Патологиялық анатомия: организация, инкапсуляция, метаплазия және трансплантация


Slide 1

5

Организация, инкапсуляция, метаплазия, трансплантация

.

Slide 2

Организация және инкапсуляция

Организация немесе ұйымдасу дегеніміз өлген жерлерді, ұйысты, экссудат шөгінділерін, денеде пайда болған бөгде заттарды т. б. дәнекер өрменің басуы.

Slide 3

Ұйымдасу бейімделу процестерінің бірі. Ол өліге, бөгде затқа, т. б. реакция ретінде туындаған қабынуға қабаттаса басталады не қабынуға жалғаса өрбиді. Фагоциттердің, ферменттердің әсерінен(лейкоциттерден, басқа өрме элементтерінен бөлінген) жұмсарып, ыдырап, денеге таралып, селдірей бастаған өлі массаға, ұйысқа, т. б. бірте-бірте торшалардан және қылтамырлардан тұратын жас дәнекер өрме енеді. Сөйтіп зақымданған жерді бұл грануляциялық өрме түгел жайлайды, кейін өсіп жетіледі, сосын тыртыққа айналады.

Slide 4

Өлі масса, бөгде заттар мен паразиттер ыдырамаса, дәнекер өрме оларды қоршай өседі, сөйтіп қапшыққа яғни инкапсуляция(латын. capsula-қалта) . Кейде дәнекер өрмелі ішкі қабаты метаплазияға ұшырап сүйек өрмесіне айналады.

Бөгде заттар мен өлі гелминттер айналасында көп ядролы алып торшалар пайда болуы мүмкін. Әдетте қапшық ішіндегі өлі массаға кальций тұздары шөгеді.

Slide 5 Slide 6

инкапсуляция

Slide 7

Метаплазия

Метаплазия(грек. meta-басқаша, plaseo-өсу) белгілі бір өрменің басқа бір өрмеге айналуы. Метаплазия негізінен эпителийде, дәнекер өрмеде, сирегірек басқа өрмелерде де кездеседі. Жоғары сатыдағы сүтқоректілерде бір өрменің екінші өрмеге айналуы көбінесе тектес өрмелерде ұшырасады және ол жас торшалардың өсіп көбеюіне байланысты болады.

Slide 8 Slide 9

Ұлпалар морфологиясы

Slide 10

Метаплазия себептері:

Механикалық әсерлер, қабыну процесстері, витамин тапшылығы, т. б. Бұлардың әсерінен белгілі бір өрменің тіршілік ету жағдайы өзгереді де, ол жаңа жағдайға бейімделеді-өзінің пішінін, қызметін өзгертеді. Өрме өзінен жоғарылау сатыдағы өрмеге айналса мұны

прогрестік метаплазия дейді. Бұған мысал ретінде өт өзегі жамылғы эпителийінің бауыр торшаларына айналуын, қабыну салдарынан ауыз қуысы мен өңеш эпителийінің, бүйрек астауы эпителийінің күстенетін эпителийге айналуын, дәнекер өрменің шеміршек өрмесіне немесе сүйек өрмесіне айналуын атауға болады.

Slide 11 Slide 12 Slide 13

Жаңа түзілген өрме құрылымы мен қызметі жағынан бұрынғы өрмеден төмен болса, бұл регресстік немесе анаплазиялық(аna-кері, plaseo-өсу) метаплазия деп аталады. Мысалы:терідегі май безі өзегінің жамылғы эпителийі көпқабатты жалпақ эпителийге, ал ұзақ уақыт қабынған тыныс жолы эпителийі көпқабатты эпителийге айналады. Анаплазия көптеген патологиялық процестер кезінде өрме мен торшалардың көбейіп жетілуіне байланысты қалыптасады.

Slide 14

Транспланттау

Транспланттау(латын. trans-арқылы, plantare-өсіру, отырғызу, трансплантация) дегеніміз белгілі бір өрмені не мүшені бір жерден екінші бір жерге көшіріп отырғызып, оның тіршілігін сақтау. Өрме малдың өзінен алып көшірілсе ол аутотранспланттау, бір түрге жататын малдан алынып екінші малға көшірілсе, гомотранспланттау, ал әр түрге жататын малдың бірінен екінші малға отырғызылса, ол гетеротранспланттау деп аталынады. Көшірілетін малды донор дейді, ал трансплантант отырғызылған малды реципиент дейді.

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Тері күйіп, үсіп не жарақаттанып кең көлемді бүлінгенде хирургиялық жолмен бұл жерді жабу үшін, сондай ақ регенарацияны ынталандыру мақсатында малдың өзінен терінің сау телімі алыныпбүлінген жерге отырғызылады(аутотрансплантация) . Медицинада бұл мақсатта өлгендерден алынып, суықпен әсерленген өрмелер, мысалы көздің қасаң қабығы, тері, қан, тағы да басқа мүшелер пайдаланылады. Сүйек қабығын, сүйекті, шеміршекті, бүйректі, бауырды, жүректі бір адамнан екінші адамға көшіріп отырғызу, қансырағанға қан құю, сәулелік ауруға ұшырағанға сүйек кемігін көшіріп отырғызу(гомотрансплантация) жүргізіледіБұл істе организмнің геномымен анықталатын жеке тұлғалық және түрлік ерекшеліктерін сақтауға бағытталған иммунитетті жеңу шаралары қолданылады.

Slide 18

Трансплантация

Slide 19

Ө. Ығылманұлы «Ветеринария паталогиялық анатомия»

Х . С. Жұмабеков «Жануарлардың паталогиялық анатомиясы»

Интернет желісі


Ұқсас жұмыстар
Патологиялық анатомия: биопсияның анықтамасы, түрлері, әдістері және клиникалық маңызы
Медицинада жалпы патологияның рөлі: патологиялық анатомия мен патофизиологияның клиникалық маңызы
Патология негіздері: патологиялық анатомия, зерттеу әдістері және Легга-Кальве-Пертес ауруы
Патологиялық анатомия I: Ісіктердің жалпы ілімі, морфо- және гистогенезі, жіктелуі
Евгеника, клондау және трансплантация: тарихи, биомедициналық және этикалық мәселелер
Патологиялық анатомияның заманауи зерттеу әдістері және ҚР патологиялық-анатомиялық қызметінің ұйымдастырылуы
Клеткалардың патологиялық физиологиясы және тіндік патологиялық процестер
Жасушалар мен тіндер патологиясы: зақымдану, дистрофия, некроз, гипертрофия, регенерация және трансплантация
Асқазан қатерлі ісігі: анатомия, эпидемиология, патология, диагностика және емдеу
Объектілі-бағытталған программалаудың негіздері және С++-тегі кластар: иерархия, инкапсуляция, тұқымқуалау, полиморфизм, конструкторлар мен деструкторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz