Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі




Презентация қосу
Операциялық жүйелер,
түрлері, қызметі.

Орындаған:Сайыпова М.
Операциялық жүйе (Операционная
система; operating system) —
компьютердің барлық басты
әрекеттерін (пернелер тақтасын,
экранды, диск- жетектерді
пайдалануды), сондай-ақ қатар
операциялық жүйенің басқаруымен іске
қосылатын басқа программалардың
жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты
сақтауыш құрылғыда тұратын,
машиналық кодта жазылған
программа.
Алғашқы компьютерлердің
операциялық жүйесі болған жоқ,
себебі басқару программалары тек
компьютердің нақты бір типіне
арналып жазылды, бірақ шалғайлық
жабдықтарға стандарттардың пайда
болуымен, сан алуан компьютерлер
үшін осындай жабдықпен
әрекеттестіктің бірыңғай
программаларын жазуға мүмкіндік
туғызды. Операциялық жүйені
жазудың екі жүйесі бар — тұрақты
сақтауыш құрылғыға барлық жүйені
жазу және қатқыл дискіден
операциялық жүйенің калған
бөлігінің тек жүктеу программаларын
ғана жазу.
Операциялық жүйе, қыс.
ОЖ - компьютерді
басқаруға арналған және
қолданбалы
программалармен
байланысы бар нақты
программа. Операциялық
жүйе – компьютер
құрылғыларының үздіксіз
жұмыс істеуін
ұйымдастырушы және
түрлі командаларды
орындауы арқылы
пайдаланышының машина
жұмысын басқаруына
жеңілдік келтіруші
жүйелік программалар.
Оның негізгі қызметі –
программалардың бір – бірімен
және сыртқы құрылғылармен өзара
әрекетін ұйымдастыру, оперативті
жадты бөлу, компьютердің жұмыс
істеу кезіндеқате жіберілу сияқты
түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні
жұмыс істеуге дайындау, монитор
мен принтердің жұмыс істеу
режимдерін орнату,
пайдаланушының программасын
іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни
ОЖ – машина жұмысын басқаруға
толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы
үшін арналған иілгіш не қатты
магниттік дискіге жазылып
қойылады.
ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе
( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес
компьютерлер үшін кең тараган
оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS,
Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX
жатады,Дербес компьютерлерлерге
арналған операциялық жүйелердің
барлығы да тек бір адамдық болып
табылады. Расында да екі адамның бір
мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін
елестету қиын.
. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX
көп мақсатты жүйелер болып саналады.
Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір
уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару
мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар
атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін
көшіріліп жатқан шақта ойнап та
отыруыңызға боладь, өйткені бұл
жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар
атқарады немесе ол қүрылғылардың
жұмыс жылдамдығы адамның
жылдамдығынан өте жоғары болып
келеді. Көптеген ІВМ- үйлесімді
компьютерлер дискілік МS DОS
операциялық жүйесі мен көп терезелі
WINDOWS графикалық операциялық
жүйесін пайдаланады
Операциялық жүкелер көптеген
функцияларды орыңдайды:
информацияны дискіге жазу-оқуды
жүзеге асырады, мәліметтер
сақтауды ұйымдастырады,
компьютер құрылғыларының өзара
байланыста жұмыс істеуін, барлық
қолданбалы программалар
жұмысының орындалуын
қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске
қосылғаннан кейін иілгіш не қатты
дискіден алғашқы жүктелетін кещенді
программа болып табылады. Белгілі
бір қосымша қызмет атқаруға керекті
программалар тобы утилиттер болып
табылады.
Желілік операциялық
жүйе
Желілік операциялық
жүйе пайдаланушыларға
желілің бір компьютерінен
басқасына файлдар
көшіруге, желінің бір
компьютерінен
басқасында орналасқан
деректерді өңдеуге, ал
кейбір жағдайларда басқа
компьютер жадында
орналасқан программаны
қосуға мүмкіндік береді.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйелер және түрлері
Операциялық жүйелер және оның түрлері
Операциялық жүйесі, түрлері, қызметі
Оперциялық жүйелер,түрлері,қызметі
Операциялық жүйелер,түрлері,қызметі туралы ақпарат
Операциялық жүйе. Операциялық жүйенің түрлері
Операциялық жүйелер, оның даму түрлері ( MS –DOC, NC,OS/2,UNIX,Windpws оның түрлері)
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS­DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері)
жүйелер, түрлері, қызметі
Желілік операциялық жүйелер
Пәндер