бабы) ;
қажетті қорғану шегінен асқан кезде (ҚР ҚК 66-бабы) .
Қылмыстық жауаптылықтың іске асуы болып - қылмысы үшін кінәлінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуынан басталып, істің сотта қаралуы және жазаны өтеу уақыты танылады.

Қылмыстың белгілері бар әрекет жасаған адамды жағдайдың өзгеруі салдарынан сот істі қарау кезінде егер ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Осы сияқты, қажетті қорғанудан болған, қауіпті қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға қатысты, аса қажеттіліктен т. б. болған әрекеттерге заң жүзінде қылмыстық жауаптылық көзделмеген.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасағандық үшін ғана белгіленеді.

Қылмыстық жауаптылықты мазмұнына қарай былайша түсінуге болады:
қоғамға қауіпті белгілі бір, нақты әрекетті істеген адамға мемлекет, қоғам тарапынан кінәсын бетіне басу.
Қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану
Қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылыққа қылмыстық заңда қылмыс ретінде қарастырылған қоғамға қауіпті іс-әрекетті саналы және ерікті түрде жасаған адам тартылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz