Қазақстан шөлдерінің физико-географиялық сипаттамасы және негізгі құмды алқаптары


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан шөлдері

Орындаған: Әлдибай Камшат

Тексерген: Бейкитова Альбина

Notes: Тексерген: Бейкитова Албина

Slide 2

Шөл - жылдық жауын-шашыны аз (100-250 мм не одан да кем), жазғы температурасы жоғары, булануы күшті, ауа, әсіресе топырақ температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуы өте мол болып келетін физико-географиялық зоналардың бірі. Шөл қоңыржай және тропик өңірлерінде орналасады. Өзінің субстраты бойынша шөлтастақты, саздақты (балшықты), сорлы және құмды болып төртке бөлінеді. Тастақты, саздақты және сорлы шөлдерде өсімдіктер жоқтың қасы, ал құмды шөлдер өсімдікке байырақ. Онда құм өлең шөбі, жусандар, жүзіген, құм қарағаны, сексеуіл өседі. Көктем басындағы, жазғы және күзгі жаңбырлардан кейін құмды шөл көктеп, мал жайылымы есебінде пайдалануға мүмкіндік береді. Құмды шөлге ҚазақстандағыҚызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік Атырау және тағы басқалар жатады. Шөл өсімдіктері сирек болғанмен ауаның ұдайы құрғақтығына жақсы бейімделген. Бұған вегетативтік уақыты қысқа, өсімдіктер (эфемерлер) тән келеді; олардың басым көпшілігінің тамыр жүйелері терең орналасады, ал жапырақтары кішкене болғандықтан шөл өсімдіктері бойына ылғал қорын жинайды. Шөлде мекендейтін жануарлардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Табиғи ықтасындардың жоқтығына байланысты жазғы ыстықтарда жануарлардың көпшілігі құмға кіріп (кесірткелер, жыландар, кенелер, шаяндар, көптеген насекомдар), немесе ін қазып (тараққұйрықтар, қосаяқтар, тағы басқалар) мекендеуге бейімделген; кейбір жануарлар (кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылардың көпшілігі) жазғы ұйқыға кіріседі. Өсімдіктердің сирек, судың аз болуына байланысты жануарлардың біразы шапшаң жүгіруге бейімделген (мыс. : қарақұйрық, ақбөкен) . Кейбір жануарлардың (мыс. : түйе) организмдерінде суға төзімділік ерекшеліктері бар. Шөл жануарларының көпшілігіне жүнінің сұр құм түсті болып келуі тән. Географиялық таралуына байланысты шөлдер тропиктік өңір, қоңыржай өңір шөлдері болып бөлінеді. Үлкен шөлдерге Қызылқұм, Қарақұм; Сахара, Араб, Иран, Орталық Азия (Такла-Макан) ; Солтүстік Американың батыс белімі (Үлкен бассейн), Австралияның батыс белімі (Үлкен құмды шел), Ұлы Виктория шөлі жатады.

Slide 3 Slide 4

Қызылқұм - Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын алып жатқан Орталық Азияның ірі құмды шөлі. Қазақстан аумағына солтүстік бөлігі кіреді. Қызылқұмның шығысы облыстың Отырар, Шардара аудандары және Арыс қалалық әкімдігі аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі жалды, төбелі, құрғақ арналармен тілімделген. Ауданы 300 мың км2. Биікт. 50-300 м; Төбе, жал аралары тақырлы сортаңды болып келген. Эалды палеогеннің аллювиалды құмдарынан тұрады. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, шілденің орта температурасы 26-29C. Қысы қоңыржай жылы, қаңтардың орта температурасы 0-9C. Жауын-шашыны қыста, көктемде түседі (100-200 мм) . Тұрақты өзен торы жоқ, құрғақ арналар көп. Көктемде шағын өзеншелер пайда болады. Жер асты су қоры жеткілікті. Жусан, сексеуіл, жүзгін, бұйырғын т. б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қарақұйрық, қоян, т. б. бауырымен жорғалаушылар көптеп кездеседі. Мәрмәр, тас көмірден басқа ірі тау кен орны бар. Қызылқұм өңірі қаракөл қойын, етті сүтті мал өсіруге қолайл

Slide 5 Slide 6

Қарақұм - Балқаш және Сасықкөл көлдері аралығындағы құм. Алматы облысының Алакөл ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 350 - 450 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 120 км, ені 30 км, ауданы 1600 км2. Оңтүстігінде Арқарлы тауы және Сарықұм мен Тасқарақұмқұмды алқабы орналасқан. Қарақұмның басым бөлігі қырқалы, төбелі (биіктігі 5 - 30 м, әсіресе солтүсік-батыс жағында) келеді; бұта аралас жусан, еркекшөп, т. б. сораң шөптермен бекіген. Айнала етегі тақыр, тақырлы сораңдарға ұласады. Тұщы грунт сулы құм қабаты жер бетіне жақын жатыр. Қарақұм - қысқы мал жайылымы.

Slide 7

Мойынқұм

Мойынқұм - Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары жеріндегі құмды алқап. Солтүстігі мен шығысында Шу өзені аңғарымен, оңтүстігінде Қаратау, Қырғыз Алатауы жоталарының бөктерімен шектеледі. Ауданы 37, 5 мың км2. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 500 км-ге созылып жатыр. Мойынқұмның Шу өзеніне жалғасқан бөлігінің ені 15-30 км. Жер қыртысы палеозойлық тұғырдың майысқан (Шу синеклизасы) жерінде жатыр, беткі жағы шөгінді қабат. Шығыс бөлігі биіктігі 10-25 м, ұзындығы 1-2 км-дей жеке жалдарға бөлінген, жер бедері бұйратты. Орталық бөлігінде биіктігі 50 - 70 м құмды қырқалар қалыптасқан. Ойыстарда жер асты сулары тым жақын. Оңтүстік-шығысында және батысында жер асты сулары тереңіректе (35 - 50 м) кездеседі. Климаты өте қуаң континенттік. Қаңтардың орташа температурасы батысында -11, 2С (Тасты ауданы маңында), шығысында - 2-7, 5С (Үмбет ауданы маңында), шілдеде 26, 9-25, 6С. Ауаның ең төменгі температурасы -40 -44С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150-330 мм. Қардың қалыңдығы 10-15 см-ден аспайды. Сексеуіл, жусан, жүзгін, еркекшөп, теріскен, т. б. өседі. Ақбөкен, қарақұйрық, қоян, кірпі, қосаяқ, саршұнақ, т. б. мекендейді. Мойынқұм - мал жайылымы. Шұратты жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Үмбет мемлекеті аңшылық шаруашылығы және Андасай (Аңдысай) қорықшасы ұйымдастырылған. [1]

Мойынқұм - Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды алқап. Құланбасы, Малайсары және Көкшиелі тауларының солтүстік етегіне тіреледі. Абсолют биіктігі 460 - 800 м. Солтүстігі Сарыесікатырау құмына, шығысы Жетіжол, батысы Жуанқұмға ұласады. Мойынқұм Іле өзенінен Қаратал өзеніне дейін 60 - 70 км-ге созылып жатыр, ені 35 км-ге жетеді. Солтүстік және солтүстік-батыс бөлігіндегі қырқа құмдардың биіктігі 20 - 30 м. Оңтүстік бөлігі Шеңгелді және Сарыбұлақ құрғақ арналарымен тілімделген. Еркекшөп, жусан, т. б. өсімдіктер өседі. Солтүстігінде жер асты сулары 100 м тереңдікте кездеседі. Күзгі, көктемгі мал жайылымы.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шөлді және құмды аймақтарының физико-географиялық сипаттамасы
Арыс өзені: физико-географиялық сипаттамасы, су қорлары мен пайдалану мәселелері
Ақтөбе қаласының физико-географиялық ерекшеліктері, экологиясы және демографиялық сипаттамасы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы: аумақтық құрылымы және физико-географиялық сипаттамасы
Жайық өзені: физико-географиялық және гидро-экологиялық сипаттамасы, туристік-экологиялық зерттеу маршруты мен қалпына келтіру шаралары
Қазақстан тарихы (10-сынып): Ұлы Даланың тарихи-географиялық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысы: әкімшілік-аумақтық құрылымы, физико-географиялық ерекшеліктері, кен байлықтары және ірі қалалары
Британ аралдарының физико-географиялық ерекшеліктері мен ландшафтық антропогендік өзгерістері
Қазақстан астаналары: Алматы мен Астананың тарихи, географиялық және әдеби сипаттамасы
Марқакөл қорығының физико-географиялық ерекшеліктері және сирек өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz