Жаңашыл педагогтар туралы


Slide 1

Жаңашыл педагогтар

Slide 2

Қ. М. Нұрғалиев

(1925 - 1988 ж. ж. ) Құмаш Нұрғалиев Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. "Шыңғысхан" мектебінің 6-сыныбын бітіріп, еңбекке араласты

Slide 3

Идеясы:

Боран мектебін білімдар әрі бала жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы, біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы, шығармашылығы.

Slide 4

Архимед Мыңбайұлы Ысқақов

1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз, 1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің физика математика факультетін бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе жинақтаған дарынды ұстаз. 1988-89 оқу жылынан бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары сынып оқушыларына арналған эксперименттік. мектептің директоры қызметін атқарады.

Slide 5

Негізгі идеялары мен тәжірибелері: Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ" мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық процесті еркін демократиялық негізде жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда, педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің пайдасына көздерін жеткізеді.

Slide 6

Р. Нұртазина

Педагог-әдіскер, Қазаң ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі (1966), Социалистік Еңбек Ері (1968), педагогика ғылымдарының кандидаты (1974) . Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1951) . Алматыдағы №12 қазаң орта мектебінде 14 жыл бойы басшылық етіп, орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді. 200-ден астам ғылыми зерттеулер мен оқу-педагогикалық еңбектердің авторы, қазақ мектептеріндегі орыс тілі әдебиеті бағдарламасын құрастырушылардың бірі.

Slide 7

Идеялары: педагогика ғылымының жетістіктерін, заңдылықтарын, әдебиеттерін оқып үйреніп, диалектикалық жолмен қорытынды шығара білу; адамға ізгілікті ықпал жасай білуді меңгеру; әр балаға бақыт сыйлау; педагогикалық процесте пәнаралық байланыс негізінде шығармашылықпен Оқыту; сабақта енжарлыққа жол бермеу; әрбір сабақты оқушы мен мұғалімнің рухани қатынасының қуанышы көзіне айналдыру; ана тілінде білім алу. Сабақ қаншама қайталанса да, жаңалығымен мұғалімнің өзін де, оқушыны да таңдандыратындай болуы тиіс. Егер мұғалім әр баланы қайталанбайтын жеке тұлға деп, оған сеніммен, мейіріммен қараса, мектеп директоры әр шәкіртіне әріптес ұстаздарына парасатты қатынаста болса, онда оқу-тәрбие процесі жақсы жүреді.

Slide 8

Қанипа Бітібаева

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі. 1991 жылы 19 мамырда Қанипа Бітібаеваның ғылыми әдістемелік атаулы мектебі ашылып, оның жетекшілігімен ұстаздар "Әдебиетті тереңдетіп оқыту әдістемесін" жетілдіруге ат салысуда. Қ. Омарғалиқызы 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы.

Slide 9

Қ. Бітібаева әдебиетті "өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы" - деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім.

Slide 10

Шалва Александрович Амонашвили

Жаңашыл педагогтің қызметі: профессор, психология ғылымдарының докторы, академик.

Slide 11

Тұжырымдамасы: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ш. А. Амонашвили 6 жасар балаға тәрбие және білім берудің мазмұнын, принциптерін, тиімді әдістерін ғылыми негіздеп, оны мектеп тәжірибесі арқылы дәлелдеді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде гуманитарландыру идеясын жүзеге асырды. Ұраны: "Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау". Шалва Александрович мектеп есігін жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас үшін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған істерінің нақты нәтижелерімен бағалайды. Оның оқушыларының дәптерден жасаған қолжазба кітаптары бар. Оған балалар өздерінің алғашқы әңгімелерін жазады, өздерінің салған суреттерін папкаларға жинайды. Балалар табыстарын ата-анасына көрсетіп, мақтанып, оны мектептегі көрмеге қойып, ұжымның рухын көтеріп, оқушыларға күнделікті оқу, білім, өздігінен іздену жолдарын түсіндіреді.

Slide 12

В. Ф. Шаталов


Ұқсас жұмыстар
Жаңашыл педагогтар
Жаңашыл педагог қызметі, идеялары
Жаңашыл педагог идеялары. Шалва Александрович Амонашвили
ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ ИДЕЯЛАРЫ
Педагогикалық тәжірибе
Оқытудың белсенді формасы мен әдістері
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында инновациялық іс- әрекеттерді қолданудың жаңа бағыттары
МҰҒАЛІМ ОҚЫТУ
Тәрбиенің ұлттық ерекшеліктері
Дарынды балалармен жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz