Шымкент қаласының экологиясы




Презентация қосу
Шымкент қаласының
экологиясы

О Р Ы Н Д А Ғ А Н : С Ұ Л ТА Н Х А Н М А Д И Н А
Шымкент қаласы жайлы

Шымкент — Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының
орталығы. Тұрғыны шамамен 683 273 адам (2014 жыл) Қазақстанның
басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында
(Алматы мен Астанадан кейін). Осымен қатар, Шымкент
Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының
бірі болып табылады.
Экологиясы
Мамандар сөзіне жүгінсек, шаһар
ауасының ластануына қорғасын зауыты
мен цемент зауытын біріктірген
«Южполиметалл» өндірістік
корпорациясы АҚ-ның тигізер залалы
көбірек көрінеді.
Ғалымдар ауа мен топырақ қыртысының
залалдану дәрежесіне қарай қала
аумағын шартты түрде төрт аймаққа
бөліпті. Тұрғындар денсаулығы үшін ең
қауіпті аймақ зауыт қабырғасынан
бастап есептегенде екі шақырымға
дейінгі жер. Мұнан әрі қарай төрт, алты,
сегіз шақырым қашықтықтағы
аймақтардың зияндылық деңгейі азая
береді екен.
Соңғы жылдары «Фосфор»
ШӨБ- не жақын жатқан 46
гектар бау- бақша құрғап кеткен.
Ағаш жапырақтардың
құрамында фосфор мөлшерінің
көптігінен жібек құрты олармен
қоректене алмайды. Сонымен
қатар жайылымдық жерлер де
қатты ластанған. Мұндағы мал
жаңбыр жаумаса амалсыз
фосфорлы шөпті жейді. Ал бұл
Уланған және сапасыз еттің
пайда болуына әкеліп, халықтың
денсаулығына кері әсер етіп
отыр.
Шымкент Қорғасын зауытының аумағы
мен оның өндіріс қалдықтары
ластанудың негізгі көзі болып отыр.
Қорғасын зауыты атмосфераға жыл
сайын ластандырушы ауыр заттарды
1660 т. Қорғасын 677,7 т.күкіртті
ангидрит 18 мың т. Көмірқышқыл 21
000 т. және табиғатты ластандырушы
заттардан 0.47 т.шығарады. Зауыттан
1.5 қашықтықта топырақ жамылғысын
зерттеу барысында кадмий мөлшері 40
есе көп болғаны анықталды. Өндірістің
өте қауіпті қалдығы- кальций арсенаты
болып табылады. Улылығы жағынан
бұл адам ағзасының жасушасын
зақымдайды.
Жоғарыда аталған
өндіріс орындарынан
шыққан улы
газдардың
атмосфераға
таралуынан ауаның
ластануы нәтижесінде
көптеген аурулар
пайда болған.Атап
айтқанда: рак ауруы,
жоғары тыныс алу
аурулары тарап отыр.
Шымкент қаласының экологиясы үшін
тағы бір басты мәселе тұрмыс
қалдықтарын өңдеу болып тұр. Қала күн
санап кеңейіп, қоқыс тасталатын жерлерге
жеке меншік үйлер көптеп тұрғызылып
жатыр. Қаланың әлеуметтік жағынан аз
қамтылған тұрғындары үшін салынған
«Достық» мөлтекауданы қоқыс тасталатын
аймаққа тиіп тұр. «Достықтың» бой
көтеруіне мұрындық болған қала әкімі
шетелден қоқыстарды өңдейтін озық
технологиялы зауыт әкеліп орнатамыз деп
уәде берген еді. Одан бері екі әкім ауысты.
Зауыт мәселесі де бірте-бірте ұмыт бола
бастады. Қазір бұл жайлы ешқандай
әңгіме де көтеріліп жүрген жоқ. Осы
аймақтағы қаланың қалдық суын өңдеу де
кезекте тұрған мәселе.
Шымкент қаласының
ластануына алып келген
жағдайлардың бірі-
автокөліктің көптігі. Егер,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазақстанның экологиялық
жағдайы нашар алты өңірдің
біріне жатса, Шымкент
қаласы автокөлік түтінімен ең
жоғары ластанған қалалардың
үштігіне кіреді. Автокөлік
санының артуы, әсіресе
облыс орталығында, ерекше
алаңдаушылық тудырады.
Қорыта келгенде, Шымкент қаласы
табиғат жағдайы қайталанбас,
әсемдігінің алуан түрлілігімен
ерекшеленетін аумақ болғандықтан,
ондағы біртұтастықты сақтау үшін
тез арада нақты ғылыми негізделген
шаралар ұйымдастыру мен
қолдануды және аймақ
табиғатының байырғы көріністерін
қалпына келтіруді талап етеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан қалаларының экологиясы
ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ
Табиғатты қорғаудың мақсаты - экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Ақтөбе қаласы
Шымкент - Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы
Шымкент
Шымкент қала атауының мағынасы
Алматы қаласы
Ресми тілі қазақ тілі
Пәндер