СҮЙЕК ҰЛПАЛАРЫНЫҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

“Биологиялық қауіпсіздік”

кафедрасы

Алматы 2017

Slide 2

Сүйек ұлпаларының регенерациясы

Орындаған: Намаз Абылай вм-310

Тексерген: Ибажанова Асем

Slide 3

Регенерация (лат. Regeneratio - қайта туу) дегеніміз организмдің құрылымдық элементтерін жаңартып, бүлінгеннен кейін қалпына келтіріп, функциялық белсенділікті қажетті деңгейде сақтауға бағытталған процесс. Регенерация тірі атаулыға тән құбылыс. тіршілік негізі зат алмасу мен регенерацияға тікелей байланысты.

Slide 4

Белгілі бір құрылым регенерация арқылы қайтадан бұрынғы қалпына келуі әр деңгейде, айталық: молекулалық, ультрақұрылымдық, торшалық, өрмелік және мүшелік деңгейлерде жүретін процесс

Slide 5

Құрылымның және функцияның қайта қалпына келуі торшада, торша ішіндеөтетін гиперплазиялық процесс арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты регенерация торшалық және торшаішілік болып бөлінеді. Алғашқысы торшаның митоз және амитоз жолымен көбеюі, ал екіншісі торша ультрақұрылымдары және олардың бөліктері санының көбеюі не көлемінің үлкеюі арқылы іске асырылады.

Slide 6

Торшалық регенерация тән:

Торшалық және торшаішілік рег. тән

Торшаішілік регенерация тән

Негізінде

Тек қана

Сүйек, эпидермис, кілегейлі қабықтар, борпылдақ дәнекер өрме, эндотелий, қан түзуші жүйе, лимфоидтық өрме, мезотелий

Жыныс мүшелері, бауыр, бүйрек, ұйқы безі, өкпе, бірыңғай салалы ет өрмесі, вегетативтік жүйке жүйесі

Миокард, қаңқа бұлшық еттері

Ми мен жұлын нейрондары

Slide 7

Сүйек ұлпасы (textus ossei) байланыстырғыш ұлпаның арнайы типі. Жасушааралық заты минералдардан тұрады. Құрамында 70 % бейорганикалық заттардан, негізінен кальций фосфаты. Осы ұлпалардан қанқа сүйектері құралған.

Олар басқа байланыстыратын ұлпаларға қарағанда тірек, механикалық, ішкі органдарды қорғау қасиеттерімен және де кальций, фосфор тұздарының депосы болып саналады. Органикалық құрамы көбіне ақуыз бен липидтерден тұрады. Органикалық және бейорганикалық бөлімдері қосылып мықты, берік тірек ұлпасын береді, яғни созылуға, қысылуға қарсы тұратын қасиеті бар.

Сүйек ұлпаларында минералды заттардың көптігіне қарамастан сүйек ұлпасында әрдайым бұзылулар мен жаңа түзілулер болып тұрады. Атқаратын қызметіне байланысты да адаптивті өзгерістер болады.

Slide 8

Сүйек ұлпасының құрамы жас ерекшелігіне, тамақтың ерекшелігіне, бұлшық еттің жұмысының және де ішкі секрецияға байланысты өзгереді. Негізінен сүйек ұлпасының екі түрі бар:

ретикулофиброзды

пластинкалы

Slide 9

Сүйек ұлпасының регенерациясы

Сүйек ұлпасының регенерациясы сүйек сынғанда болады. Оның барысы зақымданған жердің көлеміне, сүйек сынықтарының дұрыс не бұрыс салынуына, сүйек қабы мен терінің бүтіндігіне байланысты. Сүйек сынып, қан тамырлары мен жұмсақ өрмелер жарақаттанұан жер қанталайды. Сынған сүйектің бұрынғы қалпына келуі бірнеше сатыдан тұрады. Әуелі зақымданған жерде дәнекер өрме торшалары мен тамырлар өсіп-өніп, сүйек сынықтарын біріктіретін алғашқы дәнекер өрме - шор пайда болады.

Slide 10

Постэмбриональдық сүйектердің дамуы регенерациялық және эктопикалық гистогенезде жүзеге асады. Сүйек ұлпалары үш түрлі клеткалардан тұрады:

остеоцит

остеобласт

остеокластар

сүйек тінінің жасушалары

Slide 11

Остеоциттер (гр ostcon- сүйек, cytus-жасуша) -сүйек жасушалары. Бұлар санына қарай сүйек ұлпасының дефинитивті клеткалары, бөлінуге деген қасиетінен айрылған. Остеоциттердің компакті үлкен ядро және әліз базафильді цитаплазмасы бар. Органеллалары әлсіз дамыған жасуша центриом жасушада табылмаған. Сүйек клеткалары сүйек беткейлерінде немесе лакуналарда жатады және де остециттің контурын қайталайды. Беткейлердің ұзындығы 22-55 мкм, ені 6-14 мкм дейін өзгеріп отырады. Сүйек беткейлерінің каналдары ұлпалық сұйықтықпен толтырылған. Остеоциттер мен қан арнасында зат алмасу ұлпалық сұйықтық арқылы жүзеге асады.

Slide 12

Остеобласттар, остеобластоциттер (гр. osteon-сүйек, blastos-зачаток) . Бұлар жас жасушалар, сүйек ұлпасын құрайды. Қалыптасқан сүйектер сүйекүстінің (надкостница) терең қатпарларында және травмадан кейін регенерация жүрген сүйек ұлпаларында кездеседі. Қалыптасып жатқан сүйектің бүкіл беткейін үздіксіз қабатпен қаптайды. Остеобласттар әр түрлі формада болады: кубтәрізді, пирамидалық, бұрышты (углаватый) . Оның денесінің пішіні шамамен 15-20 мкм. Ядролары домалақ немесе овальды формада, бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.

Остеобласттардың цитоплазмасында гранулалық эндоплазмалық тор, митохондриялар және Гольджий жиынтығы жақсы дамыған. Остеобласттар, остеоциттер сияқты бөлінбейтін клеткаларға айналады.

Slide 13

Остеокласттар -(гр. octeon-сүйек, clao-ұсақтау, сындыру) . Бұл клеткалардың табиғаты гематогенді, шеміршек пен сүйекті бұзу қабілеті бар. Олардың дияметрі 90 мкм және одан үлкен дәрежеге дейін жетеді. Оларда үш бірнеше ядро болады. Цитоплазмасы әлсіз базафильді, кейде оксифильді остеокласттар өзінің қоршаған ортасына СО2 бөледі, ал карбоангидраза ферменті қышқылдардың (Н2 СО3) қалыптасуына әкеледі. Ол сүйектің органикалық матрицасын және кальций тұздарын ерітеді. Остеокласт митохондрия мен лизосомаларға бай. Грануналық эндоплазмалық тор нашар дамыған. Остеокласт сүйек затымен жанасқан жерде лакуна түзіледі.

Slide 14

Периост пен эндеостың сүйек түзетін торшалары - остеобластар көбейіп, дәнекер өрме шорға енеді. олардың аралығын негізгі зат жайлайды. Сөйтіп жаңа құрылым остеоид қалыптасады.

Slide 15

Остеоид құрамында кальций тұздары болмайды. Ол - алғашқы, уақытша құралған сүек шоры. Кейін остеоид шорына кальций түздары шөгеді де, ақырға құрылым сүйек шоры қалыптасады.

Slide 16

Регенерация қолайсыз жағдайда өтсе, мысалы, сүйек сынықтары өзара қабыспай, бос күйінде қалып, зақымданған жерге микробтар түссе, сүйектену процесі шегіне жетпей, дәнекер өрме сатысында тоқтайды. Сөйтіп жалған бұын пайда болаып, сүйек сынықтары кірікпей бөлек -бөлек күйінде қалады.

Slide 17

Жасуша аралық зат (substantia inter cellularis) негізгі заттан тұрады, онда коллагенді талшықтар орналасады. Оларда коллаген І типті ақуыз болады. Талшықтардың ретсіз немесе қатаң бағытталған бағытта болады.

Сүйек ұлпасының негізгі затында шеміршекке қарағанда хондронтин күкірт қышқылы көп болмайды. Біраз лимон және басқа қышқылда көп болады. Олар кальциймен комплект түзеді.

Сүйек ұлпасында 30-дан астам микроэлементтер (мыс, стронций, цинк, барий, магнит және т. б. ) бар. Олар ағза метаболитикалық процестерінде үлкен роль атқарады.

Slide 18

Ретикулофиброзды сүйек ұлпасы. Құрылысы ретикулофиброзды сүйек ұлпасы (textus osseus reticulofib sus) негізінен жаңа туған балада кездеседі. Ересек адамдарда өскен бас сүйек жіктерінде, сіңірлердің сүйекке бекіген жерде кездеседі. Ретсіз орналасқан коллогенді талшықтар жуан шоғырлар жасайды, микроскоппен аз үлкейтсек те көрінеді.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Сүйек ұлпасы
Физиологиялық және жарақаттан кейінгі регенерациясы
Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байланыстары
СӨЖ Бұлшықет ұлпалары эволюциялық динамикасының жалпы сипаттамасы
Жалпы гистология
Дәнекер ұлпасы
Шеміршек және сүйек ұлпалары
Шеміршек тіні
ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМІНДЕ ЗАТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ(РАХИТ, ОСТЕОХОНДРОЗ)
КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚТЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz