Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері туралы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Мұғалімнің жеке тұлғасы
оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі.
Педагогикалық еңбектердің
көрнекті шеберлері.
Орындаған: Магнұрова М.А
Топ: П – 227
Тексерген: Оралбекова Б.С
Жоспар:
1. А.С. Макаренко
2. В.А. Сухомлинский
3. К.Д. Ушинский
4. Ы.Алтынсарин
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко
Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы
темір жол шеберханасының майлау цехының
шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені
және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол
1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол
училищесінде халық мұғалімі болып еңбек
жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары
Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады.
Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі
большевиктік насихат пен революциялық
қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады.
А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте
жұмысшылардың балалары оқыды, ол
революциялық пролетарлық ортамен тығыз
байланыста болды.
А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие
мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын
ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға
қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз
жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз
сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды.
Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін
Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға
арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі
жалғастырды.
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа
жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын
тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете
білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие
жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз
педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық,
тәртіпсіздік және балалардың қылмыскерлігі туа біткен және түзетуге
болмайтын сапалар емес”.
Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы
бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау
керек.
Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық
тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті.
Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы
болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-
жоспарға”, “жобалау әдісіне” қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко
оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен
байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың
жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық
қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі
болып табылады.
1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді,
1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-
аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы
жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған
болатынды.
1938 ж.ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-
педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды
тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя
тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды.
Жаңашыл – педагог, көркем сөздің шебері Макаренко
жаңа адамдық қатынастардың сұлулығын, талап қою мен қатаң
тәртіптің сұлулығын, ұжымның ұлы қуатын түсіне білуге
көмектеседі. Сондықтанда А.С.Макаренконың жүйесінің
байлығы өміршеңдігі және сарқылмайтындығы, сондықтан да
ол өзекті болып табылады.
В.А.Сухамлинский, 1918 ж.28 қыркүйекте Васильевка
селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы)дүниеге
келді. Осында оның балалық және жастық шағы өтті.
В.А.Сухамлинский, В.Г.Короленко атындағы Полтава
педагогикалық институтында оқыды. В.А.Сухомлинский
педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен
жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми
ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава
педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың
қабырғасында оның есімі мәңгі қалды.
Мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын
арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы
мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардың
танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және
әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы пікірін айтты.
В.А.Сухомлинский: "Барлығы да балалық шақтан басталады,
жасөспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай
тәрбиеленуіне байланысты" - деп есептейді. Баланың дұрыс тәрбиеленуі
үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мұғалім, педагогқа қойылатын талаптар
кәсіби құзіреттілік шарттарына сай болуы керек.
В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б.
тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады.
Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне
шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас
директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек
мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар
жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа
айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына
жетелеңіз”.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек
жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің
жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму
ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және
айқын көрсетіп берді.
А.Сухомлинский – 41
монографиялар мен жекеленген
кітаптардың, 600 астам ғылыи
мақалалардың, 1200 әңгімелер мен
ертегілердің авторы. Оның
еңбектерінің жалпы таралымы біздің
елімізде және шет елдерде әртүрлі
тілдерде 4 миллионға тарта данаға
жетті.
1970 жылдың сәуір айында ол
еңбектерінің жиынтығы бойынша
докторлық диссертацияны қорғау үшін
“Жан-жақты дамыған тұлғаны
тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында
баяндамасын аяқтады.
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің
ішінде еліміздің педагогикалық
жұртшылығы мен көптеген
шетелдерде белгілі және кеңінен
тараған “Балаға жүрек жылуы”,
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы
Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді.
Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов
губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын
жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті.
Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.
1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң
факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар
(Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады.
Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен
қызыға айналысты, халықтың арасында сауатылықты
тарату туралы армандады.
Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы
К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейінің профессорының
міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ол шетел және орыс мектептерінің озат тәжірибелеріне
сүйене отырып, Ресейдің оқу-тәрбие ісіне түзетулер мен
өзгерістер енгізуді қуаттады. Сабақтардың бағдарламасын
өзгертті. Оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын енгізуді,
азаматтардың бас бостандығын жақтады.
Осы зерттеулерінің нәтижесінде “Педагогикалық
әдебиеттердің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің
халықтық негізі туралы”, “Мектепті құрайтын үш мәселе”
атты еңбектерін жазды.
"Өз отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру – бұл менің
өмірімнің бірде-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің
қабілетімді бағыттауым қажет”, - деп жазды жас Ушинский.
1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы. "Адам-
тәрбиенің пәні” атты еңбегін жазды. Бұл еңбек педагогика
ғылымының құнды да, сүбелі туындысы болып табылады.
Ыбрай Алтынсариннің прогрессивті педагогикалық
идеялары ХІХ ғасырдың екінші жартысында
демократиялық орыстың қоғамдық ой-пікірлерінің
ықпалымен қалыптасты.
Ыбырай өз замандас отандастарының
ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-
білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-
демократиялық көзқарастың негізін салды.
Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан
көрнекті орын алатын қайраткер, халқымыздың
мақтанышы, демократ-ағартушы тұңғыш педагог,
ақын- жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-01889)-
орыс-қазақ оқу-ағарту саласының негізін
салушылардың бірі.
Ы. Алтынсарин оқыту әдістерін жаңа бағытта
оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын
арттыруды көздей отыра құрды. Мектеп оқуында, ана
тілін үйретуде ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің терең
ойларын басшылыққа алды.
Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының
құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім беру талабына сай
құрылды.
Ұлттық мектептің өсіп-өркендеуіне, ұлттық білім базасын
қалыптастыруда ұлттық өз ана тіліне жазылған оқулықтар қажеттілігіне ол
ерекше көңіл бөлді.
1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың
құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз
әдебиетінің үлгілі шығармалары мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы
үлгілерінен тұрды.
Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының
арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және
педагогтардың озық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуына негіз
қалады, Қазақстанға орыс мәдениетінің таралуына баға жетпес үлес қосты.
Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде
жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп,
өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және
оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді.
Назарларыңызға рахмет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz