Хирургиялық науқастардың тамақтануы туралы




Презентация қосу
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті.

Хирургиялық
науқастардың тамақтануы
Қабылдаған: Тұяқбаев Б.П.
Орындаған: Зейкін Ә
Тобы:СТК-331
Жоспар
Кіріспе
- Тамақтану туралы.
Негізгі бөлім
Емдік тамақтану
Операция жасалған науқастарды
тамақтандыру
№0, №1а, №1б, №1 диеталары.
Науқастардың хирургиялық операциядан
кейінгі диетасы
Қорытынды
Тамақтану — тірі организмнін, негізгі
физиологиялық қажеттілігінің бірі болып
табылады. Азықпен адам жалпы
тіршілікке қажетті белок, май, көмір,
сутегі, минералды тұз, су, витаминдер
мен тканьдарды қалпына келтіруге,
энергия шығынын және организмнің
қажетте-рін толтыруға арналған басқа
да заттар алады. Осы заттардын, бәрі
күрделі алмасу процесіне түсіп, ыдырай-
ды да, организмнен шығарылады.
Белок, май мен көмір сутегі тотыкданда
энергия шығарады, ол калориямен
елшенеді. 1 г белок — 4,1 ккал, 1 г май—
9, 3 ккал, 1 г көмірсутегі — 4, 1 ккал
бөліп шығарады. Азык калориялығы
арнайы таблица бойынша есептеледі.
Дені сау адам түрлі тағам ішкен кезде
тәулігіне 3000-ден 3100-ге дейін ккал
алады.
Дененің салмағын арттыру үшін
калориясы мол тағамдар, ал салмағын
кеміту үшін калориясы төмен та-
ғамдар ішу қажет.
Емдік тамақтар сырқаттың тағамдық заттарға
физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етеді
және ауру-дың паталогиялық механизмдеріне
әсер етеді. Емдік тамақтарының міндеттері —
бұзылған зат алмасуды қалпына келтіру және
тамақтьң терапиялық әсер етуі. Диетаның
сапалық құрамын азықтьң аспаздық өңдеу са-
пасын езгерту жолымен мүшелер мен
жүйелердін, функциялық күйіне әсер етуге
болады. Түрлі аурулардың, әсіресе ішкі аурулар
клиникасында, комплексті терапиясында емдік
тамақтары міндетті түрде қолданылады. Емдеу
тамақтарын белгілегенде дені сау адамның
тағамдық заттарға физиологиялық қажеттілігі
нормасы-
нан шығу қажет.
Дені сау адамға ұсынылған иормаға сәйкес
тәулік рационында мал белогы 100—120 г,
өсімдік белогы 40 г, мал майы 85—90 г, есімдік
майы 10—15 г, кемір сутегі 400—450 г. А
витамині 1—2 мг, В1 және В2 витамині 2— 3 мг,
С витамині 50 мг, натрий хлориді 15 г, калций
0,8 г, магний 0,5 г, фосфор 1,4—1,6 г, темір 15
мг болуы қа-жет. Күніне төрт рет
тамақтанғанда қабылданатын та-ғам салмағы 3
кг болуы керек.
Операция жасалған науқастарды
тамақтандыру
Диета негізгі нозологиялық формалар бойынша
жүктелген. Әрбір диета нақты бір сырқат кезінде
ас қабылдау ауруды күшейтпейтіндей, әлсіреген
ағзаға барынша бейімделіп жасалған. Әрбір
диета тамақтану тәртібімен, химиялық
құрамымен, каллориясымен сипатталады.
Сонымен бірге, рұқсат етілген немесе тиым
салынған азық-түліктер тізбесі болады. 15
медициналық диета бар. Олар №1-ден №15-ке
дейін стол ретінде белгіленеді. Ауруханадағы
диеталар саны, оның саласына қарай белгіленеді.
Диеталардың қысқаша сипаттамасы.
№0 диета. Асқазан мен ішекке жасалған
операциядан кейін, алғашқы күндері
тағайындалады. Ас сұйық және қоймалжың
быламық тағамынан тұрады. Сүтті еркіне қарай
және тығыз азық-түлік өнімдері тіпті езбе түрінде
де рұқсат етілмейді.
Рұқсат етіледі: шәй, жеміс-жидек желелері,
шиповник тұнбасы және сумен араластырылған
жаңа жеміс-жидектер шырыны, жеңіл сорпа,
күріш тұнбасы. Асты күні-түні аздап, жиі
қабылдайды. Диетаны әдетте 2-3 күннен
аспайтын уақытқа тағайындайды.
№1а диета. Тағайындау көрсеткіштері:
асқазан ойық-жарасы ауруы күшейгенде, емнің
алғашқы 8-10 күнінде және құрсақ қуысының
мүшелеріне операция жасалғаннан кейін,
өңештің күйігі, қан кету кезінде
тағайындалады.
Тағайындау мақсаты: химиялық, механикалық
және термиялық тітіркендіргіштерді алып
тастау арқылы, асқазанды барынша жеңілдету.
Жалпы сипаты: асқазан сөлінің секрециясын
қозғайтын заттарды алып тастайды. Асты
көбіне сұйық және жартылай сұйық түрінде
береді. Тамақтану тәртібі: аздаған
порциялармен асты жиі қабылдау (әрбір 2-3
сағат сайын), түнде-қатық немесе қаймақ ішу.
№1б диета.
Қабылдауға арналған
нұсқаулар,
тағайындау мақсаты
мен жалпы
сипаттамасы №1а
диетасы сияқты.
Бірақ №1а диетасы
сипаттамасында
көрсетілген азық-
түліктерге ақ кепкен
нанды, кепкен
бисквитті, үгітілген
ірімшікті қосады, ет
және балықтан буға
пісірілген тағамдар
санын ұлғайтады.
Тамақтану тәртібі:
асты жиі қабылдау
(әрбір 2-3 сағат
сайын), түнде қатық
немесе қаймақ ішу
керек.
№1 диета(хирургиялық диета). Асқазан мен
ішектерге жасалған операциялардан кейін 4-
5-ші күндері, апендоктемиядан кейін 2-ші күні
белгілейді. Пісірілген ет немесе тауық етінен,
пісірілген жұмыртқадан, үгітіліп буланған
немесе буға пісірілген омлет; майсыз жеңіл ет
немесе тауық сорпасы; геркулестен жасалған
қоймалжың сорпа; манна немесе күріш пен
қара күріш ұнынан жасалған 10% сұйық ботқа
тағамдары рұқсат етіледі, аздаған мөлшерде
сүт немесе қатық, кисель, жеміс-жидек
желесін, тәтті сумен араластырылған жаңа
жеміс-жидек шырынын, шиповник тұнбасын,
лимон салған шәйді, кептірілген ақ нанды,
сары майды қосуға болады.
Науқастардың хирургиялық операциядан
кейінгі диетасы
Нақты бір операция түрінен кейінгі
науқастарға түрлі диеталар
қарасытырылған. Ең жиі кездесетіндері іш
қуысының мүшелеріне жасалатын
операцияларға арналғандар болып
табылады. Бұлардың ішінде бірінші орында
жедел аппендицит, содан кейін өт
қалтасының, асқазан мен ішектің аурулары
тұр. Аталып кеткен мүшелердің ауруы
кезінде операциядан кейінгі диетаның
ерекшеліктері мынадай болады.
І. Науқасты аппендэктемиядан кейін
тамақтандыру.
1. 10 сағатқа дейін – ашығу.
2. 10-12 сағаттан кейін – диета №1а
3. 2 күннен кейін диета №1
4. Одан соң шыққанға дейін – диета №15
Тәтті сүт өнімдерін қабылдауға болмайды.

ІІ. Өт қалтасы мен өт шығару жолдарына
жасалған операциялардан кейін
науқастарды тамақтандыру ( өт-тас
сырқаты, механикалық сарғаю).
5. Бірінші күні-ашығу.
6. 2-ші күннен бастап – стол №1
7. 5-6-шы күннен бастап – стол №5
ІІІ. Асқазан мен аш ішекке жасалған операциядан кейінгі
науқасты тамақтандыру.
1. 2күнге дейін су ішуге және тамақ жеуге рұқсат етілмейді. Ас
қорыту жолдарынан тыс қоректендіру немесе тік ішек арқылы
қоректік клизма түрінде белгіленеді.
2. 3-ші күні 2 стаканнан аспайтын суды 15-20 минут сайын, аздап
жұтып, ішуге рұқсат етіледі, диета №0
3. 4-ші күні – диета №1 (тәтті-сүт өнімдерін рацоннан алып тастайды),
соңынан №1б және 1 диетасына дәрігердің тағайындауы бойынша
көшеді.
Қалыпты тамақтандыруды реттеу үшін сырқаттың асқазаны
кесілгеннен кейін, кіші асқазан пайда болуын ескере отырып, әрбір 2
сағат сайын тағам қабылданатын қоректендіру режимі жасалады.
ІV. Тоқ ішегіне жасалған операциядан кейін науқасты
тамақтандыру.
4. Бірінші күннен бастап, науқасқа аздап су ішуге рұқсат етіледі.
Алғашқы 3 тәулікте асқорыту жолдарынан тыс қоректендіру
тағайындалады.
5. 4-ші күннен бастап - №1 диетасы кейіннен №1б және №1
диетасына көшіріледі. Дәрігердің тағайындауы бойынша №4-ке
дейін кеңейтеді.
Қорытынды
Тамақтандыру туралы ғылым маңызды
бірқатар теориялық және тәжірибелік
дағдыларды қамтиды. Осы мәселелерді
көптеген принципиальді жақтарын
медицинаның физиология және тамақтану
гигиенасы, диетология және т.б сияқты
пәндер зерттейді. Науқастарға жалпы
күтім жасауда, емдік тамақтандыруды
ұйымдастырудың негізгі мәселелерін ашып
көрсету, жасанды тамақтандыру
қағидаларын баяндау дұрыс болады.

Ұқсас жұмыстар
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы
Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтарын ұйымдастыру
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы
Хирургиялық науқастардың тамақтануы науқастардың тамақтану
Операциядан кейінгі кезең
Емдеу қорғау тәртібі
Пульмонология бөлімшесінің мейіргерінің міндеттері
Эндовидиохирургия
Қант диабеті бар пациенттерді АББ бойынша бақылау
Пәндер