Жанартау




Презентация қосу
ОРЫНДАҒАН:ӘШІРХА
НА

ТЕКСЕРГЕН:БЕЙКИТО
ВА А
Жанартау
Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы
бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін
геологиялық түзілім. Ол терендік магмалық ошақтардан
жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау
жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер
қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда
болады. Атқылау каналдарының пішініне сәйкес
жанартауларды орталық және жарықтық деп бөледі.
Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы
мүмкін. Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері
мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды.
Оның ең көп тараған типтері: конус тәріздес жанартау
(атқыламасында сынық материалдар басым кезінде),
күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы
кезінде) және көлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық
лава аққан кезде). Жанартаудың бір рет қана атқылауы
кезінде пайда болған түзілімді моногендік жанартау,
бірнеше рет атқылаудан пайда болған түзілімді
полигендік жанартау деп атайды. Жанартау жылына жер
бетіне 5 – 6 км3 жанартаулық материалдар шығарады,
оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы
жанартауларға тиесілі. [1]
Атқылау сипатына және магманың құрамына
қарай жанартау бетінде биіктігі мен пішіні әр
түрлі геологиялық құрылымдар пайда болады.
Жанартаудың сұйық заттары кремнезем
мөлшеріне қарай қышқыл, орта және негізгі
құрамды лавалардан тұрады. Жанартау орталық
кратерден және беткейлеріндегі қосалқы
кратерлерден атқылайды. Жанартаудың өте
жоғары қысымдағы бір рет атқылауынан маар
деп аталатын төңкерілген конус пішінді ойыс, ал
аса күшті атқылау кезінде жанартау конусы мен
оның маңайының опырылуынан диаметрі кейде
ондаған км-ге жететін кальдера деп аталатын
үлкен ойыстар пайда болады. Жанартау
әрекетінің себептері жер қыртысындағы күшті
тектоникалық қозғалыстармен, магманың
массасымен, күшті қатпарлану процесстерімен
байланысты. Жер қыртысындағы аса терең
жарылыстар магманың жоғары көтерілуіне жол
ашады, үздіксіз тектоникалық қозғалыстар оның
жер бетіне шығуына мүмкіндік береді. Қазіргі
әрекетті жанартаулар күшті тектоникалық
қозғалыстар байқалатын ұзындығы жүздеген,
мыңдаған километр жас тау жоталары мен аса
ірі терең жарылымдар бойында және мұхит түбі
мен доғалы аралдарда орналасқан.
Жанартаулардың 2/3-сі Тынық мұхиттың
жағалары мен аралдарында (Тынық мұхиттың
жанартаулық белдеуінде), Жерорта теңізі маңы
мен Атлант мұхиты аймағында кездеседі.
Жанартау өте қатерлі табиғи құбылыс
болғандықтан, оларды алдын-ала болжау үшін
зерттеу және бақылау жұмыстары үздіксіз
жүргізіледі.
Жанартау, вулкан (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі
римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының
тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау
жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.
ЛАВАЛАРДАН ТҰРАДЫ. ЖАНАРТАУ ОРТАЛЫҚ КРАТЕРДЕН ЖӘНЕ
БЕТКЕЙЛЕРІНДЕГІ ҚОСАЛҚЫ КРАТЕРЛЕРДЕН АТҚЫЛАЙДЫ.
ЖАНАРТАУДЫҢ ӨТЕ ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДАҒЫ БІР РЕТ АТҚЫЛАУЫНАН
МААР ДЕП АТАЛАТЫН ТӨҢКЕРІЛГЕН КОНУС ПІШІНДІ ОЙЫС, АЛ АСА
КҮШТІ АТҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ЖАНАРТАУ КОНУСЫ МЕН ОНЫҢ
МАҢАЙЫНЫҢ ОПЫРЫЛУЫНАН ДИАМЕТРІ КЕЙДЕ ОНДАҒАН КМ-ГЕ
ЖЕТЕТІН КАЛЬДЕРА ДЕП АТАЛАТЫН ҮЛКЕН ОЙЫСТАР ПАЙДА БОЛАДЫ.
ЖАНАРТАУ ӘРЕКЕТІНІҢ СЕБЕПТЕРІ ЖЕР ҚЫРТЫСЫНДАҒЫ КҮШТІ
ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРМЕН, МАГМАНЫҢ МАССАСЫМЕН,
КҮШТІ ҚАТПАРЛАНУ ПРОЦЕССТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ. ЖЕР
ҚЫРТЫСЫНДАҒЫ АСА ТЕРЕҢ ЖАРЫЛЫСТАР МАГМАНЫҢ ЖОҒАРЫ
КӨТЕРІЛУІНЕ ЖОЛ АШАДЫ, ҮЗДІКСІЗ ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
ОНЫҢ ЖЕР БЕТІНЕ ШЫҒУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. ҚАЗІРГІ ӘРЕКЕТТІ
ЖАНАРТАУЛАР КҮШТІ ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР БАЙҚАЛАТЫН
ҰЗЫНДЫҒЫ ЖҮЗДЕГЕН, МЫҢДАҒАН КИЛОМЕТР ЖАС ТАУ ЖОТАЛАРЫ
МЕН АСА ІРІ ТЕРЕҢ ЖАРЫЛЫМДАР БОЙЫНДА ЖӘНЕ МҰХИТ ТҮБІ МЕН
ДОҒАЛЫ АРАЛДАРДА ОРНАЛАСҚАН. ЖАНАРТАУЛАРДЫҢ 2/3-СІ ТЫНЫҚ
МҰХИТТЫҢ ЖАҒАЛАРЫ МЕН АРАЛДАРЫНДА (ТЫНЫҚ МҰХИТТЫҢ
ЖАНАРТАУЛЫҚ БЕЛДЕУІНДЕ), ЖЕРОРТА ТЕҢІЗІ МАҢЫ МЕН
АТЛАНТ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНДА КЕЗДЕСЕДІ. ЖАНАРТАУ ӨТЕ ҚАТЕРЛІ
ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫС БОЛҒАНДЫҚТАН, ОЛАРДЫ АЛДЫН-АЛА БОЛЖАУ
ҮШІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҮЗДІКСІЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Cу асты жанартауы 3 – 4 км тереңдіктегі
лавалық жарықтардан тыныш күйде шығып
жатады, бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін
емес. Жер үсті жанартаулары атпа өнімдерінен
құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді
тау түрінде болады. Сөнбеген жанартаулардың
ең жоғары салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9
км, аралдарда 6 км, таулы өңірлерде 3 км-ге
жетеді. Жердегі сөнбеген жанартаулардың
орташа биіктігі 1750 м, көлемі 85 км3.
Жанартаулар сөнбеген, потенциалды сөнбеген,
шартты түрде сөнген және сөнген болып
жіктеледі. Сөнбеген жанартауға соңғы 3500
жылғы тарихи кезеңде атқылаған не ыстық
газдар мен су шығарған жанартаулар жатады,
олардың жалпы саны 947 (2008). Потенциалды
сөнбеген жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде
байқалған голоцен дәуірінің жанартаулары
жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде
ешқандай әрекет көрсетпеген, бірақ өзінің
сыртқы пішінін сақтап қалған жанартаулар
шартты сөнген жанартауларға жатады. Эрозияға
шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және
кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта
ешқандай әрекет жасамаған жанартаулар
сөнген жанартау деп аталады.
Жанартау шығу жолдарына байланысты орталық
және жарықшақты болып бөлінеді.
Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау
мантиялық (30 – 70 км және одан да терең),
қыртыстық (5 – 45 км) және аралас болып
бөлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы,
екінші жағдайда басым көпшілігі андезит, дацит,
липарит тау жыныстары, үшіншісінде барлық
жанартаулық тау жыныстары шығады
Жапонияның ең Фудзияма, Фудзи, Фудзисан (айн халқының тілінде
Фусхи — от құдайы, жапонша сан — тау) — Хонсю аралының оңтүстік-
шығысындағы әрекетті жанартаубиік жері (3776 мрд). Токио қаласынан
оңтүстік-батысқа қарай 100 км-дей же е. Базальтты және андезитті
лавадан тұрады. Жанартау соңғы рет 1707 — 1708 ж. атқылады. Шыңы
дұрыс конус пішінді, кратерінің тереңдігі 250 м-дей, оны 10 ай бойы қар
жауып жатады. Беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, бұталы өсімдіктер
өседі. Фудзи-Хаконе-Идзу ұлттық саябағының құрамына кіреді.
Минералды бұлақтарға бай. Фудзияма — жапон елінің нышаны,
жапондардың қасиет тұтатын тауы, оған жыл сайын ондаған мың адам
көтеріледі. Туризм дамыған.
Жанартаутекті шөгінді жыныстар – жанартаулық және шөгінді
материалдардан тұратын тау жыныстары. Олар жанартаукесекті
шөгінді жыныстар, тефроидтар және жанартаутерригенді
жыныстар болып үшке бөлінеді. Жанартаутекті шөгінді
жыныстарда яшма, фосфорит, боксит, темір, марганец, бораттың
кендері кездеседі. Жанартаутекті шөгінді кендер – теңіздердің
түбінде жанартаутекті шөгінді жыныстардың шөгуінен түзілген
кендер. Мұндағы минералдық заттар жанартаудың ыстық газы
мен суынан бөлініп, жанартау лавасы мен күліне сіңеді. Кейін
суынған лава мен күл теңіз суының әсерінен әр түрлі бөлшектерге
ыдырай бастайды. Ал жанартау әрекеті қайталанып, жаңадан
бөлінген газдар мен сұйық ерітінділер қайта әсер еткенде олар
ериді, сілтісізденеді, тотығады, жаңа химиялық қосылыстар,
минералдар түзіп, шөгеді және су массасымен бірге бір орыннан
екінші орынға көшеді. Сөйтіп, жанартау атқылауымен жердің
терең қабаттарынан келетін заттар ыдырап, жер беті суымен
тасымалданады. Жанартаутекті шөгінді кендерге силикаттар мен
карбонаттардан, оксидтер мен гидроксидтерден тұратын темір
мен марганецтің аса қалың қабаттары, құрамында темір, мыс,
мырыш, кейде қорғасын сульфиттері және барит пен гипс
болатын колчедан кентастары жатады. Мұндай кендер барлық
геологиялық жүйелерде кездеседі. Жанартаутекті шөгінді
кендерге Орталық Қазақстанның темір-марганец, Кенді
Алтайдың полиметалл кен орындары жатады.
Жанартау шынысы, обсидиан – жанартау
лавасының жер бетінде тез суып,
кристалданбай қатаюынан пайда болатын
тау жынысы. Химиялық құрамына қарай
ультранегізді, негізді, орта, қышқыл,
сілтілі болып бөлінеді. Жанартау шынысы
химиялық құрамына, суу ортасына
байланысты ажыратылады. Құрамында
кремний оксидінің (SіO2) мөлшері көп,
өте тұтқыр, қышқыл риолит лава
түрлерінің қатаюы кезінде обсидиан деп
аталатын жанартау шынысы түзіледі. Ал
сирегірек кездесетін SіO2-ге кедейлеу
базальттық лавалар шыны түрінде қатып,
мөлдір емес қара базальтты жанартау
шынысы – тахилит түзеді. Лава сулы
ортада қатқан жағдайда жанартау
шынысының құрамында (мысалы,
пехштейн, яғни шайыртас) су көптеу
болады. Кеуекті жанартау шынысы пемза
деген атпен белгілі. Перлит жанартау
шынысының құрамында 3 – 5%-ға дейін
байланысқан су болады, ол өнеркәсіпте
қолданылады. Жанартау шынысы шыны
өндірісінде және құрылыс материалы
ретінде қолданылады. Кендері
Солтүстік Қазақстанда (Торғай),
Шығыс Қазақстанда
ЖЕР АСТЫ
ЖАНАРТАУЫ
Пайдаланған
әдебиеттер
1.www.world-volkanos.ru

2.katastrofa.h12.ru/volcano.htm

3.mir-zemli.ru

Ұқсас жұмыстар
Индонезия туризмі
Таулардың өзгеруі
Магмалық тау жыныстары классификациясы
Картадан Қазақстандағы биік тауларды көрсет
Экологиялық апаттарға сипаттама
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
“Еуропа мен Азия елдері”
ӘЛЕМДІК МҰХИТТАР
Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник
Дабылды жырдың дауылпазы»
Пәндер