Липидогендік пигменттер: липофусцин және липохромдардың морфологиясы мен патогенезі


Slide 1 Slide 2

Липидогендік пигменттер

Липофусцин

Липохром

Slide 3

Липидогендік пигменттер (липопгменттер) қатарына - липофусцин, гемофусцин, Е витамині олқылығынан туатын пигмент - цероид және липохромдар жатады. Алдыңғы үшеуінің физикалық және гистохимиялық қасиеті бірдей, сондықтан кейбір ғалымдар оларды липофусциннің түрлері деп есептейді.

Slide 4 Slide 5

Липофусцин (грек. lipos - май, fuscus - қоңыр ) - құрамында шамамен 20 - 50% май, 30 - 60% нәруыз бар гликопротеид, барлық мүшелер мен өрмелер торшаларында кездеседі. Жай микроскоппен қарағанда ол сарғыш не қоңыр түсті түйіршік, ал электрондық микроскоппен арқылы миеленге ұқсас құрылымы бар үш жиекті жарғақпен қоршалған нығыз түйіршік. Құрамында май болғандықтан Шарлах бояуымен қызыл түске, ШИҚ - реакциясымен оң боялады. Торшаның байырғы сыңары ретінде тотығу процестеріне қатысады.

Липофусцин түзілуі бірнеше сатыға бөлінеді. Алғашқы сатыда пигмент түйіршіктері сарғыш түсті, ядроға жақын орналасады. Қышқылда және органикалық еріт кіштерде жақсы ериді. Кемеліне келген липофусцин түйіршіктері қоңыр түсті, торшаның шет жағында орналасады, қышқылда, сілтіде және органикалық еріткіштерде ерімейді. Липофусцин алмасуы бұзылса мүшелерде, әсіресе бауырда, жүрек етінде, бүйректе, ол көбейіп кетеді. Мұндай жағдай титықтап арықтанған мал мүшелері семген кезде, сондай - ақ сүтті сиырлар азығында көмір - нәруыз жетіспегенде байқалады. Көлемі кішірейіп, торшаларында липофусцин көбейген мүшелердің түсі өоңырқай тартады (қоңыр атрофия) .

Slide 6 Slide 7

Липохром дегеніміз құрамына еріген көмірсу кіретін май (А витаминінің көзі болып табылатын каротиноидтар) . Шелдің, бүйрек үсті безінің үстінгі қабатының, тауық жұмыртқа сарысының, қан сұйығының, аналық бездегі сары дененің түстері осы липохромға байланысты. Липохромды анықтау каротиноидтарды анықтауға негізделген: күкірт қышқылын тамызса мүше тілігі жасыл - көк түске боялады, ультракүлгін жарық арқылы қарағанда жасыл флюоресценция береді, алкоголь әсерінен кристалға айналады. Липохром алмасуы бұзылса, липохром көбейіп кетеді. Мл арықтаса тері асты шелі сап - сары болады. Сусақпен (қант диабеті) сырқаттанғанда май мен витаминдердің алмасуы бұзылып, липохромдар мөлшері көбейіп, сүйек, тері және май шелдері сарғайып кетеді.

Slide 8 Slide 9

Липидогендік пигменттер (липопгменттер) қатарына - липофусцин, гемофусцин, Е витамині олқылығынан туатын пигмент - цероид және липохромдар жатады.

липофусцин гемофусцин цероид

Slide 10

«Ветеринариялық патологиялық анатомия» - Ө. Ығылманұлы. Алматы 2010

«Мал патологиясы» - жалпы патологиялық анатомия - Нұрғазы Бану. Алматы 2010

Интернет желісі.


Ұқсас жұмыстар
Полиграфиялық бояулар: пигменттер, байланыстырғыштар және толықтырғыштар
Вибриондар, кампилобактериялар және хеликобактериялар: морфологиясы, патогенезі, лабораториялық диагностика және профилактика мен емі
Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы: секреция, гормондар және панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі
Фотосинтез: хлоропласттар, пигменттер және АТФ синтезі
Fusobacterium necrophorum және некробактериоз: морфологиясы, биологиялық қасиеттері, патогенезі және зертханалық диагностикасы
Кокктар мен патогенді грам-теріс таяқшалардың морфологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы және профилактикасы
Enterobacteriaceae туысы: Escherichia, Salmonella және Shigella - морфологиясы, патогенезі, клиникасы және ішек инфекцияларын емдеу мен профилактикасы
Бруцеллез (сарып): морфологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және алдын алу (Қазақстан жағдайы)
Ісіктер: анықтамасы, морфологиясы, патогенезі, жіктелуі және зерттеу әдістері
Вирустық гепатиттер (A, B, C, D, E, G, ТТ): морфологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы, диагностикасы және профилактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz