Қазақстан аумағындағы шөлдер
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті
Қазақстан
аумағындағы шөлдер
Орындаған: Қадырова
Ж
Тексерген: Бейкитова А
Шөл – ландшафтың ауа температурасы құбылмалы,
жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында
қалыптасатын түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын
мөлшерінен булану шамасы 7 – 30 есе артық болады.
Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі
аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары
үстінде қалыптасқан құмды шөл, гипстелген
құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы
малтатасты және құмды-малтатасты шөл;
үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген
қиыршық тасты шөл; аласа таулар және ұсақ
шоқылардағы тастақты шөл; жамылғысы сәл
карбонатты саздақты жердегі саздақты шөл; тау етегі
жазығындағы лессті шөл; тау алды жазығы мен
өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр шөл;
тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі
саздақты-шөладырлы шөл.
Мойынқұм
Мойынқұм – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары жеріндегі құмды алқап.
Солтүстігі мен шығысында Шу өзені аңғарымен, оңтүстігінде Қаратау, Қырғыз
Алатауы жоталарының бөктерімен шектеледі. Ауданы 37,5 мың км2. Оңтүстік-
шығыстан солтүстік-батысқа қарай 500 км-ге созылып жатыр. Мойынқұмның Шу
өзеніне жалғасқан бөлігінің ені 15–30 км. Жер қыртысы палеозойлық тұғырдың
майысқан (Шу синеклизасы) жерінде жатыр, беткі жағы шөгінді қабат. Шығыс бөлігі
биіктігі 10–25 м, ұзындығы 1–2 км-дей жеке жалдарға бөлінген, жер бедері бұйратты.
Орталық бөлігінде биіктігі 50 – 70 м құмды қырқалар қалыптасқан. Ойыстарда жер
асты сулары тым жақын. Оңтүстік-шығысында және батысында жер асты сулары
тереңіректе (35 – 50 м) кездеседі. Климаты өте қуаң континенттік. Қаңтардың
орташа температурасы батысында –11,2С (Тасты ауданы маңында), шығысында –
2–7,5С (Үмбет ауданы маңында), шілдеде 26,9–25,6С. Ауаның ең төменгі
температурасы –40 –44С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 150–330 мм. Қардың
қалыңдығы 10–15 см-ден аспайды. Сексеуіл, жусан, жүзгін, еркекшөп, теріскен, т.б.
өседі. Ақбөкен, қарақұйрық, қоян, кірпі, қосаяқ, саршұнақ, т.б. мекендейді. Мойынқұм –
мал жайылымы. Шұратты жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Үмбет
мемлекетік аңшылық шаруашылығы және Андасай (Аңдысай) қорықшасы
ұйымдастырылған.
Қызылқұм
Қызылқұм – Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын алып
жатқан Орталық Азияның ірі құмды шөлі. Қазақстан аумағына
солтүстік бөлігі кіреді. Қызылқұмның шығысы облыстың Отырар,
Шардара аудандары және Арыс қалалық әкімдігі аумағын алып
жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі жалды, төбелі, құрғақ
арналармен тілімделген. Ауданы 300 мың км2. Биікт. 50–300 м;
Төбе, жал аралары тақырлы сортаңды болып келген. Эалды
палеогеннің аллювиалды құмдарынан тұрады. Климаты тым
континенттік. Жазы ыстық, шілденің орта температурасы 26–
29C. Қысы қоңыржай жылы, қаңтардың орта температурасы 0–
9C. Жауын-шашыны қыста, көктемде түседі (100–200 мм).
Тұрақты өзен торы жоқ, құрғақ арналар көп. Көктемде шағын
өзеншелер пайда болады. Жер асты су қоры жеткілікті. Жусан,
сексеуіл, жүзгін, бұйырғын т.б. өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ,
қарақұйрық, қоян, т.б. бауырымен жорғалаушылар көптеп
кездеседі. Мәрмәр, тас көмірден басқа ірі тау кен орны бар.
Қызылқұм өңірі қаракөл қойын, етті сүтті мал өсіруге қолайлы.
Қызылқұм
Бетпақдал
а
Бетпақдала — Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ
аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қарағанды, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан.
Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында
Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде
Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 500 км,
солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы
75 мың км2 шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа
абсолюттік биіктігі 300 — 350 м. Абсолюттік биіктігі 200 — 300
метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал
абсолюттік биіктігі 400 — 700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі
қыратты. Палеозой эрасының тау жыныстары (гранит,
порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген
кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм)
жапқан. Ең биік жері — Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік
Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Сай-
жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр
және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде
жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын
Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық.
Қаңтарда ауаның орташа температурасы –12—140С, шілдеде 24
—260С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 100—150 мм. Қардың
қалыңдығы 10—15 см-ден аспайды. Тұрақты су көздері
болмағанымен, жер асты (артезиан) суының қоры мол.
Жайылымдар тереңдігі 10—30 м артезиан құдықтарымен
суландырылады. Бетпақдаланың топырағы қоңыр, сұрғылт қоңыр.
Солтүстігінде жусан басым, шығысындағы шоқылы таулардың
тастақты шөлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын, орталығы
мен батысындағы саздақты жерлерде жусан мен баялыш,
оңтстігіндегі Шу өзені маңындағы құмды төбелер мен қырқаларда
сексеуіл, теріскен, еркекшөп, құрғақ арналарын бойлай жыңғыл,
тораңғы өседі. Солтүстік-шығысындағы таулы қыраттарда арқар,
елік, қасқыр, түлкі; жазықта ақбөкен, алақоржын, саршұнақ, аламан,
жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекендейді. Бетпақдала — көктемгі
және күзгі мал жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі мен
Бетпақдала фаунасын сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай,
т.б.) ұйымдастырылған.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.jagrafia.ucoz.kz/geogra/geografiinakz.noext
2.kk.wikipedia.org/wiki
3.kargoo.gov.kz/loader/load/11445
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz