Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Оқытушы мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық
шеберліктің тигізетін әсерінің теориялық негіздері
1.1 Педагогикалық шеберлік психологиялық-педагогикалық проблема
ретінде
1.2 Қазіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен оқушының өзара қарым-
қатынасы және оның педагогикалық шеберлік тәуелділігі
2. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуін зерттеу
2.1 Тренингтің тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы».
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас нәтижесі
Қорытынды
Әдебиеттер.
Зерттеудің мақсаты: мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа
түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
Теориялық деректерді талдау және «педагогикалық шеберлік»,
«педагогикалық қарым-қатынас» ұғымдарының мәнін анықтау.
Ұстаздың тәрбиеленушiлермен қарым-қатынасы тиiмдi болуы үшiн,
оның қажеттi шарттарын анықтау.
Тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін педагогикалық шеберліктің
жоғарлату әдістерін талдау.
Зерттеудің обьектісі: Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа
түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері.
Зерттеудің пәні: жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбиелік
процесі.
Зерттеудің болжамы : егер мұғалімдерге педагогикалық шеберлік
туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді меңгеру жағдайы
туғызылса, және кәсiби қызметтерде оларды қолдана алатын болса, онда
оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде тәрбиеленушiлермен олардың
қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарлайды.
Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені
зерттеу және жинақтау, бақылау, тест жүргізу, әңгімелесу.
Жұмыстың құрылымы тақырыппен, зерттеу объектісі мен
пәнімен, мақсаты мен міндеттерімен, ғылыми болжаммен
қамтылған.
Зерттеу жұмысы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа
түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерінің
теориялық негіздері
1.1 Педагогикалық шеберлік психологиялық-
педагогикалық проблема ретінде
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес,
бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет
болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен
қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған
мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне
айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың
ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ...,
меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ
және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат
адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік
көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,
ержүрек болуы керек" дейді.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ...
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете
түсінген, көрген, естіген және аңғарған
нәрселердің барлығын жадында жақсы
сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ...
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен,
өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ
және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына
да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың
бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ...
қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,
ержүрек болуы керек" дейді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал
біліктілік - сол білімді іске асыра білу
дағдысы» - деп бекер айтпаған.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің
түріне дайындалудың, дайындық
дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген
қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп
отыруы қажет.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни
басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін
оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін
күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды
бөліп алуға болады:
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы,
әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді
практикада қолдана білуге жағдай туғызу).
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау,
танып-білу)
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім
берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің
мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз
байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген
ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да,
шеберлікті де жақсы меңгереді.
1.2 Қазіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен
оқушының өзара қарым-қатынасы және оның
педагогикалық шеберлік тәуелділігі
Оқушыны жалықтырып алмаудан сақтанып,
төмендегі тәсілдерді тиімді пайдалану қажет:
бала ойын ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;
білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;
жақсы сөздермен «сені қолыңнан келеді», «сенің
болашағың зор»-деп, үнемі шабыттандыру.
Демек, әр ұстаздың алдындағы сәулелі мұрат
шәкіртіне білім беріп қана қоймай , әр баланың
«менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға
жетелеу. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы –
жақсы тәрбиеленген адам.
Оқу мен тәрбе егіз екенін бір сәт те естен шығармаған
жөн, соның нәтжесінде ғана сапалы білім мен саналы
тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл-Фараби:
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі
керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол
келешекте оны барлық өміріне апат әеледі» деген.
2. Мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа
түсуін зерттеу
2.1 Тренингтің тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы
қарым-қатынасы»
Тренингтің мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы
Треқарым-қатынасты нығайту
2.2 Мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық
қарым-қатынас нәтижесі
Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп
мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,
сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Мұғалім белгілі
бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі
болып саналады. Оқушылардың ынтымағы жарасқан
іскер ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол
үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке
төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.
Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу-
әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын
қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде
оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін
(жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы,
ойлауы, сөйлеуі т.б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне
қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше
қарастыратын болсақ:
1.Мұғалім-басшы. Оның «беделі» - билік.
Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап
етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке
(рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды.
2.Мұғалім – компьютер. Оның «беделі» - белгілі бір
аймақтағы негізделген білімді меңгерген.
3.Мұғалім-қиналушы. Оның «беделі» - қақтығысқа
түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды
талап етеді
Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы
оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оның себептері:
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы
білуінде;
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер
айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс
қалыптасуында;
-мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде,
анықтығында, нақтылығында;
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас
түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-
қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта
көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің
пікірімізше кейбір мұғалімдердің әр жастағы
оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және
оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу
себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
-балаларға салқындық танытуы;
-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны
жариялауы дер едік.
Қорытынды
Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-
оқушы», «Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара
қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында
болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-
қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі
кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда
кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда
болуының өзіндік себептері бар.
1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар.
Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез
қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез
түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір
мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш
отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері
білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың»
т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді
ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты
пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын
сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен
санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ
екені де жасырын емес.
3.Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі
кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас
барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал
болып жатады.
з ғ а
ы ң ы
р л ар
а
н аз
е т !
а хм
Р
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz