Міндеттемені орындауын қамтамасыз ету
Презентация қосу
Міндеттемені
орындауын
қамтамасыз ету
Міндеттемелік қатынасты реттейтін, азаматтық құқықтық
қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық
нормалардың жиынтығы міндеттемелік құқығы деп аталады.
Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген:
а) Міндеттемелік құқық ( екі бөлімшеден: “Міндеттеме туралы
жалпы ережелер” және “Шарт туралы жалпы ережелерден тұрады”);
ә) “Міндеттемелердің жекелеген түрлері”.
Заңгерлер: талап етуді “ Міндеттемелік құқық” деп атайды.
Бұл –“ екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін
жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге
құқылы” деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар
сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар-
субъект, мазмұн және объект.
Ал, енді, міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы
Азаматтық кодекстің тағы да сол 268-бабында танға таңба
басқандай: “ Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие
беруші” деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама
беретін болсақ, борышқор- белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға
міндетті, немесе одан түрлі себептерге байланысты бас тарта
тұратын жақ; несие беруші-борышқордан мойнындағы
міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында
басқаша көрсетілмесе, бұлар-азаматтар, заңды тұлғалар және
мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік
атауларымен нұсқаланады.
Азаматтық кодекстің 288-бабынасәйкес негізгі борышқор несие
берушінің міндеттемені орындау туралы талабын
қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде
басқа-борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін
екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың
арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.
Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі.
Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім
шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа
ұзақ уақыт кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды
қайтаруды талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді біреуге беру
( мұны цессия деп атайды ) басқа шарттар сияқты жасалады, оның
күші, тәтібі және т.б. белгіленеді. Сонымен бірге талап етуді беруді
жүзеге асыру тәртібіне қатысты талап қоюы циссияның аясына
кірмейді. Несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты
құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі және азаматтың
өміріне немесе денсаулыгына келтірілген зиянның орнын толтыру
жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді
(Азаматтық кодекстің 340- бабы).
Азаматтық кодекстің 344-бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі
несие берушінің құқықтыры заң құжаттары және соларда
көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізіндн:
1) несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты
мирасқорлық нәтижесінде;
2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие
беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
3) міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушысы немесе
осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге
зат берушінің орындауы нәтижесінде;
4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына
жауапты борышқорда несие берушінің құқықтарын алып берген
кезде;
5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға
ауысады.
Міндеттемелік құқық қатынастарында регерестік (шегерме)
міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін
орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол
адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп
атайды.
Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және
баламалық мазмұнымен ерекшеленеді. Айқындалған
мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын
әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай
әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен
ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың
бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқарылуға тиісті
нәрсенің бұрмалауымен келісе алмайды, нәтижесінде
міндетін бұрмалағаны үшін санкция қолданылады.
Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие
беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің
құқығын кепіл жөніндегі шарт бойынша талаптардан бас тартудың
жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.
Кепілдің екі түрі болады:
а) ипотека;
ә) кепілзат;
Кепілдік беруші несие беруші алдында негізгі міндеттеменің
тиісінше орындалмауына немесе міндеттемені борышқордың
орындамауынан несие берушіге келген залалға борышқордың
жауапкершілігі тұрғысынан жауап береді. Сонымен бір мезгілде
кепілдіктің шартының талаптарына сәйкес кепіл берушінің
жауапкершілігі белгілі бір көлемде және шекте қаралуы мүмкін.
Сондықтан да кепіл берушінің жауапкершілігі көп жағдайда
кепілдік туралы шарттың талаптарына тәуелді болады.
Міндеттемені орындамаған
үшін статистика
20 1-тоқсан
2-тоқсан
15 3-тоқсан
4-тоқсан
0
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz