Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам туралы


Slide 1

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Орындаған: Саябаев Р.

Алматы 2011ж

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе 1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы 2. Қазақтың ата-заңы 2. 1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы 2. 2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі 2. 3. Азаматтық қоғам түсінігі

2. 4. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы 3. Қорытынды 4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен қағидалары

Құқықтық мемлекет - бұл адам мен адамзаттың құқықтарымен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылқтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мемлекеттік басқаруға жағдай жасайтын саяси билік ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын бөліп қарастыруға болады

1) Мазмұнды жағы - адаммен адамзаттың құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде қамтамасыз етіуін тұлға үшін құқықтық ынталандыру тәртібін орналастырудан көрінеді.

2) Формалды - заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланструдан мемлекет құрлмдары үшін құқықты шектеу тәртібін орналастырудан көрінеді.

Slide 4

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.

Slide 5

Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру - қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.

Бұл орайда демократияны дамыту - меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат - жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт - қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.

Slide 6

Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Slide 7

Қазақтың ата-заңы

2. 1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы

Республиканың президенті Н. Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н. Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы - Назарбаев Н. Ә деп толық сеніммен айтуға болады.

Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.

Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.

Slide 8

Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы - меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады. Негізі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.

Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.

Slide 9

Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі

Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры - президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады. Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық. Президент ел халқына “Қазақстан-2003” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.

Slide 10

Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды. Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар.

Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың күшін жояды. Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.

Slide 11

Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару тәртіптері де Конституцияда айрықша дараланған. Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды өкілді дегендер - мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары

Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған. Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген. Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.

Slide 12

Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған. Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі - заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі - Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

Slide 13

Адамзатық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроции, Т. Гоббс, Дж. Лок, Гегел, Маркс және тағы басқа ойшылдар қалыптастырған . Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таныды. Азаматтық қоғам - бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын. Адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1. Мемлекеттік емес әлеуметтік-экономикалық

қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік)

2. Мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т. б) .

3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.

4. Саяси партиялар мен қозғалыстар

5. Тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы .

6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі

7. Отбасы

8. Шіркеу және тағы басқалар

Азаматтық қоғамның белгілері

-Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық қамтамасыз етіліуі.

-Өзін -өзі басқару.

Slide 14

-Оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарның басекелестігі

-Еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм.

-Жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы.

-Өмір сүру координатция қағидасына негізделеді(мемлекеттік ақпарат кезінде субординация қағидасы ұстемдік құрады

-Экономиканың көпжақтылығы

-Биліктің заңды және демократиялық сипаты

Құқықтық мемлекет

Адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.

Slide 15

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар түрлi әлеуметтiк топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуын ынталандырды.

Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер, саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. "Невада - Семей" қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын көрiнiсi болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.

Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр дәрежеде дамытуға мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.

1991 жылғы 27 маусымда "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.

Нәтижесiнде елде "Қазақстанның халық конгресi", "Алаш" партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистiк партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, "Лад" республикалық славян қозғалысы және "Азат" Қазақстанның азаматтық қозғалысы, "Мемориал" қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, "Бiрлiк" қозғалысы, "Әдiлет" тарихи-ағарту қоғамы, "Поколение" зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды мәселе
Азаматтық қоғамның қалыптасының теориялық кезеңдері
Социеталды бірлестік және мемлекет. Құқықтық жүйе
Құқықтық мемлекет
Қоғам туралы
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
СЫНЫП ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің мақсаты
Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
Мемлекетті басқару формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz