МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ


Slide 1

Меншік институты әлі де болса көптеген ғалымдардың назарын аударатын мәселе. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу кез келген қоғамның экономикалық негізін құрайды. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлары экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуынажәне де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады.

Меншік құқығы

Slide 2

Бұл курстық жұмыстың өзектілігі

- нарықтық қатынастардың даму кезінде қоғамдық қатынасқа түсуші субъектілер кез келген шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру барысында өздеріне тиесілі меншігіндегі мүлікпен қатынасқа түседі. Ал сол мүлікке меншік иесі қандай құқықтарды жүзеге асырады, оны құқықтық реттеу мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

Slide 3

Меншік институты Қазақстанның қалыптасуынан бастап зерттеліп келеді. Меншік құқығы субъективті азаматтық құқық ретінде, ал экономикалық жүйеде және құқықтық қатынастарда меншік құқығының орны меншік құқығының объектісі ретінде қарастырылады.

Бұл қазіргі кезде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың бағытын дұрыс белгілеуге өзінің ықпалын тигізеді. «Меншік құқығы» әлі де болса бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осы курстық жұмысында иелену, пайдалану, билік ету, меншік, виндинациялық талап, неготорлық талап және т. с. с. терминдер қолданылады.

Slide 4

Меншік құқығы түсінігін, оның пайда болуын және ерекшеліктерін карастырайық.

Бұл тұрғыда ең алғаш меншік ретінде жеке тұлғаға немесе ұжымға тиесілі затқа олардың өз мүлкі сияқты қарауы анықталған. Мұнда меншік менікі және сенікі деп бөлінуді астарлайды. Мұнсыз тіпті меншік жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда қандай да бір болмасын меншік нысаны жеке болып табылады.

Меншіктің берілген бұл жай анықтамасынан біз мынаны түсінеміз, Меншік - бұл адамның затқа қатынасы.

Меншік бұл - қоғамдық қатынас. Қоғамдық қатынас ретіндегі меншіктің мазмұны меншік иесінің басқа тұлғалармен материалдық құндылықтарды пайдалану, айырбастау, бөлу, өндіру процестерінде түсетін байланыстармен қатынастарынан туындайды.

Slide 5

Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі затқа

қатынасында, оны иелену, пайдалану

және билік етумен сипатталады.

Пайдалану - затты өндіру немесе қолдану барысында, одан пайдалы қасиеттерін алуды білдіреді.

Ал билік ету - затқа қатынасты оның тағдырын шешетін актілерді жасауды білдіреді.

Иелену - меншік иесінің затқа шаруашылық билігін білдіреді.

Slide 6

Иелену құқығы - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге

асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі болып табылады.

Пайдалану құқығы - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

меншік құқығының нысандары:

Slide 7

жалпы меншік құқығы:

жеке меншік

Мемлекеттік меншік

Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрініс табады.

Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Slide 8

Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды, өйткені ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды.

Жалпы ортақ бірлескен меншік:

ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;

шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;

шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;

Slide 9

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы - мемлекеттік емес заңды тұлғалардың материалдық игіліктерді оларға ие болу мүмкіншілігін қорғайтын, бекітетін құқық нормаларының жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың субъективтік (тұлғалық) меншік құқығы заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып табылады.

Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстн халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.

Slide 10

Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады:

қозғалмалы және қозғалмайтын заттар;

ақша, шетелдік валюта;

бағалы қағаздар;

міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.

меншіктің субъективті құқығы - меншік иесіне бекітілген мүлікті пайдалану, иелену, билік етуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік және оған қатысты өз мүддесі үшін заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез келген әрекет жасауға, сондай-ақ билік ету барысында үшінші тұлғалардың араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Мемлекеттік меншік құқығы
Меншік құқығын иемдену тәртібі
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ
Меншік формалары
МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
Меншіктің субъектілері
Жерге мемлекеттік меншік
Меншік және экономикалық жүйелер
Жеке тұлғалардың меншігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz