Аударманың психологиялық ерекшелігі




Презентация қосу
Аударманың
психологиялық
ерекшелігі
Аударма – ой –санаға, жүйке жүйесіне үлкен салмақ түсіретін,
мейлінше ауыр шығармашылық іс. Аударманың психологиясы,
күрделілігі, динамикасы мен шығармашылық диалектикасы
ашылмаса, онда ол түсінікті бола алмайды.
.

Аударманың қай түрі де қиын да күрделі. Онда адамның
барлық рухани күш-қуаты жұмсалады. Ең басты
психологиялық элементтері: қабылдау, түсіну, түйсіну,
ойлау, эмоция, елестету, ерік, ес, зейін, т.б. қатысады.
Аудармада білім мен қиял, тәжірибе мен шеберлік өзіндік
ерекшелікке ие.
Аударма лингвистикамен тікелей жүзеге
асатындықтан, ол әдебиеттану, эстетика, тарих,
филология, кибернетика, социология, психология,
т.б. ғылымдарға да жақын. Неміс зерттеушісі К.
Райс: «Аударма үдерісі – тіпті таза
лингвистикалық операция емес.Тіл білімі,
әдебиеттану, аударма теориясы, психология,
этнология – осылардың бәрі ғылыми пәннің
бөлімдері ғана», - дейді. Қоғамдық ғылымдар
арасында аударманы шығармашылық үдеріс
ретінде арнайы зерттеу негізі психологиямен
сабақтастырыла қарастырылады.
Аударманың өзінлік психологиялық ерекшелігі
бар. Аудармаға психологиялық қатынас
аударманың тікелей өзін зерттеуге, аудармадағы
«адам компоненттерін» зерттеуге, аудармашының
психологиялық таңдауына талдау жасауға
бағытталады. Аударма психологиясының
ерекшелігінде екі тілдің типологиясы мәселесі
(билингвизм) және автоматтандыру рөлі, әсіресе
синхронды аудармада, әр тілде ойлау жүйесіне
сай сөйлеу, тілдік қатынас, сондай-ақ ішкі сөйлеу
мен аударманы ұштастыра жүргізу т.б. мәселелер
қамтылады. Аударма психологиясы – ауқымды да
күрделі мәселе.
Тіл, сөйлеу, ойлау, қабылдау, мінез-құлықты үйлестіру,
яғни коммуникацияның барлық негіздерін
психологиялық тұрғыдан зерттеу маңызды іс. Ол
сөйлеу мен аудармадағы қолданыстағы тілдік жүйенің
табиғатын ашуға мүмкіндік береді. А.В. Федоров
«Введение в теорию перевода» кітабында аударма
психологиясының саласына айқындалған
шығармашылық үдерісті енгізеді.
Аударма психологиясы тілдің ойлау жүйесімен,
тілдік образдармен байланысты. Тіл маманы Р. Пернес
аудармадағы психологиялық іс-әрекетті шет тілді
үйрену үдерісімен ұштастырады. Яғни, тілді меңгеру
кезінде белгілі бір психологиялық кедергілерді жеңуге
тура келеді. В. Беляев «аударма психологиясының ең
басты мәселесі ана тілде және шет тілде ойлау
жүйесінің психологиялық ерекшелігін зерттеу әрі бұл
ерекшеліктерді аудармада жүзеге асыру» - дейді.
Аударма ісіне психологиялық көзқарас
тұрғысынан келгенде, адамның ойын бір тілдік
негізден екінші тілдік негізге сипатты ауыстыру
болып табылады» - деп аударма тілін адамның
сөйлеу қызметінің ерекше түрі емес, айрықша
ойлау үдерісі санайды.

Аудармада биік жетістікке жетуге басты кедергі
не? Бұл аудармаға, өзіне деген сенімділіктің
жоқтығы. Елестету мен құштарлық сезімі, жақсы
нәтижеге жетуге деген ұмтылыстың жоқтығы,
сәтсіздіктен үрейлену. Аударманың екінші бір жауы
– шамадан тыс өз-өзіне деген асыра сыншылдық.
Шығармашылық ойлаудың үшінші кедергісі –
жалқаулық, немқұрайдылық. Ең бастысы, ой мен
рух, білім мен ізденіс, тәжірибе мен шеберлік,
құштарлық пен талант тоғысуы тиіс.
Аудармашының түйсігі дегеніміз – аудармадағы әр сөздің
мән-мағынасын, астарлы ойын, әуез, ырғағын, үнін сезіну,
оны ұлттық тілдің сөздік қорымен дәл де нақты, шынайы
бейнелеп беру, аудару үдерісіндегі стилистикалық
құралдарды дұрыс таңдай білу. Түйсіну ұғымы – аударманы
қабылдау үдерісімен бастап түпнұсқалық мәтіннің барлық
мағыналық ерекшеліктерін нәзік түрде сезіну. Түпнұсқадағы
ұлттық және интернационалдық диалектиканы аудармада
баламалы бейнелеу, халық тілінің байлығымен қайта
баяндау – үлкен таланттылық нәтижесі.
Аудармашының шығармашылық ерекшелігі
– түпнұсқаға адалдық, шынайылық, авторлық
мәтінді көркемдік-эстетикалық сипатымен,
ешқандай боямасыз, қоспасыз, ұлттық тілдің
байлығымен, мүмкіндігімен әдеби түрде, шынайы
бейнелеу.
Американ физигі Д. Рич жұмыс кезінде өзін
электрон немесе жарық көзі санайтынын айтса,
жапон суретшісі Хокусай: «Құстың суретін салу
үшін өзіңнің де құс болуыңа тура келеді» деген
пікір білдіреді.
Аудармашының міндеті – көркем шығарманы
түпнұсқалық көркемдік-эстетикалық,
образдылық, семантикалық-стилистикалық
сипатымен аудару. Кең ауқымды, терең ойлау
жүйесімен, айқын елестету мүмкіндігімен
түпнұсқаның композициясын, мәтін мазмұнын,
мағынасын, сөйлемнің стильдік, тілдік
құрылымын, экспрессивтік-эмоциялық
бояуын, көркемдік-идеялық ерекшелігін және
шығарманың басты қасиеттерін аша білу
жауапкершілігі зор.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Аударма сапасына қойылатын талаптар
Аудармашыға нұсқау
АУДАРМА КӘСІБІНІҢ ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аударма сапасын анықтаудағы адекваттың және баламаның рөлі
Аударма кә сібінің лингвистикалық ерекшеліктері
Аудармашының лингвистикалық ерекшеліктері
Аударма үрдісінің лингвистикалық ерекшеліктері
Жалпы сипаттағы аударма
ІЛЕСПЕ АУДАРМА ТУРА АУДАРМА
Аударма кәсібінің лингвистикалық қырлары
Пәндер