Шарт жасасу: ұғымы, түрлері және тәртібі


Slide 1

Шарт жасасу және

оның түрлері

Тақырыбы:

Slide 2

Кез-келген білімді адамның адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдар болуы тиіс.

Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың дамуы тенденцияларын тек Қазақстан Республикасы ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүниежүзі көлемінде меңгерген маңызды, соның ішінде «Шарт туралы» тақырыпты барынша зерттеуді және де осы тақырыпты барынша ашуды жөн көріп отырмын.

Slide 3

Курстық жұмыс кіріспе, қорытынды және келесі тараулардан тұрады: шарт ұғымы, оның түрлері, шарттың мазмұны мен нысаны, шарт жасасу, оны бұзу және өзгерту.

«Шарт» термині азаматтық заңнамада әр түрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат, яғни шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі.

Әр шартта көптеген ережелер боулы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе, шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл шарттың - елеулі ережесі.

Slide 4

Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің қағидасы:

шартты жасау еркіндігі;

шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Slide 5

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тарптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды.

Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады.

Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін.


Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтағы шарт: ұғымы, түрлері және жасасу тәртібі
Шарт ұғымы, шарт еркіндігі және шарттардың түрлері мен өзгерту және бұзу тәртібі
Келісімшарттардың азаматтық-құқықтық негіздері, түрлері және жасасу тәртібі
Шарт ұғымы, қағидалары және түрлері
Міндеттеме және шарт: ұғымы, жіктелуі, қатысушылары мен туындау негіздері
Ауыл шаруашылығындағы шарттық қатынастарды құқықтық реттеу және негізгі шарт түрлері
Меншік құқығы: ұғымы, түрлері, иемдену тәртібі, тоқтатылуы және қорғауы
Меншік құқығы: ұғымы, түрлері, иемдену тәртібі, тоқтатылуы және қорғалуы
Мердігерлік шарт: міндеттемелер, түрлері және жұмыс мерзімдері
Мәміле және шарт: анықтамасы, құқықтық табиғаты және түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz