Есептеу техникасының даму тарихы жайлы


Slide 1

Есептеу техникасының даму тарихы

Slide 2

Осыдан 3, 5 ғасыр (1642 ж) бұрын өмір сұрген француз математигі Блез Паскальдің әкесі санақшы болып жұмыс істеген екен, әкесінің жұмысын жеңілдету мақсатында ол санау құрылғысын ойлап тапты. Ол құрылғы үлкен сандарды қосу мен азайту амалдарын орындады, «Паскальдің аналитакалық машинасы» деп аталған болатын.

Slide 3

1694 жылы өмір сүрген неміс математигі Лейбниц Паскальдің машинасын әрі қарай дамытып, көбейту мен бөлу амалдарын орындатты. Лейбниц оны «Арифмометр» деп атады.

Slide 4

1887ж., Г. Холлерит, У. Бэббидж бен Г. Джоккардтың идеяларын қолданып, алғашқы есептеуіш-аналитикалық кешенін құрды. Бұл құрал АҚШ-та (1890), Ресейде (1897), Канадада (1897) халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.

1941ж., Коннард Цузе бағдарламалық басқаруы мен жадтайтын құрылғысы бар алдыңғыларға ұқсас машина жасап шығарды.

1944ж. Айкен IBM фирмасының кәсіпорнында Бэббидж жұмыстарының көмегімен электромеханикалық реледегі «МАРК-1» аналитикалық машинасын құрастырды. Бұл машинаның есептеу жылдамдығы электр жетегі бар арифмометрден 100 есе тез болды. Бұл машинаның бірнеше жетілдірілген түрлері шығарылды.

1957ж. - ССРО-да (PBM-1) релелік есептеуіш машина жасады. Бұл релелік ЕТ-нің ең ірі және соңғы жобасы болды. Осы кезеңде механикаландырылған санау кәсіпорны болып табылатын есептеуіш-машина стансалары құрыла бастады.

Slide 5

1943-45ж. АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШАМДАРДЫҢ негізіндегі ең алғашқы ENIAC ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ «МАРК-1» машинасынан өнімділігі бойынша 1000 есе артық және одан екі есе үлкен (салмағы 30т) болды. ENIAC машинасында 18000 электрондық шамдар, 150 реле 7 резисторлар, 1 конденсатор болды. Ол 140 квт қуат пайдаланды. Бірақ оның жад құрылғысы жоқ, және бағдарламаларды беру үшін сымдарды нақты бір түрде жалғастырып отыру керек болды.

1945ж. Джон фон Нейман цифрлық есептеуіш машинаның жалпы принциптерін ойлап тапты, ол қазіргі кезге дейін ДК-де қолданылады. Осы принциптер бойынша компьютерде мыналар болуы керек:

арифметикалы-логикалық құрылғы, арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды; жадтайтын құрылғы немесе бағдарламалар мен деректерді сақтайтын жад; басқару құрылғысы, ол бағдарламаларды орындау процесін ұйымдастырады; ақпарат енгізу-шығару сыртқы құрылғысы.

Алдымен белгілі бір сыртқы құрылғының көмегімен компьютердің жадына бағдарлама енгізіледі. Басқару құрылғысы жадтан бағдарламаның бірінші командасын тауып оқиды және оның орындалуын ұйымдастырады. Бірінші команданы орындағаннан кейін, басқару құрылғысы келесі командаларды оқиды және т. с.

Slide 6

1949ж. Морис Уилкс (Англия)

EDVAC компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ цифрлық электрондық есептеуіш әмбебап машиналарының алғашқы буындарына жол салды.

XX-ғасырдың 40-50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды. Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды: жедел (оперативтік) жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшаңдығы - секундына 5-30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ-дер үшін бағраламалар машиналық кодтарда жүргізіледі, кейінірек автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ ғылыми-техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылды. Осы типті машиналарға EDSAC, ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал жатады.

Slide 7

1948ж. - транзистор ойлап табылды және 50-ші жылдардың екінші жартысында транзисторлы ЭЕМ-дер пайда болды.

1959ж., - АҚШ-та екінші буынның RCA-501 ЭЕМ-і құрылды

1960ж., - IBM 7090 LARC

1961ж., - Stretsh

1962ж., - ATLAS

Ал ССРО-да 2-ші буынның ЭЕМ-дері: РАЗДАН, НАИРИ, МИР, МИНСК, Урал-11, М-220, БЭСМ-4, М-4000 сияқты машиналар шығарылды.

2-ші буынның ЭЕМ-і транзисторлы (жартылай өткізгіштер) элементтік базасымен, өте кішкене ферриттік жүрекшелері бар жедел жадымен 512 Кбайт көлемімен секундына 3 амал өнімділігімен сипатталады. Олар функционал операциялар (бөлінген уақыт режимі) мен мульти-бағдарламалар режимін біріктіруді, яғни орталық процессор мен енгізу-шығару арналарының қатар жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өлшемі бойынша ЭЕМ-дер кіші, орта, үлкен және арнайы түрлерге бөлінеді.

ЭЕМ-нің жетілдіруімен қатар бағдарламалық жабдықтамалар дамыды, алгоритмдік бағдарламалау тілдері, АБЖ, диспетчерлер

.

Slide 8

1958ж. - Джек Килби бірнеше транзисторды бір пластинаға қалай орналастыру керек екенін ойлап тапты.

1959ж. - Роберт Нойд ең алғашқы ЭЕМ-і деп IBM/360 модельдерінің сериясын (1964ж. АҚШ) санауға болады.


Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және оны өрнектеу жолары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Есептеуіш техниканың
Оқушылардың электронды
Есептеу техникасының даму тарихы туралы
Бірінші электронды компьютер
Аналитикалық машинаға арналған перфокарта
Есептеу техникасы және оның даму тарихы
Бұлтты есептеулердің даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы жайлы
КОПС (KOPS)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz