Қазақ Халқының Философиялық мұрасы ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ



Қазақ Халқының Философиялық мұрасы
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ

«Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы діни мазмұндағы еңбектер негізінен «Қазақ халқының философиялық мұрасы», «Әлемдік философиялық мұра», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Бабалар сөзі», «Әдеби жәдігерліктер» сериялары бойынша жарық көрген

«Ислам философиясы» (4-том) кітабында қазақ даласынан шыққан ислам философиясының негізгі өкілдерінің шығармаларынан үзінділер және олар жайлы зерттеу мақалалары берілген. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген еңбектердің арасында бірыңғай діни мазмұндағы еңбектерді қамтыған бірден-бір жинақ осы кітап болып табылады. Кітапта Халлаж Мансұрдың «Халлаж диуаны», «Китаб-ут тауасин», Әбу Мансұр әл-Матуридидің «Китаб-ут таухид», Әл-Фарабидің «Китаб-ул милла» («Дін кітабы»), Жалалуддин Дауанидің «Ахлақи жалалийа» («Этика кітабы»), Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет», «Фақрнама», «Көңілдің айнасы», Хусамеддин Сығнақидің «Рисала манақибу Қожа Ахмет Яссауи», Хазинидің «Игі адамдардың бақшасындағы теңіздің жауһарлары», Сопы Аллаярдың «Сабатул ажизин», Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы», Абай Құнанбаевтың «38-қарасөз», Шәкәрім Құдайбердиевтің «Үш анық», Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған?», «Ғылым туралы», «Өлең және қарасөз ғибраты» секілді шығармалары топтастырылған. Бұл шығармалардың басым көпшілігінің кітапта толық нұсқасы емес, тек үзінділері берілген. Келтірілген туындылардың кейбірі толығымен діни тақырыпқа арналмаса да, олардың діни мазмұндағы жекелеген бөліктері қамтылған. Негізінен әдебиетші авторлар тарапынан жазылған бұл еңбектердің көпшілігі діни мазмұндағы әдеби туындылар іспетті.

Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы аясынды жарық көрген сопылық шығармалар
Әл-Халладж, Әбу-л-Мүгісәл-Хұсайн б. Мансұр
Хусамиддин Сығанақи
Сопы Аллаяр
Китаб - ут тауасин
Сабат-ул Ажизин
Рисала манақибу Қожа Ахмет Ясауи

Толық аты-жөні Әбул-Муғис Хусейн бин Мансұр әл-Халлаж әл-Байдауи. Халлаж қазіргі Иран шекарасындағы Байдаға жақын мандаты Тур деп аталатын елді мекенде х. 244/м. 857 жылы дүниеге келді. Атасы Мухаммед зороастризм дінінде болатын. Халлаж Басрада ер жетті. Сол жерде Бәни Тамим тайпасының қызы Уммул-Хусейн Карнабаиаға үйленді. Өте жас кезінде хижри 260 жылы сопылық жолды таңдады. Сопылық жолда үш шайхқа қызмет етіп, үшеуінен әр түрлі салалар бойынша білім алды. Бірінші ұстазы Сахли Тустари. 260-262 жылдары Ахуазда Сахлидің қасында хадис пен Құран үйренді. Сол кезде ол түнгі намаздардың хикметін және шын сопылық көзқарастың не екенін түсінеді. Өйткені сол ғасырдың мұсылмандары сүннет пен Құранға өте жақын болатын. Сопылық көзқарасына байланысты хижри 261 жылы Басраға қуғындалған Тустаридің артынан Халлаж да кетеді.

Екінші ұстазы Амр әл-Макки (297/909 ж. ж. ) Халлаж сүннетке өте берілген Имам Бұхаридің осы шәкіртінен де дәріс алады. Одан тәубаның қажеттілігін және рухани хәлдерге маңыз бермеу керек екендігін үйренді. "Сопылық Құранға өте жиі берілуден тұрады, сүннет болса осындай көзқарасқа мүмкіндік береді" деген пікірді де ұстазынан алады. Халлаж хижри 264 жылы бір сопының қызына үйленіп, одан төрт бала сүйеді.

Халлаждың үшінші және аса маңызды тұлға болып табылатын ұстазы Бағдат сопылық мектебінің атақты басшысы Жунайд Бағдади (298/910 ж. ж. ) . Хижри 264/284 жылдар арасында толық 20 жыл соның қызметінде болады. Жунайдтың өз пікірлерін үйрететін мәжілісі болатын. Халлаж осы мәжілісте Нури, Фути, ибн Ата және Шибли секілді атақты сопылармен бірге болды. Халлаж осы мәжілісте сопылық тәжірибелердің негізін құрайтын білімді үйренді. Жунайдтің мәжілісінде Халлаж өзіне тән мінезін өз уақыт ішінде көрсетіп, көзқарастары мен пікірлері өзгеше болып қалыптасты. Сопылардың киімдерінің орнына әр түрлі үлгідегі киімдер киді. Халлаж бұдан кейін өзін өте ауыр рухани тәжірибелер мен ғибадатқа арнады. Уағыз бен тәлімгерлік саяхаттарына байланысты оның риязаты кей кездері үзіліп қалды.

Хижри 282 жылы Халлаж алғаш рет қажылыққа барды. Намаз оқып, дұға етуін, мушахадамен шұғылданып ыстыққа, суыққа, жаңбырға қарамастан Қағбаның жанында бір жыл қалды. Хижри 284 жылы Жунайттен бөлінген Халлаж өз жолын тауып, басқа сопылардан да бөлінді. Өзге сопылар оған деген сенімдерін жоғалтты. Өйткені оның әрекеттері оны басқа сопылардан бөліп тұратын еді. Сопылардың киімін тастап, әскерлер "каба" деп атайтын киім немесе "муракка" деп аталатын жеңсіз шапан киді. Хижри 284 жылдан 286 жылға дейін жалғыз қалып құлшылықпен айналысты. Хижри 286 жылдан кейін өз көзқарастарын жаю үшін жолға шығады.

Халлаж хижри 286-290 жылдар аралығында Хорасанда өмір сүрді. Ахуазда өмір сүріп, сол жерде үлкен құрмет көрді. Кейін Иракқа барып, ол жерден парсы еліне өтеді. Алайда Құмнан қуылады. Хижри 291 жылы екінші рет қажыға барып, Бағдатқа қайта оралады. Мұсылман болмағандарға уағыз айту үшін Үндістан мен Шығыс Түркістанға да барады. Ислам мемлекетінің қиырларында Халлаж әскери киіммен Кашмирдегі үнділерді, Машындағы түріктерді ислам дініне шақырды. Бұл сапарында Қотан мен Турфанға дейін барды. Ол жерде үнді касталарындағы көп адам мұсылман болды. Әлі күнге дейін сол адамдарды "мансури" деп атайды. Кейінірек үнді мистикалық көзқарасын өзінің сопылық көзқарастарымен қатар ұстанды деген пікірлер бар. Әсіресе, "фана" хәлі мен үнді иогасының жоқ болу хәлі арасындағы ұқсастыққа байланысты айыпталған. Тіпті Үндістанда сиқырды үйренді деп те айтылады.

294-296 жылдар арасында Меккеге жасаған үшінші қажылық сапарында мұсылмандарды өзін өлтіруге шақырған. Хаққа жету жолында өзін өлі санап, әрдайым өзін құрбан етуді қалады. Осы дүлей толқынды ішкі дүниесі кейбір тұлғаны өзіне дұшпан, кейбірін дос етті. Қарсыластарының қатарына захир мазхабының қазысы ибн Дауд, шейіт Бани Наубаһт, Мутазиланың атақты ғалымы Әбу Әли Жуббаиді жатқызуға болады. Оны қолдағандар шафиғи мазхабының қазысы ибн Сураийа, әскер қолбасшысы Хусайн бин Хамдан, ханбали мазхабының лидері ибн-ул Му'таз. Халлаж алдымен Ахуазға қашты. Кейін Сус қаласына өтті, бірақ жақындарының бірі хабар беріп, сол жерде ұсталынып қамауға алынды. Риуаяттар бойынша сегіз жыл түрмеде отырған кезде Бағдатта атағы жайылды.

Кейін бұрындары сопылықпен айналысып соңында одан шығып кеткен Ауарижи атты біреуі Құран оқудың ұстазы (раис-ул курра) мақамындағы ибн Мужахидке Халлажды жалған кереметтер көрсетіп жатыр деп хабар берді. Сол бойынша Халлаж сот алдында жауап берді. Илхам (аян) сенімі, Аллаға ғашық болғандықтан құрбан болу идеясы мен тән қағбасының құлауы секілді мәселелерді қамтыған символикалық, астарлы сөздердің қай мағынаны білдіретіндігіне қарамай, сөздердің тура мағынасына қарап үкім шығартылды. Оның "тән қағбасының құлауы" сөзінен кейін карматилер шын мәнінде Қағбаны құлатуы оқиғасы жүзеге асқаннан кейін, ел іші дүрлігіп кетті. Міне осы Кармати оқиғасы, Саманиттердің кейбір мүриттерді қанаттарының астына алып қорғаушысы және Ханбали мазхабының көтерілісі, осылардың барлығы Халлаждың сотталуын тездетуші факторлар болды.

Сондай-ақ бұл жерде Халлаждың өлім жазасына кесілуіне себеп болған мәселе бойынша "рухани қажылық" секілді басқа вариантты да ойша шешу керек. Ол жерде мынадай сөздер бар: Халлаж кармати идеясын уағыздады деген жаламен жауапқа тартылған кезде оның "рухани қажылық" туралы жазылған кішкентай бір дәптері қолға түседі. "Адам шариғат бойынша қажылық ғибадатын өтегісі келсе, үйінің бір бөлмесіне орналасады. Белгілі шарттармен сол бөлмеге (қабыланы көрсетіп тұратын) "михраб" жасап, сол жерде тазаланады (ғұсыл) . Ихрамды (қажылықта киетін киім) киіп, мыналарды айтып, мыналарды істеп осылайша намаз оқиды. Құранның мына сүресін жатқа айтып, осы бөлменің ішінде айналып тәуап етеді, сол жерде былайша тәспі тартады. Осылардың барлығын істеген адам Меккеде Қағбаны тауап еткендей болады. Осы мәселені қазылар Халлаждан сұраған кезде ол мұны жоққа шығарған жоқ. Алайда өзінің тек қана насихат бергендігін, ешкімді мұны істеуге зорламағандығын және естіген хадисін баяндағанын айтқан.

Бірінші қазы Әбу Омар Халлажды зындықтықпен айыптап, өлім жазасына кесті. Екінші қазы ибн Мужахидтің халифасы ибн Бухлул "егер бұл хадисті жеткізу болса Халлаждан мұны қабылдап қабылдамағанын сұрау керек. Бәлки тәуба етіп бас тартар"- деп шешім шығарды. Алайда уәзір Хамид, Әбу Омардың пәтуасын жеткілікті деп есептеп ибн Бухлулдің жоқ болғандығын пайдаланып пәтуаны қабылдайды. Хаттаманы жазған хатшының ұлы ибн Занжидің айтқандары мыналар: "Күн сайын Халлаждың мүридтерінің үйіндегі дәптер парақтары уәзір Хамидке әкелінетін еді. Дәптерлер оның алдына қойылып, ол оны оқу үшін әкеме беретін. Әрдайым осылай еді. Бір күні әкем қазылар Әбу Омар мен ибн Әл-Ушрамидің алдында Халлаждың дәптерлерінің бірін оқыды. Ол жерде Халлаж былай дейді: Шариғат бойынша қажылық парызын өтегісі келген адам, мүмкіншілігі болмаса үйіндегі бір жабық бөлмені тазалап, ол жерге ешкімді кіргізбейді. Сол жерде Байт Әл-Харамда тауап еткендей тауап етеді. Меккеде жасалынатын дұғалар мен құлшылықтарды орындайды. Мысалы, 30 жетімді жинап, оларды киіндіреді. Олар тамақты жеп, қолдарын жуған кезде, оларға бір көйлек пен жеті дирхам береді. Бұл оған қажылық сауабын береді.

Әкем осыны оқып бітіргеннен кейін қазы Әбу Омар Халлаждан мұны қай жерден алғандығын сұрады. Ол болса мұны Хасан Басридің "Китаб- ул Ихлас" атты еңбегінен алғандығын айтты. Сол кезде қазы "Сен өтірік айтып тұрсың, сенің қаныңды ағызу керек", - деді. Міне осы сәтте уәзір Хамид мына айтқандарыңды жаз деп араға кірді. Ал қазы болса сөзін әлі аяқтамаған болатын. Уәзір Хамид қазыға қайтадан айтқандарын жазуын талап етті. Қазы тақырыпты ауыстырып өзін қорғай бастады. Хамид сия сауытты оған ұзатып, бір қағазға жазуын айтты. Қазы қабылдамай бас тартты. Алайда уәзір Хамид оның басын аламын деп қорқытып, қол қоюын талап етті. Сол кезде қазы қолын қойды: "қанын ағызу халал" - деп. Соттың басқа мүшелері де қолын қойды. Пәтуа оқылған кезде Халлаж айқай салды: "Менің тәнім сақталған, күнәсізден күнәсіз қанымды төгуге болмайды. Менің иманым - ислам. Мазхабым - сүннет және сахабаны құрметтеймін. Менің сүннетті зерттейтін көп кітабым бар. Кітап дүкендерінде сатылып жатыр. Алла менің қанымды сақтасын". Осыларды қайталап жатқан кезде шешім қағазға түсіп жатты. Шешім шығарылып, Халлаж өз бөлмесіне апарылды.

Шешім Халлаждың жолдасы Насыр тарапынан Ханифаға жеткізілді. Насыр осы әулиенің өлім жазасы ұлыңның мойнында қалады деп халифаның анасын қорқытты. Шынында да халифа өлім жазасына әмір етіп, кейін ауырып қалды. Артынша шешімді кері алып, сырқатынан айықты. Хамид болса Халифаға қайтадан хат жолдап өлім жазасын тездету керектігін айтып қысым жасады. Ал Халифа қайтыс болды. Уәзір Хамид қауіпсіздік басшысына өлім жазасын орындауды айтты. Ол болса халықтың көтерілуінен қорқып бұдан бас тартты. Бірақ Хамид оны қорғайтындығын, өлім жазасын қалай істеу керектігін айтты. Асылу үшін өлім тақтасының үстіне шығартылған Халлаж топ ішіндегі Шиблиден жайнамазын төсеуді өтінді. Шибли жайнамазды төсегеннен кейін Халлаж 2 ракат намаз оқиды. Бірінші ракатта Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің 155-аятын, екінші ракатта Фатиха сүресі мен Али Имран сүресінің 185-аятын оқыды. Сәлем бергеннен кейін дұға етті. Сол кезде жендет Әбул Харис келіп қылышын сермеп Халлаждың мұрнын шапты. Аппақ шаштар әп-сәтте қызыл түске боялды. Сол кезде Шибли мен Халлаждың дәруіштерінің бір тобы абыр-сабыр болды. (Massignon (Louis) Kraus (Paul) . Akbar al-Hallaj, ss. 7, 8, Paris 1936) .

Сүйектері көрінгенге дейін Халлажға қамшымен дүре соғылды. Сонда да Халлаж дыбыс шығармады. Ол "Алла, Алла" деп қамшы соққысын санап жатты. Халлаждың өлім жазасы туралы риуаяттар өте анық жегіп, әдебиеттерден алынған мәліметтер бойынша, өлім жазасы былайша орындалған: мұрны кесілген; қамшыланған; тәні бөлшектелген; дар ағашына асылған; басқаларға ғибрат болсын деп асулы тұрған; басы кесілген; мәйіті өртелген; күлін бір мұнарадан желмен шашқан немесе өзенге тасталған. ("Akbar al-Hallaj" кітабындағы риуаяттар бойынша) Алайда біз бұл мәселені ислам дінінің негіздеріне орай талдауды қажет деп таптық. Халлаждың соңғы сөзі Шура сүресінің 18-аяты болатын: "Оған сенбейтіндер, тез болуын күтеді. Сенетіндер болса қорқыныштан дірілдейді. Сондай-ақ оның шындық екенін біледі. Естерінде болсын қиямет күні сол туралы айтысқандар өте терең адасу ішінде болады". Өлім жазасы 309 жылы 24 зилка'адада / 922 жылы 26 наурызда орындалды.

Ол сүннет пен рухани тәжірибе арасында абсолютті үйлесімділік бар екендігін жақтайды. Уағыздарында әрдайым Құранды негізге алуды, жиі-жиі риазат жасауды, рухқа сіңіп кеткен құлшылық түсінігіне ие болуды, әрдайым тәубаға келуді, толассыз Алланы іздеуді айтқан. Өзінің Аллаға жеткендігін әрдайым тілге тиек ететін. Сөз сөйлеген кезде ең танымал және ең дұрыс хадистерге сүйенетін. Алайда бұл оқиғалардың оның сопылық тәжірибелеріне сәйкес болғандығы да шындық. Әдебиеттерде Халлаж хадис айтушылардың желісіндегі адамдардың орнына символикалық иснад қойғандығы, яғни адамдардың орнына құдайдың есімдері мен рухани болмыстарды қойғандығы айтылады. Бұл жердегі оның мақсаты иснадтармен сөйлескеннің Алла екендігін көрсету болатын. Мысалы: "Өмірдің рухы, есім мен Алланың пікірінше, адамзат баласы Маған таңертең топыраққа сәжде етіп қылған намаздан жақсы құлшылық ұсына алмайды".

Халлаж барлық халық өкілдерімен жолыққан. Әрбір халық өкілдеріне солар секілді киініп барған және солар секілді сөйлескен. Сол себепті де оның сөздерін кей кездері түсіну қиын. Мутазила мазхабындағылармен өздері секілді, суннидтермен де суннидтер секілді сөйлескендігі айтылады. Сондықтан да, оның кармати ілімін - насихатын жүргізген деген айып тағылады. Шын мәнінде Халлаж Алиді жақсы көретін. Махди секілді Иса пайғамбардың қайтып келетіндігін жақтады. Сондай-ақ сүннетке берік болғандығы белгілі болатын. Басшылыққа бағынуды бұйыратын. Оның өлімі де осының айғағы болып табылады. Ол жүректерге жол ашуға тырысатын. Мақсаты әркімнің құлшылықтарын орындауы болатын. Құданлық бірлікті бастан кешіру оның көп м. ақсатының бірі еді. Алланың адамды махаббатпен жаратқандығына, Алланың адамның ішінде бар екендігіне байланысты сөздері де бар болатын. Ақырет өмірінің жалпы халық пен таңдаулылар үшін әр түрлі екендігін жақтайды.

Халлаж барлығынан бұрын өте жақсы мұсылман болатын. Оның сопылық көзқарасы толығымен Құран мен хадистерінен шыққандығы кейін аудармасы берілетін аңызды оқыған кезде бұл жағын оңай көруге болады. Мазхаб жағынан ханбали мазхабына жататын ол мазхабтардың ең жоғарғы үкімдерін алып, солар бойынша амал етуді өзіне сара жол яғни мазхаб етіп алғандығы өз сөздерінен байқауға болады. Тақуасына келер болсақ, өмірінің соңғы қырық немесе елу жылына қатысты парыз намаздарының барлығын ғұсыл алып қылғандығы, түнгі намаздарды өте көп оқып, екі ракаттық намаздарды бір рет Құран қатым еткендігі "Ахбар" атты кітабында баяндалады. Халлаждың айтпай кетуге болмайтын өте маңызды бір қыры бар: Өзінің сопылық көзқарастарымен суннидтік ислам арасында кикілжің пайда болған кезде Халлаж бірін екіншісіне құрбан етпей, екеуіне де берілген күйде қалып өлімге бас тіккен.

КИТАБ-УТ ТАУАСИН 1. Тауасин сөзі тасин сөзінің көпше түрі. Тасин Құранда үш сүренің (Шуара, Нәмл, Қаса) басындағы әріптердің алғашқы екеуін (та және син) оқыған кезде пайда болған сөз. Мистикалық құпия тақырыптарды білдіру үшін таңдалғандығы анық. 2 Осы алғашқы тасинде Халлаж Мұхаммед (с. а. с) пайғамбардың ұлылығы мен Халлаж доктринасының негізгі идеясы болып табылатын Нур-и Мұхаммед (Мұхаммедтің нұры) түсінігін беруге тырысқан. Сол себепті осы тасинге есім ретінде шамшырақ деген мағынаны білдіретін "Сиряж" сөзін таңдаған. Бұл "тасин" сөзін қолданудағы басты мақсат Хз. Мұхаммед пайғамбар.

Хусамеддин Сығанақи
Сунна - пайғамбарымыз Мұхамедтің ұстанған жол өнегесі. Оның жолын қуушыларды сунниттер деп атайды. Сонымен қатар шииттер ағымы да бар екендігін де білеміз. Хадистер топтамасын сунна деп атаймыз. Суннизм негізі Суннадан бастау алады. Сунна жолын дәріптейтін Ислам дініндегі мұсылмандар. Осы сунна жолын ұстанушы Араб тұқымынан тарайтын Һисамиддин Сығанақидың(Сунақ Ата) да дін таратушылығына қатыстылығынан болып отыр. Ол Сығанақ қаласында медресе ұстап, мешіт салдырады. Исламға халықты баулиды. Мұсылмандыққа шақырып, дінге кіргізеді. Өзі туып өскен Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің мәдени орталықтарының бірі болды. Оның аты Араб, Парсы, Орыс ғалымдарының жазуымен әлемге белгілі еді. Сығанақ қаласының тарихы кітапқа жазылып, хандық құрылған дәуір сипатталды. 1219 жылы Жошыхан әскері, Сығанақты жаулап, оның қорғанын бұзып, қиратқан. 100 жылдан соң қайта қалпына келіп гүлденген. Онда талай қазақ хандықтары өткен. Сығанақ қаласының қорғаны қасында Һисамиддин Сунақидың (Сунақ Ата) мазары орналасқан. Оның шығу тегін тағы да еске салар болсақ арабтың Құрайыш тайпасының Тайм руынан Пайғамбарымыз Мұхаммедтің қайын атасы, төрт халифтың алғашқысы Әбу Бәкір Сыддықтың он алтыншы ұрпағы. Ол қазақ жеріне хақ дін исламды насихаттаған. Кезінде Қожа Ахмет Иассауидің имамы болып қызмет атқарған. Сонымен қатар Һисамиддин Сунақидың алдыңғы аталары да қазақ топырағында өмір сүрген. Сунақ Атаның арғы аталарының бірі Мәнсүр Мәліктің де Сығанақ қаласында мазарының болуы, үлкен бабамыздың сол Сығанақ қаласымен өмір сүргендігін дәлелдейді Аты әйгілі Сығанақ қаласында ертеде Сунна(қ) қаласыда жапсарлас болғандығын атақты гоеграф Ремезовтың картасынан анық көреміз. Десекте жергілікті тұрғындар мен басқа да халықтар екі қаланың атауын қатар айтып, алып жүрген. Тіптен ата бабаларымыз өздерінің аттарын ру атымен емес, қала атымен атап отырғанға ұқсайды. Қожа Ахмет Иассауи де өзінің ныспысын Түркістани демей, сол ғасырда дәурені жүріп тұрған Иассы қаласына байланыстыра атауында да үлкен мән бар сияқты. Сунақ Атаның да өз ныспысын лақап атпен «Сығанақи» деп атауы екі ғұламаның бір-біріне ұқсастығын байқатады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz