ДЭЕМ – ніңбағдарламалық жабдықтары


Slide 1

ДЭЕМ-нің бағдарламалық жабдықтары

СРО

Орындаған: Ботаева Б. Н.

Тексерген: Жаксыгулова Д. Д.

Slide 2

Қазіргі замандағы ЭЕМ және олардың жүйелерінің жалпы архитектурасында икемді компоненті болып программалық жасақтама (ПЖ- Software) табылады. Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың (АЖ: Hardware) әртүрлі режимдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шығару үрдістеріне ыңғайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді. Қазіргі заманда «ЭЕМ архитектурасында аппараттық құралдар (яғни аппараттық жасақтама) басты орын алады» деген көзқарас өзгерді, себебі программалық құралдардың жаңалықтары аппараттық құралдардан басым түсуде (мұндай тенденциялар әртүрлі халықаралық көрмелерден де айқын көрінеді) . Мысалы, мекемелерге қажетті автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО; инженер - жобалаушының, ғылыми қызметкерлердің, т, с, с, . ) құндылығы тұрғысынан сәйкес класты компьютерлерден бірнеше есе басым түсуде. Сондықтан да, қазіргі уақытта программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың мүмкіндіктерін жетілдіретін және онымен пайдаланушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршам болып табылады.

Slide 3

Аппараттық және программалық жасақтамалардың жиынтығы ЭЕМ - нің жалпы архитектурасын құрайды, ол ЭЕМ - нің есептеу ресурстарын қажет ететін әртүрлі есептермен анықталатын мәселелік ортамен (пәндік аумақтармен) байланысын жүзеге асырады .

Сонымен, программалық жасақтама - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан - жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Slide 4

Аппараттық және программалық жасақтамалардың жиынтығы ЭЕМ - нің жалпы архитектурасын құрайды, ол ЭЕМ - нің есептеу ресурстарын қажет ететін әртүрлі есептермен анықталатын мәселелік ортамен (пәндік аумақтармен) байланысын жүзеге асырады .

Сонымен, программалық жасақтама - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан - жақты қызметін, сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Slide 5

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) -компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы.

Мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай кез келген бағдарлама екі топтың біріне: БҚ-ның жүйелік (жалпы) және қолданбалы (арнайы) тобының біріне жатады. Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ, жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Жүйелік БҚ-ға:

операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;

бағдарламалау жүйесі;

техникалық қызмет көрсету бағдарламалары жатады.

Slide 6

Операциялық жүйе (ОЖ) - бағдарламалардың ұйымдық жинтығы, олардың мақсаты - компьютер жұмысын басқару. ОЖ- нің бұл бөлігі ақпаратты енгізудің, сақтаудың, өндеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Бағдарламалау жүйесі- БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты- бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, сондай- ақ, оларды компьютер атқаратын бағдарламаға түрлендіру. Бағдарламалау жүйесіне бағдарламалаудың әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар (компиляторлар немесе имтерпретаторлар) жатады.

Техникалық және сервистік (ұйымдасқан) қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.

Slide 7

Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.

Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

жалпы мақсаттағы;

әдістемелік бағдарлау;

проблемалық- бағдарлау.

Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған.

ҚБД- нің тобына:

мәтіндік процессорлар( мысалы, Microsoft(MS) Word) ;

кестелік процессорлар (MS Excel) ;

Деректер базаларын басқару жүйелері (MS Access) ;

Серпінді тұсаукесерлер жүйелері(MS Power Point) ;

Графикалық процессорлар(Corel Draw) ;

Баспа жүйелері (Page Maket, Quark XPress)

Ықпалдасқан жүйелер(M8 Works)

Жобалауды автоматтандыру жүйелері (CASE технология)

Сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.

Slide 8

Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді. Мұндағы шешуші ұғым қолданбалы бағдарламалардың дестесі (пакеті) болып табылады.

Қолданбалы бағдарламалардың дестесі (ҚБД) - белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. ҚБД мына төмендегі түрлерге бөлінеді:

жалпы мақсаттағы;

әдістемелік бағдарлау;

проблемалық- бағдарлау.

Жалпы мақсаттағы ҚБД міндеттердің кең тобын автоматтандыруға бағдарланған.

ҚБД- нің тобына:

мәтіндік процессорлар( мысалы, Microsoft(MS) Word) ;

кестелік процессорлар (MS Excel) ;

Деректер базаларын басқару жүйелері (MS Access) ;

Серпінді тұсаукесерлер жүйелері(MS Power Point) ;

Графикалық процессорлар(Corel Draw) ;

Баспа жүйелері (Page Maket, Quark XPress)

Ықпалдасқан жүйелер(M8 Works)

Жобалауды автоматтандыру жүйелері (CASE технология)

Сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.

Slide 9

WinRaR және (7-Zip, WinZip) - құжаттарды сығуға арналған бағдарлама. Оны архиватор деп те атайды. Онсыз кейбір құжаттар тіпті ашылмайды.

Adobe Acrobat немесе Foxit Reader (өз таңдауыңыз бойынша) - бұл бағдарлама PDF және кейбір кітаптарды, құжаттарды ашуға қолданылады.

Microsoft Office және OpenOffice - кеңсе автоматтандыру бағдарламаларының жиынтығы. Оған Word, Excel, PowerPoint және тағы басқалары кіреді.

K-Lite Codec Pack немесе Media Player Classic - фильмдерді, кескіндерді көруге және музыка тыңдауға арналған бірнеше бағдарламалардың жиыны. Nero немесе оған ұқсас бағдарламалар - бос CD немесе DVD дисктерге сандық мәліметтерді, аудио, бейне жазбаларды жазуға арналады. Сонымен бірге, компьютеріңізге қажетті қосымша бағдарламалар да жетерлік. Мысалы: Қала картасы, телефон анықтамасы.

Slide 10

Agent, Skype сияқты бағдарламаларды да бірден қойып алу маңызды. Ал егер сіз ғаламтор желісін үнемі пайдаланатын болсаңыз, онда сізге қосымша тор шолғыштар (браузерлер) қызметі керек. Әрине, сіздің компьютеріңізде бұрыннан бері Internet Explorer атты тор шолғыш бар. Бірақ, ол көпшілікке өзінің жайбарақат жұмысымен және сайттарды дұрыс ашпауымен ұнамайды. Сондықтан сізге интернет үшін Opera немесе Mozilla Firefox бағдарламалары өте қолайлы болады. Кейінгі кезде Google Chrome да үлкен сұранысқа ие болып жүр. Егер жұмысыңызда шет тілімен жиі ұшырасатын болсаңыз, онда сізге аудармашы керек: Google аудару бағдарламасы-интернеттегі сайттарды аударумен айналысады. Promt-ең мықты аудармашылар қатарында. Ішінде барлық тілдің қатары бар. Осы аталған бағдарламалардың қызметі сіздің де жұмысыңызға аса қажетті болуы мүмкін. Сондықтан оларды жүктеп, тезірек жұмыс жасау принциптерін меңгеріп алсаңыз, жұмыс жасауда сізге үлкен көмекші болатыны анық.

Slide 11 Slide 12

Жүйелік жабдықтау операциялық жүйелерден және бақылау, диагностика жасау құралдарынан тұрады.

Slide 13

Бағдарламалау жүйелеріне- бағдарламалау тілдері және трансляторлар кіреді. Бағдарламалау тілдері - мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін сипаттау мақсатында жасалған тілдер. Қазіргі кезде бірнеше жүздеген тілдер бар, бірақ тек олардың ондағаны ғана кең қолданылады. Олар Фортран, Кобол, Паскаль, Бейсик, СИ, СИ++, Турбо Паскаль, Турбо Си, Пролог, т. б. Бағдарламалау тілдері көмегімен дербес компьютер үшін бағдарламалар жасалады.

Бағдарлама қолданылған - синтаксистермен сәйкес жазылған командалар жиынтығы. Әдетте бағдарлама ағылшын тіліне жақын символдық тілде жазылады. Бұл тіл компьютерге түсінікті болуы үшін аудару қажет болады. Аудармашылардың ролін трансляторлар атқарады.


Ұқсас жұмыстар
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары.Программалар
Дербес электронды есептеуіш машинаныі программалық жабдықтары.Программалар
ДЭЕМ – нің программалық жабдықтары туралы
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары туралы ақпарат
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары жайлы ақпарат
ДЭЕМ - нің жабдықтары туралы ақпарат
ДЭЕМ­нің программалық жабдықтары
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалар - 2 нұсқа
Дискідегі информация жинақтауыш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz