ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШӨЛДЕР
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ШӨЛДЕР
Шөл
Шөл – ландшафтың ауа температурасы құбылмалы, жауын-шашын өте аз
түсетін климат жағдайында қалыптасатын түрі. Шөлде түсетін жауын-
шашын мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады. Шөл
топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ
жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген
құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-
малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген
қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты
Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау
етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі
атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа
таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы Шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз
жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Дүние жүзіндегі ең ірі шөл –
Сахара. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі шөлді аймақтар: Мырзашөл,
Қарақұм, Қызылқұм, Бетпақдала. Шөлдің ландшафтысы Жер шарының
19%-нда, Қазақстан жерінің 44%-нда қалыптасқан; Шөл белдемі.
Мырзашөл
Мырзашөл– Сырдарияның жоғарғы бойының сол жағын алып
жатқан құмды шөл. Солтүстік жағы Оңтүстік Қазақстан облысы
жеріне кіреді. Қызылқұмға ұласатын қазақстандық Мырзашөлдің
абсолюттік биіктігі 150–250 м келген құм төбелі, белесті жазық.
Климаты қуаң континенттік. Қысы жылы, жазы ыстық және ұзақ
болады; ауаның орташа темп-расы қаңтарда –2,1С, шілдеде
27,9С. Жауын-шашын мөлшері 200–240 мм. Жер асты суының
қоры мол (қ. Қызылқұм артезиан алабы). Негізінен сұр топырақты
келеді, сортаңдау жерлері де кездеседі. Көктемде эфемерлік
шөптесін өсімдік қалың өседі, кейін бұлар қурап кетеді де, жазда
жусан, жантақ тектес өсімдіктер сақталады. Ақбөкен, қасқыр,
түлкі, қарсақ, құмқоян, бауырымен жорғалаушылардың түрлері;
құстардан қырғауыл, үйрек, бөдене, дуадақ, тағы басқа
кездеседі. Мырзашөл өңірін игеру 20 ғасырдың 20-жылдары
Түркістан өңірін суландыру және суармалы егіншіліктің аумағын
едәуір ұлғайту мақсатында жүргізілген ирригациялық
жұмыстардан басталды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жылдары Мырзашөл өңірінде Шардара бөгені, Қызылқұм суару
жүйесі сияқты жасанды айдындар іске қосылды және бұлардың
Бетпақд
ала
Бетпақдала — Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып
жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары
аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен,
шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде
Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен
оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км2 шамасында.
Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300 — 350 м.
Абсолюттік биіктігі 200 — 300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі
жазық, ал абсолюттік биіктігі 400 — 700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі
қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас)
тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары
(құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері — Жамбыл тауы (974 м).
Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-
жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда
құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып,
жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты
кішігірім өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы
суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –12—140С, шілдеде 24—26 0С.
Жауын-шашынның жылдық мөлш. 100—150 мм. Қардың қалыңдығы 10—15
см-ден аспайды. Тұрақты су көздері болмағанымен, жер асты (артезиан)
суының қоры мол. Жайылымдар тереңдігі 10—30 м артезиан құдықтарымен
суландырылады. Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр.
Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың тастақты
шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы мен батысындағы
саздақты жерлерде жусан мен баялыш, оңтстігіндегі Шу өзені маңындағы
құмды төбелер мен қырқаларда сексеуіл, теріскен, еркекшөп, құрғақ
Қарақ
ұм
Қарақұмның климаты қоңыржай континенттік. Қаңтар айының
орташа температурасы 3°С-тан (оңтүстікте) –5°С-қа
(солтүстікте) дейін. Шілдеде орташа температура
солтүстігінде 28°С, оңтүстігінде 34°С. Жауын-шашынның
жылдық орташа мөлшері 60 – 150 мм. Құмды алқаптың
солтүстік-шығысымен Әмудария өзені ағып өтеді. Оңтүстік
және оңтүстік-батысындағы Мургаб және Теджен өзендері
құмға сіңіп кетеді. Эфемерлі өсімдіктер, өлеңшөп, ақ және қара
сексеуіл, қараған, астрагал, қылша өседі. Киік, түлкі, қасқыр,
қарсақ, шибөрі, т.б. аңдар, бауырымен жорғалаушылар,
кемірушілер өте көп; құстардан бозторғай, шіл, т.б. кездеседі.
Қарақұм аумағында Түрікменнің негізгі кен байлықтары (газ,
мұнай, күкірт) жатыр. Шөлді аумақтың орталық бөлігінен
Түрікменбашы (Қарақұм) каналы (ұзындығы 450 км) ағып өтеді.
Оңтүстік-шығыс Қарақұмда дүние жүзіндегі ең байырғы
Репетек құм ғылыми-зерттеу стансасы және осы аттас қорық
бар. Шөлде 6 мыңнан астам құдық орналасқан.
Қарақұм– Балқаш және Сасықкөл
көлдері аралығындағы құм.
Алматы облысының
Алакөл ауданы жерінде, теңіз
деңгейінен 350 – 450 м биіктікте
орналасқан. Ұзындығы 120 км, ені
30 км, ауданы 1600 км2.
Оңтүстігінде Арқарлы тауы және
Сарықұм мен Тасқарақұм құмды
алқабы орналасқан. Қарақұмның
басым бөлігі қырқалы, төбелі
(биіктігі 5 – 30 м, әсіресе солтүсік-
батыс жағында) келеді; бұта
аралас жусан, еркекшөп, т.б.
сораң шөптермен бекіген. Айнала
етегі тақыр, тақырлы сораңдарға
ұласады. Тұщы грунт сулы құм
қабаты жер бетіне жақын жатыр.
Қарақұм – қысқы мал жайылымы.
ҚЫЗЫЛҚҰ
М
Қызылқұм – Сырдария мен Әмудария
өзендерінің аралығын алып жатқан
Орталық Азияның ірі құмды шөлі. Қазақстан
аумағына солтүстік бөлігі кіреді. Қызылқұмның
шығысы облыстың Отырар, Шардара
аудандары және Арыс қалалық әкімдігі аумағын
алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі жалды,
төбелі, құрғақ арналармен тілімделген. Ауданы
300 мың км2. Биікт. 50–300 м; Төбе, жал
аралары тақырлы сортаңды болып келген.
Эалды палеогеннің аллювиалды құмдарынан
тұрады. Климаты тым континенттік. Жазы
ыстық, шілденің орта температурасы 26–29C.
Қысы қоңыржай жылы, қаңтардың орта
температурасы 0–9C. Жауын-шашыны қыста,
көктемде түседі (100–200 мм). Тұрақты өзен
торы жоқ, құрғақ арналар көп. Көктемде шағын
өзеншелер пайда болады. Жер асты су қоры
жеткілікті. Жусан, сексеуіл, жүзгін, бұйырғын
т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қарақұйрық,
қоян, т.б. бауырымен жорғалаушылар көптеп
кездеседі. Мәрмәр, тас көмірден басқа ірі тау
кен орны бар. Қызылқұм өңірі қаракөл қойын,
етті сүтті мал өсіруге қолайлы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.jagrafia.ucoz.kz/geogra/geografiinakz.noext
2.kk.wikipedia.org/wiki
3.kargoo.gov.kz/loader/load/11445
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz