Коллоидтық химия туралы


Slide 1

Коллоидтық химия

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе

Коллоидтық химияның жалпы тарихы

ІІ. Негізгі бөлім

Дисперстік жүйе

Дисперсті жүйелерді алу әдістері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиетер

Slide 3

Коллоидтық химия

Коллоитдық химия - бастапқыда физикалық химияның бір бөлімі ретінде қарастырылған. Уақыт өте келе эксперименттік дәлелдемелерді талдау негізінде бұл пән жеке ғылым болып бөлініп шықты. Тіпті арнайы коллоидтық химияның зерттеу әдістері табылды: ультрамикроскопия, электрондық микроскопия, ультрацентрифугирлеу (сүзу), электрофорез, тағы да басқалар.

Slide 4

Тарих беттерінен

ХІХ ғасырдың 40 жылдары италия ғалымы Франческо Сельми қазіргі кезде коллоидтық жүйелер болып табылатын кейбір ерітінділердің аномальді қасиеттерін бақылады.

Бұл ерітінділер жарықты күшті шашыратады. Оларда еріген заттар осы еріген затпен әрекеттеспейтін тұздардың болмашы ғана мөлшерін қосқаннан тұнбаға түседі. Заттардың мұндай ерітіндіге өтуі, яғни еруі және ерітіндіден тұнбаға түсуі жүйе температурасының және көлемінің өзгеруінсіз жүреді (әдетте, кристалл заттардың еруі кезінде температура мен көлем өзгереді) .

Сельми бұл ерітінділерді әдеттегі ерітіндіден ерекшелеп, «псевдо ерітінділер» деп атады. Кейіннен оларға «зольдер» деген атау берілді.

Slide 5

«Псевдо ерітінділер» жайлы

Золь (латынша solutіo - ажырату, ерітінді) - ұсатылған қатты дене бөлшектері, сұйық тамшылары не газ көпіршіктері қандай ортада болмасын біркелкі таралған коллоидтық жүйе. Зольдің көбісі бөлшектері таралған орта атымен аталады.

Мысалы:

су болса -гидрозоль

спирт болса - алкозоль

органикалық сұйық болса - органозоль Коллоидтық жүйенің агрегаттық қалпына байланысты лиозоль (сұйық), креозоль (қатты) және аэрозоль (газ) болып ажыратылады.

Slide 6

Заттың коллоидтық күйі

Заттың коллоидтық күйі дегеніміз - бұл жоғары дисперсті күй (күшті ұнтақталған) . Бұл күйде жекелеген бөлшектер молекула емес, көптеген молекулалардан тұратын агрегаттар түрінде болады. Коллоидты бөлшектер көптеген молекулалардан тұратындықтан, оларға фазаның барлық термодинамикалық қасиеттері тән. Ал коллоидты бөлшектер дисперстелген орта молекулалары басқа фазаны құрайды. Яғни кез-келген коллоидты ерітінді гетерогенді, көп фазалы жүйе (кем дегенде екі фазалы) . Ал шынайы ерітінділер гомогенді жүйелер болып табылады. Коллоидты ерітінді гетерогенді жүйе болғандықтан, оның түзілу шарты - бір фазаның екінші фазада ерімеуі, себебі тек осындай заттардың арасында физикалық бөліну беті болады.

Slide 7

Дисперстілігі бойынша классификация.

микрондар - кәдімгі микроскоптан көрінетін бөлшектер, яғни, өлшемі >0, 2 мкм

ультрамикрондар - микроскоптан көрінбейтін коллоидты бөлшектер. Оларды әрі қарай

субмикрондар, яғни ультрамикроскоп көмегімен көрінетін өлшемі 5 нм-ден 200 нм-ге дейінгі бөлшектер;

амикрондар, яғни ультрамикроскоп көмегімен де көрінбейтін өлшемі <5 нм бөлшектер.

Slide 8

Дисперстік фаза және дисперстік ортаның агрегаттық күйіне байланысты

Во. Оствальд ұсынған классификация. Колл. химияда қарастырылатын жүйелер гетерогенді, сондықтан кем дегенде екі фазадан тұрады. 3 агрегаттық күйден 9 типті дисперстік жүйе шығады (кесте) . Мысалы, С/Г.

С - дисперстік фазаның агрегаттық күйі

Г - дисперстік ортаның агрегаттық күйі.

Оствальд, Вильгельм Фридрих

Slide 9

Дисперстік жүйелердің агрегаттық күйіне байланысты классификациясы

Дисп. орта

Дисп. фаза

ШБ

Жүйе типі (атауы)

Мысалдар

1

Қатты

Қатты

Қ/Қ

Қатты гетерогенді жүйелер

Минералдар, балқымалар (болат, шойын), бетон, композияциялық материалдар

2

Сұйық

С/Қ

Капиллярлық жүйелер, қатты эмульсиялар

Кеуекті (пористые) денелердегі, адсорбенттердегі сұйықтықтар. Топырақ, грунттар және кейбір минералдар (опа, жемчуг)

3

Газ

Г/Қ

Кеуекті және капил-лярлық жүйелер, ксерогельдер

Пемза, силикагель, активті көмір (адсорбенттер, кеуекті заттардағы газдар)

4

Сұйық

Қатты

Қ/С

Зольдер, суспензиялар

Өнеркәсіптік суспензиялар, табиғи сулардағы дисперсиялар, судағы металдар зольдері, бактериялар, пасталар, пульпалар

5

Сұйық

С/С

Эмульсиялар

Сүт, майлағыш заттар - кремдер, шикі мұнай

6

Газ

Г/С

Газды эмульсиялар және көбіктер

Флотациялық, өртке қарсы және сабынды көбіктер

7

Газ

Қатты

Қ/Г

Аэрозольдер (шаң-тозаңдар, түтіндер)

Темекі түтіні, көмірлі, ғарыштық шаң-тозаңдар, ұнтақтар

8

Сұйық

С/Г

Аэрозольдер (тұмандар)

Тұман, өнеркәсіптік тұман, бұлттар

9

Газ

Г/Г

Колл. жүйенің түзілуі мүмкін емес

Жер атмосферасы

Slide 10

Дисперстік Жүйелер

Slide 11

Дисперстік орта- газ

Slide 12

Дисперстік орта сұйық болғанда

Slide 13

Дисперстік орта қатты күйде болғанда

Slide 14

Г/Г типі коллоидтық жүйеге сәйкес келмейді, себебі кәдімгі жағдайларда газдар кез-келген концентрацияда шынайы ерітінділер береді (тек өте жоғары қысымда ғана кейбір газ жүйелері гетерогенді жүйе түзеді) .


Ұқсас жұмыстар
Коллоидтық химия
Полимерлі электролиттер
Дисперсті жүйелердің оптикалық әдістері
Коллоидты жүйелердің молекула-кинетикалық және оптикалық қасиеттері
Дисперсті жүйелер
Коллоидты жүйелердің молекулакинетикалық және оптикалық қасиеттері
Коллоидтық жүйелердің молекула-кинетикалық және оптикалық қасиеттері
ДИСПЕРСТІ ФАЗА ДИСПЕРСТІК ОРТА
Қатты көбіктер
Коллоидты химияның негізгі бөлімдері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz